143
Өкпенің қосалқы қызметтері. Өкпе өзінің негізгі міндетінен басқа
бірнеше қызмет атқарады. Өкпеде қанға өтіп кеткен əртүрлі бөгде заттар,
бұзылған торшалар, майдың микротамшылары сүзіледі де, арнаулы
ферменттердің əрекетімен жойылады, тромбопластин мен гепариннің көп
мөлшері түзіліп, ол қанды ұйыту-ұйытпау процестерінде маңызды рөл
атқарады. Өкпенің май мен су алмасуында да маңызы зор. Өкпеге қан
арқылы келіп түскен липопротеиндер, моноглицеридтер жəне май
қышқылдары липопротеазалар əсерімен торшалар митохондрияларында
тотығып, олардан көп мөлшерде энергия бөлінеді. Сонымен қатар өкпеде
фосфолипидтер мен глицерин түзіледі. Өкпе альвеолаларының шұрайлы
торшаларында белоктарды, ал капиллярлар эндотелийінде майларды
ыдырататын ферменттер синтезделеді.
Тəулігіне сауын сиырдың өкпесі арқылы 10 л жуық су буланады. Ауаның
температурасы жоғарылаған жағдайда өкпе арқылы буланатын су мөлшері
артады. Демек, өкпе жылуды реттеуде маңызды рөл атқарады.
Өкпе ацетилхолин, серотонин, кининдер, Е жəне Ғ тобының
простагландиндері сияқты биологиялық белсенді заттарды сіңіріп,
бейтараптауда маңызды рөл атқарады. Өкпеде қан тамырларын тарылтатын
заттар (ангиотензиндер), гистамин, кейбір простагландиндер белсенді түрге
айналады.
Достарыңызбен бөлісу: