Жануар физол



Pdf көрінісі
бет118/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   504
Ұлпадағы газ алмасу. Ұлпаларда да газ алмасу процесі газдардың үлес 

қысым айырмасына сəйкес жүреді.  

Торшаларда тотығу процесінің əсерінен көмір қышқыл газы түзіліп, оның 

үлес  қысымы  с.б.  60  мм-ге  дейін  көтеріледі.  Ұлпалық  сұйықта  бұл  газдың 

қысымы  46  мм,  ал  ағзаға  келетін  қанда  -  40  мм.  Сондықтан  диффузия 

заңдылығына  сəйкес  СО

торшалардан  ұлпалық  сұйыққа,  одан  əрі  қанға 



өтеді. Ағзалардан шығатын қанда көмірқышқыл газының үлес қысымы оның 

ұлпа сұйығындағы деңгейіне дейін көтеріледі. 

Дене  торшалары  оттегіні  өте  қарқынды  сіңіреді,  сондықтан  оның 

ұлпадағы үлес қысымы нөльге тең. Ұлпалық сұйықта оттегінің қысымы 20-

40  мм,  ал  артерия  қанында  95-100  мм шамасында  сақталады.  Осыдан  оттегі 

қаннан ұлпалық сұйыққа толассыз өтеді де, вена қанындағы оның қысымы 40 

мм  дейін  төмендейді.  Ұлпалар  қандағы  оттегінің  40  пайызын  ғана  сіңіреді, 

демек вена қанының құрамында 12 көлем пайыз оттегі сақталады. 

Ұлпалардың  оттегіні  сіңіру  қабілеті  ағзалардың  физиологиялық  күйіне 

байланысты  өзгеріп  отырады.  Қызмет  үстіндегі  ағзалардан  шыққан  қан 

құрамында  тыныштықтағы  органдар  қанымен  салыстырғанда  оттегінің 

мөлшері  азырақ.  Артерия  қанындағы  оттегінің  пайызбен  өлшегенде 

ұлпаларға  өткен  мөлшерін  оттегіні  пайдалану  (сіңіру)  коэффициенті  деп 



 

148


атайды.  Оны  анықтау  үшін  артерия  қаны  мен  вена  қанындағы  оттегі 

мөлшерінің  айырмасын  тауып,  100-ге  көбейтеді  де,  оттегінің  артерия 

қанындағы  мөлшеріне  бөледі.  Бұл  коэффициент  тыныштық  жағдайда  30-40 

пайызға,  ауыр  жұмыс  атқарғанда  -  50-60  пайызға  дейін  жетеді.  Ағзалардың 

оттегіні  сіңіру  қабілеті  іске  қосылған  капиллярлар  санына  қарай  өзгеріп 

отырады.  Жұмыс  үстінде  түзілетін  сүт  қышқылы,  көмір  қышқылы  сияқты 

ыдырау  өнімдері  мен  температураның  жоғарылауы  ағзалардың  оттегіні 

сіңіру қабілетін күшейтіп, оттегіні пайдалану коэффициентін жоғарылатады. 

Жануарлар  бұлшық  етінде  қызыл  түсті  ерекше  тыныс  пигменті-

миоглобин кездеседі. Ол негізінен ұзақ уақыт ырғақты жиырылатын еттерде 

(құстардың 

қанат  еттерінде,  жүрек  еттерінде,  шайнау  еттерінде) 

жинақталады. Бұл еттер жиырылғанда капиллярлар қысылып, қан айналымы 

нашарлайды.  Миоглобиннің  оттегі  қорын  жинауының  арқасында  жиырылу 

жағдайындағы  еттер  оттегі  тапшылығына  ұшырамайды.  Еттер  босаңсыған 

кезде ұлпаларға өткен оттегі тек биологиялық тотығу процесін жүргізу үшін 

ғана емес, миоглобинді қанықтыру үшін де пайдаланылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет