Ұлпалық тыныс - торшалардың оттегіні сіңіріп, көмір қышқылын бөлу
процестерімен сипатталады. Ол күрделі химиялық реакциялар тізбегі болып
табылады да, нəтижесінде торшалар мен ұлпаларда қоректік заттар
тотығып, соңғы ыдырау өнімдері - су мен көмір қышқыл газы бөлінеді.
Органикалық заттардың торшалар мен ұлпаларда тотығу процесі
көптеген ферменттердің қатысуымен жүреді. Организм торшаларында
цитохромдар (оксидазалар) деп аталған ферменттер болады. Олар флавин
ферменттерінің оттегімен
өзара əрекеттесуін қамтамасыз етеді.
Цитохромдар күрделі пигментті белоктар - хромопротеидтерге жататын
катализаторлар тобынан құралады. Олардың белоксыз құрамасында гемге
ұқсас темірлі заттар болады. Цитохромдар оттегі мен флавин
ферменттерінің арасындағы арнаулы дəнекерлер. Олардың əрекетімен əрбір
молекулаға төрт электрон беріледі де, оттегі төрт протонмен қосылып, су
түзеді. Бұл процесті мына схема түрінде бейнелеуге болады (60-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |