149
электронды қабылдау арқылы темір екі валентті күйге көшеді.
Цитохромдардағы темір атомдары валенттілігінің өзгеруі сутегі иондарын
(протондарды) қосып алу, немесе бөлумен қосарланбайды. Сондықтан
цитохромдарды сутегінің тасымалдаушысы ретінде қарамау керек, олар
электрондарды тасымалдаушы болып табылады. Электрондар бір
цитохромнан
екінші
цитохромға
ауыса
отырып,
ең
соңында
цитохромоксидазаға беріледі. Цитохромоксидазаның қалыпты түрі оттегі
молекуласымен əрекеттесе отырып, оған электронды береді де, су түзуге
мүмкіндік туғызады.
Көмір қышқыл газы органикалық қышқылдардан карбоксил тобын бөлу
(карбоксильсіздеу) нəтижесінде түзіледі. Бұл реакция декарбоксилаза
ферментімен жанданады. Оттегіні сіңіру мен көмір қышқыл газын бөлу
процестерінің арасындағы тəуелділік бета– кетоқышқылдарға тіреледі. Олар
түрлі органикалық заттардың (көмірсулардың, майлардың, амин
қышқылдарының) тотығуы нəтижесінде пайда болады. Тотығу процесі
кезінде сутегінің басты қабылдаушысы (акцепторы) ауадағы оттегі болып
табылады. Сол себепті оттегіні сіңірмей көмір қышқыл газының көзі болып
табылатын кетоқышқылдар түзілмейді. Бұл процестер мына реакция түрінде
бейнеленеді:
R–СО–СООН + Н
2
О – Н
2
СООН+СО
2
Достарыңызбен бөлісу: