Жануар физол


 Тыныс органдарының организмнің басқа жүйелерімен



Pdf көрінісі
бет128/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

7.7. Тыныс органдарының организмнің басқа жүйелерімен 

байланысы 

Тыныс  органдары  организмді  оттегімен  қамтамасыз  ете  отырып,  көмір 

қышқыл  газын  бөлу  арқылы  гомеостазды  қалыптастыруға  қатысады. 

Артерия  қанындағы  оттегі  мен  көмір  қышқыл  газы  мөлшерінің,  сутектік 

көрсеткіштің  (рН)  тұрақтылығын  сақтауда  тыныс  алу  жəне  қан  айналым 

жүйелерінің  арасындағы  үйлестіктің  маңызы  зор.  Мысалы,  дене 

жұмысының  бастапқы  кезінде  байқалатын  артерия  қанының  оттегімен 

қанығу  дəрежесінің  төмендеуі  осы  аталған  екі  жүйенің  қызметтеріндегі 

үйлесімсіздіктен  туындайтын  құбылыс.  Жұмыс  барысында  орталық  жүйке 

жүйесінің  əсерімен  жүрек  пен  тыныс  органдарының  қызметінде 

үйлесімділік  калыптасып,  өкпенің  желдетілу  қарқыны  мен  қан  айналым 

арасында сəйкестік пайда болады. 

Тыныс ағзалары мен қан айналым жүйесінің арасында тығыз анатомиялық 

ықпалдастық  та  бар.  Жүрек  көкірек  қуысында  оң  жəне  сол  өкпелердің 

арнаулы  ойысында  орналасады.  Өкпенің  тоқтаусыз  желдетілуі  салдарынан 

оның  температурасы  жүрек  еттерінің  температурасынан  төменірек.  Сол 

себепті өкпе жүрек еттерінің жылуын сіңіріп, оны шектен тыс қызып кетуден 

сақтайды. Сонымен қатар, өкпеқап (плевра) қуысындағы теріс қысым қанды 

вена  тамырларынан  оң  жақ  жүрекшеге  қайтаратын  маңызды  фактор.  Дем 

алғанда құрсақ қуысындағы қысым жоғарылайды да, ас қорыту ағзаларынан 

қанның  қайтуы  жеңілдейді.  Көкірек  қуысының  теріс  қысымының  əсерінен 

қан  айналымның  үлкен  шеңберіндегі  қан  сорылып,  кіші  шеңбер  тамырлары 

қанға  толады.  Бұл  тыныс  алу  органдары  мен  қан  айналым  жүйесінің 

арасындағы  тығыз  байланыстың  айғағы.  Сонымен  қатар,  қан  қысымы 

көтерілсе,  күре  тамырдың  рефлекстік  аймағының  тітіркенуіне  байланысты 

тыныс сирейді, ал төмендесе - жиілейді. 

Тыныс  органдары  дене  жылуын  реттеу  процестеріне  де  қатысады.  Өкпе 

тыныстық  ауаны  жылыту  үшін  біршама  жылу  энергиясын  шығындайды. 

Өкпе  арқылы  бу  түрінде  бүкіл  денеден  шығарылатын  жылудың  10  пайызға 

жуығы  бөлінеді.  Тыныс  жолдарының  салқын  ауамен  тітіркенуінен  рефлекс 

түрінде дене қызуы көтеріледі. 



 

157


Ас  қорыту  ағзалары  мен  тыныс  жүйесінің  арасында  да  тығыз  байланыс 

байқалады. Тыныс қимылдары мен көкеттің жиырылуы бауыр, қарын сияқты 

ағзаларға физиологиялық массаж ретінде əсер етіп, олардың қан айналымын 

жақсартады, лимфа мен өттің ағуын жеңілдетеді. Көкеттің жиырылуы нəжіс 

бөлу  (дефекация)  процесін  жеңілдетеді.  Қарын  шектен  тыс  тола  керілсе 

(газдар  жиналғанда),  көкетті  қысып,  тынысты  тарылтады.  Өкпе  арқылы  ас 

қорыту жолында түзілген кейбір газдар (сутегі, шалшық газы т.б.). бөлінеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет