153
факторлар болып табылады. Тыныс орталығының қозғыштығына қандағы
сутегі иондарының концентрациясы да əсер етеді.
64-сурет. Фредерик тəжірибесі
Тыныс орталығына автоматизм қасиеті де тəн. Сопақша миды
оқшаулағанның өзінде орталықта қозу толқындары туындай береді. Бұл
қасиетті 1882 жылы И.М.Сеченов ашқан. Орталық автоматизмі жүйке
торшаларында зат алмасу процесінің қарқынды жүруімен байланысты. Зат
алмасу кезінде түзілген СО
2
сол торшалардың өзіне əсер етіп, қозу толқынын
тудырады. Бұл баяндалған жайдан тыныс орталығы өкпеден, қабырға аралық
еттерден, көкеттен келетін афференттік қозу толқындарынсыз-ақ қалыпты
қызметін атқара береді деген түсінік тумау керек.
Организмнің тыныс алуы сыртқы орта жағдайларына бейімделе өзгеріп
отырады. Бұл үлкен ми жарты шарларының бағыттауымен жүретін
құбылыс. М.В.Сергеевскийдің пікірлеріне сəйкес ми қыртысының
торшалары көмір қышқыл газына өте сезімтал. Тыныстың жиілігі мен
тереңдігіне шартты рефлекстер қалыптастыруға болады. Тыныс ырғағы
түрлі эмоциялардың əсерімен де өзгереді. Бұл мысалдар тынысқа үлкен ми
жарты шарларының əсері болуының айғағы.
Достарыңызбен бөлісу: