Жануар физол


 Əр түрлі жағдайлардағы тыныс ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет125/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   504
 

7.6. Əр түрлі жағдайлардағы тыныс ерекшеліктері 

Дене  жұмысының  тынысқа  əсері.  Дене  жұмысы  кезінде  организмнің 

оттегіге  мұқтаждығы  артады.  Проприорецепторлардың  (ет,  сіңір,  буын 

рецепторлары)  тітіркенуінің  салдарынан  өкпенің  желдетілуі  күшейеді,  қан 

деполары  жиырылып,  қан  құрамындағы  эритроциттердің  саны  көбейеді, 

қанның  оттектік  сиымдылығы  артады.  Осының  нəтижесінде  ағзалар  мен 



 

154


ұлпаларды  оттегімен  жабдықтау  жақсарып,  зат  алмасу  өнімдерінің,  оның 

ішінде көмірқышқыл газының денеден бөлінуі жылдамдайды. 

Дене жұмысы кезінде өкпенің желдетілуі түрлі гуморальдық заттардың, 

əсіресе  бұлшық  еттер  мен  қанда  жиналатын  сүт  қышқылының,  əсерінен 

күшейеді.  Сүт  қышқылы  көмір  қышқылын  оның  натрийлі  жəне  калийлі 

қосылыстарынан  ығыстырып  шығарады.  Осының  салдарынан  қан 

құрамында  көмір  қышқыл  газының  мөлшері  арта  түседі  де,  ол  тыныс 

орталығы мен хеморецепторларға əсер етеді. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

65-сурет. Оттектік борыш 

 

Дене жұмысы кезінде оттегінің тапшылығына байланысты сүт қышқылы 



соңғы  ыдырау  өнімдеріне  -  Н

2

О  мен  СО



2

-ге  ажырап  үлгермейді  де, 

организмде  жинақтала  береді.  Денеде  жиналған  сүт  қышқылының  толық 

тотығу процесі, одан қайтадан жүзім қантының түзілу реакциялары жұмыс 

аяқталған  соң  демалыс  кезінде  жүреді.  Организмнің  бұл  күйін  оттектік 

борыш  деп  атайды    (65-сурет).  Сол  себепті  жұмыс  аяқталғаннан  кейін  де 

біршама  уақыт  ентігу  байқалады.  Бұл  организмнің  оттегіге  деген 

мұқтаждығын  жойып,  сүт  қышқылының  ақырғы  ыдырау  өнімдеріне  дейін 

тотығуына мүмкіндік береді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет