орталығының қозғыштық қабілетін сақтауға мүмкіндік береді.
155
альвеола ауасындағы оттегінің үлес қысымы азаяды. Сол себепті қандағы
оттегі кеміп, организмде оның тапшылығы байқалады. Мысалы, теңіз
деңгейінен 3,4- 4,5 км биіктікте атмосфералық қысым с.б. 500-540 мм, ал
альвеола ауасындағы оттегінің үлес қысымы 60-65 мм шамасында
қалыптасады. Бұл жағдайда қан оттегімен 80-85 пайыз деңгейінде қанығады.
4,5-5,5 км биіктікте - биіктік, немесе тау дерті байқалады: жоғары дəрежелі
жүйкелік қызмет, тыныс алу мен қан айналым жүйелерінің реттелуі бұзылып,
мал ентігеді, тез болдырады, оның көру жəне есту қабілеті төмендейді. 6-7 км
биіктікке көтерілу өмір үшін қауіпті.
Жоғары биіктікте организм тек қана оттегінің тапшылығынан ғана емес,
қан мен ұлпаларда СО
2
-нің азаюынан да жапа шегеді. Ентігудің əсерінен
гипокапния туындайды. Тыныстың жиілеуінің салдарынан альвеола ауасы
мен қандағы көмір қышқыл газы азаяды да, тыныс орталығының
қозғыштығы төмендеп, тыныс сирейді.
Организмде, немесе оның жеке ұлпаларында оттегінің жетіспеуін
гипоксия деп атайды. Гипоксия көп жағдайда қан құрамында оттегінің
жетіспеуінің (гипоксемия) салдарынан туындайды.
Гипоксия оны тудырған себептерге қарай бірнеше түрге бөлінеді.
1. Тыныстық гипоксия қанның өкпеде оттегімен толық қанықпауының
салдарынан туындайды. Оған тыныстық ауада оттегінің жетіспеуі, өкпенің
қабынуы, тынысты реттеу тетіктерінің бұзылуы себеп болады.
2. Айналымдық гипоксия жеке ағзалар мен ұлпалардағы қан айналымы
бұзылған жағдайда байқалады. Гипоксияның бұл түрі жүрек пен тамыр
ауруларының салдарынан капиллярлардағы қан айналымы бұзылғанда
сезіледі.
3. Анемиялық гипоксия эритроциттер саны азайғанда, қандағы
гемоглобиннің мөлшері төмендегенде байқалады.
4. Гистотоксикалық гипоксия ұлпалар мен торшалардың оттегіні
сіңіру қабілеті төмендегенде, мысалы, цианидтермен уланғанда туындайды.
Жоғары биіктікте ұзақ уақыт болғанда организм оттегі үлес қысымының
төмендеуіне бейімделеді (акклиматизация). Биіктікке баяу көтерілгенде
жүрек жұмысы жиілеп, оның минуттық көлемі көбейеді де, айналымдағы
қанның мөлшері өседі, эритроциттердің саны артып, қанның оттектік
сиымдылығы жоғарылайды, өкпенің желдетілуі жақсарады. Акклиматизация
кезінде ұлпалардың, əсіресе орталық жүйке жүйесінің оттегі тапшылығына
сезімталдығы төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: