Жануар физол


 Ас қорыту ағзаларының қызметі



Pdf көрінісі
бет136/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   504
8.2. Ас қорыту ағзаларының қызметі 

Ас  қорыту  процесі  шартты  түрде  алдыңғы,  ортаңғы  жəне  соңғы 

бөлімдерге бөлінетін ағзалар жүйесінде өтеді. Алдыңғы бөлімге ауыз қуысы 

мен  жұтқыншақ,  өңеш;  ортаңғы  бөлімге  -  қарын  мен  ащы  ішек,  ал  соңғы 



бөлімге  -  тоқ  ішек  жатады.  Сілекей  бездері,  ұйқы  безі,  бауыр  да  ас  қорыту 

жүйесі құрамына енеді. 

Ас  қорыту  жолының  алдыңғы  бөлімінде  азықты  қабылдау,  шайнау, 

сілекеймен  шылау  жəне  жұту  процестері  жүрсе,  ортаңғы  бөлімде  қоректік 

заттар  негізгі  химиялық  өңдеуден  өтіп,  ыдырау  өнімдері  денеге  сіңеді,  ал 



 

166


соңғы  бөлімде  қоректік  заттардың  қорытылмаған  қалдықтары  ыдырап,  су 

мен минералды тұздар сорылады, нəжіс пайда болады. 

Жалпы  алғанда  ас  қорыту  жүйесі  органдарына  секрециялау  (сөл  бөлу), 

қимылдау  (моторлық),  сіңіру,  бөлінділеу  (экскреция)  жəне  биологиялық 

белсенді заттар түзу сияқты қызметтер тəн. 

Секрециялау (түзінділеу) қызметі ас қорыту жолына түрлі сөлдер бөлетін 

бездердің  жұмысымен  байланысты.  Мысалы,  сілекей  бездері  -  сілекей, 

қарын бездері қарын сөлі мен шырыш, ұйқы безі - ұйқы безінің сөлін, бауыр 

- өт, ішек бездері (Либеркюн жəне Бруннер бездері) – ішек сөлін бөледі. Ас 

қорыту сөлдері қабылданған азықты бөктіріп, құрамындағы ферменттердің, 

қышқылдардың, сілтілердің əсерімен қоректік заттарды ыдыратады. 

Ас  қорыту  жолының  қимылдау  қызметі  қарын  мен  ішектің 

қабырғасындағы  етті  қабаттың  əрекетіне  байланысты.  Бұл  еттердің 

жиырылып–босаңсуы  қабылданған  азықтың  ас  қорыту  сөлдерімен  жақсы 

араласуына, шайқалуына, олардың ас қорыту жолымен жылжуына мүмкіндік 

береді. 

Ас  қорыту  жолының  сіңіру  қызметі  кілегей  қабықтың  құрылымдық 

ерекшеліктеріне  жəне  арнаулы  əрекетіне  байланысты.  Кілегей  қабық 

биологиялық  мембрана  қызметін  атқарып,  ішек-қарын  қуысынан  қан  мен 

лимфаға  судың,  минеральды  тұздардың,  дəрмендəрілердің,  белоктардың, 

көмірсулардың, майлардың ыдырау өнімдерінің өтуін реттеп отырады. 

Соңғы  кездегі  деректерге  сəйкес  ас  қорыту  органдарына  гормон  түзу 

қызметі  тəн.  Ас  қорыту  жолының  кілегейлі  қабығындағы  арнаулы 

эндокриндік  торшалар  түрлі  биологиялық  белсенді  полипептидтер  бөледі. 

Олар  осы  жүйенің  қимылдау,  секрециялау  жəне  басқа  да  қызметтерін 

реттеуге қатысады. Мысалы, қарынның пилорус бөлігі мен ұлтабар ұшында 

бөлінетін  гастрин  қарында  тұз  қышқылының  бөлінуін  үдетіп,  қарын  мен 

ішектің  жиырылуын  күшейтеді.  Ұлтабар  ұшында  (12  елі  ішек)  түзілетін 



секретин  ұйқы  безі  сөлінің,  өттің  бөлінуін  күшейтеді.  Аш  ішекте  бөлінетін 

вилликинин  ішек  бүрлерінің  жиырылуын  күшейтіп,  қоректік  заттардың 

ыдырау  өнімдерінің  сорылуын  жақсартады,  т.с.с.  Бұл  пептидтердің  біразы 



(гастрин,  секретин,  холецистокинин)  таза  гормондарға,  ал  кейбір 

қосылыстар  -  гормон  тəрізді  заттар  тобына  жатады.  Ас  қорыту  жолында 

гипоталамуста  түзілетін  кейбір  пептидтер  де  (соматостатин,  нейротензин

т.б.) бөлінеді. Бұл құбылыстың мəні əлі белгісіз. 

Ас  қорыту  органдары  организмге  қажетсіз  кейбір  заттарды  бөлінділеу 

(экскрециялау) процесіне де қатысады. Олар қан құрамынан өз қуысына зат 

алмасу  процесі  кезінде  түзілген  кейбір  өнімдерді  өткізіп,  оларды  денеден 

бөліп шығаруға жəрдемдеседі. Зат алмасу процесінің қажетсіз аралық жəне 

соңғы  өнімдері  ішек  -қарын  қуысына  сөл  жəне  жалқаяқ  (транссудат) 

құрамында  бөлінеді.  Əр  орган  тек  өзіне  ғана  тəн  бөлінділеу  қызметін 

атқарады.  Мысалы,  йод,  калий,  натрий  сияқты  элементтер  сілекей  арқылы 

шығарылса,  несепнəр,  зəр  қышқылы,  сүт  қышқылы,  белоктар  -  қарын  мен 



 

167


ішек  қабырғалары  арқылы,  ал  йодты  калий,  белоктар  мен  бояулар  -  ұйқы 

безі  мен  бауыр  арқылы  бөлінеді.  Қазіргі  кездегі  деректерге  қарағанда  ішек 

сөлі  құрамында  организмнен  сумен  бірге  липидтер,  фосфолипидтер, 

нуклеопротеидтер,  С  дəрмендəрісі,  натрий  хлоридтері  жəне  натрий 

карбонаттары сияқты заттар бөлінеді. Жоғарыда баяндалған жайлар қан мен 

ас  қорыту  органдарының  арасында  алмасу  процесінің  өте  қарқынды 

жүретінінің айғағы. Егер ішек–қарын қуысында белгілі бір заттың мөлшері 

азайып кетсе, онда ол қаннан ас қорыту жолына өтеді, ал, керісінше, көбейе 

бастаса,    тезірек  қанға  сіңеді.  Осындай  зат  алмасу  процесінің  арқасында 

қарын  мен  ішек  қуысындағы  жынның  құрамы  айтарлықтай  тұрақты 

жағдайда  сақталады.  Сол  себепті  кездейсоқ  жарақаттардың  салдарынан 

малдың  жыны  сыртқа  ағып  кетсе,  оның  организміндегі  зат  алмасу  процесі 

бұзылып,  қанның  құрамы  өзгереді  де,  торшалар  мен  ұлпаларға  қолайлы 

жағдайлар нашарлап, мал өледі. 

Қорыта келгенде, ас қорыту органдары өзінің күрделі қызметі арқасында 

қабылданған қоректік заттарды бойға тез сіңетін қосылыстарға айналдырып, 

организмдегі  зат  алмасу  процесінің  қалыпты  жағдайда  жүруіне  жағдай 

тудырады. Сол себептен де ас қорыту процесін организмдегі зат алмасудың 

алғашқы  сатысы  деп  те  атайды.  Ал  мал  өнімділігінің  негізінде  зат  алмасу 

процесінің  қарқыны  жатады.  Қабылданған  азықтың  жұғымдылығы,  мал 

өнімділігіне  əсері  оның  қорытылу  жылдамдығына,  сіңу  қарқынына  тікелей 

байланысты.  Осыған  орай  мал  өнімділігін  қажетті  бағытта  арттыру,  оның 

шаруашылыққа  тиімді  қасиеттерін  ұтымды  дамыту  үшін  организмдегі  ас 

қорыту  процесінің  жалпы  заңдылығын  жақсы  білген  жөн.  Сонымен  қатар 

азықтандыру  мəселесін  дұрыс  ұйымдастыру  үшін  əр  түліктің  ас  қорыту 

ерекшеліктерін білу керек. Барлық малда ас қорыту органдарының құрылым 

принципі бірдей болғанымен, əр түлік малдың азықты қабылдаудан бастап, 

оның  қорытылмаған  қалдығын  бөліп  шығаруға  дейін  тек  өзіне  ғана  тəн 

ерекшеліктері болады. Тағы бір көңіл аударар жағдай, организмде ас қорыту 

органдары  біртұтас  жүйе  құрғанымен,  ол  құрылымы  мен  əрекеті  жағынан 

айтарлықтай  ерекшеліктері  бар  түрлі  бөлімдерге  бөлінеді.  Мысалы,  ауыз 

қуысы,  қарын,  ащы  ішек  жəне  тоқ  ішек.  Аталған  органдар  бірімен-бірі 

жалғасып  жатқанымен,  өзара  не  қысқыш  (сфинктер),  не  қақпақша  арқылы 

бөлінеді. Бұл органдардың əрқайсысында өзіндік орта қалыптасады да, соған 

сай  күрделі  биохимиялық,  микробиологиялық  процестер  жүреді.  Осыған 

орай  оқулықта  ас  қорыту  органдарының  əр  бөлімінің  құрылымы  мен 

қызметінің ерекшеліктеріне тоқтаймыз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет