Жануар физол



Pdf көрінісі
бет134/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

1. Торшалық ас қорыту. Ол түрлі тығыз немесе сұйық заттарды торша 

ішіне  сіңіріп,  оларды  цитоплазма  ферменттерінің  əсерімен  ыдырату 

процестеріне  негізделген.  Демек,  фагоцитоз  (тығыз  заттарды  сіңіру)  жəне 

пиноцитоз  (сұйық  тамшыларды  сіңіру)  құбылыстары  осы  торшалық  ас 

қорытудың  көрінісі.  Ас  қорытудың  бұл  түрі  бір  торшалы  қарапайым 

жануарларға тəн. 

2.  Торшадан  тыс  ас  қорыту.  Көптеген  қоректік  заттар  молекуласының 

мөлшері  торшалар  мөлшерінен  əлдеқайда  үлкен  келеді.  Сондықтан  оларды 

ыдырату  процестері  маманданған  торшалардан  тыс,  олардың  сыртында 

жүреді.  Ас  қорытудың  бұл  түрі  қуыстық  жəне  мембраналық  болып  екіге 

бөлінеді. 

Қуыстық  ас  қорыту  қарын  мен  ішектің  қуысына  бөлінген  сөлдердің 

құрамындағы ферменттердің əрекетімен атқарылады. 



Мембраналық  ас  қорыту  торшалардың  сыртқы  бетінде,  олардың 

қабығына  (мембранасына)  тұтылған,  немесе  сол  мембрананың  құрамына 

енген  ферменттердің  əсерімен  жүреді.  Аталған  ферменттер  тек  қана  торша 



 

163


бетімен жанасқан қоректік заттарға ғана əсер етеді, сондықтан ас қорытудың 

бұл түрін жанаспалы, беткейлік  ас қорыту деп те атайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет