Жануар физол



Pdf көрінісі
бет138/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

70-сурет. Қарынға көбек (фистула) қою операциясының кезеңдері 

  

Таза  қарын  сөлін  алу  үшін  Р.Гейденгайн  мен  И.П.Павлов  оқшауланған 



қарын қалталарын жасау əдісін ұсынды (71-сурет).  

Гейденгайн  тəсілін  қолданғанда  жүйке  талшықтары  қиылып  кетеді  де, 

қарын  қалтасы  мен  негізгі  қарын  арасында  тек  гуморальды  байланыс  қана 

сақталады. Демек, қарын қалтасы негізгі қарында жүретін процестерді толық 

бейнелей алмайды. Осымен байланысты Гейденгайн тəсілінің кемшіліктерін 

ескере отырып, И.П.Павлов қарын қалтасын жасаудың жетілдірілген жолын 

ұсынды.  Оның  тəсілімен  дайындалған  қарын  қалтасы  мен  негізгі  қарын 

арасындағы  жүйке  байланысы  үзілмейді,  сондықтан  бұл  əдіс  қарын 

қызметінің заңдылықтарын толық ашуға мүмкіндік берді. 

 

 



               

 

                                          



 


 

169


И.П.Павлов пен оның оқушылары хирургиялық жолмен ас қорыту бездері 

өзектерін  (сілекей  бездері,  ұйқы  безі  т.  б.)  дененің  сыртына  шығару,  өңеш, 

қарын,  ішек  қабырғасына  көбек  орнату  əдістерін  ұсынды.  Арнаулы 

операциядан  өткен  мал  ұзақ  уақыт  бойына  тəжірибелерде  пайдаланылды, 

сондықтан И.П. Павлов бұл əдісті созылмалы тəжірибелер əдісі деп атады. 

 

 



 

                                             

 

 

 



 

 

 



 

 

71-сурет. Гейденгайн (А) жəне И. П. Павлов (Б) əдістерімен оқшауланған 

қарын қалтасын жасау схемасы: 1-оқшауланған қарын қалтасы; 2-қарынның 

кесілген жері; 3-кезеген жүйке тармағы; 4-негізгі қарын мен қарын қалтасын 

байланыстыратын жүйке-ет мойнағы; 5-оқшауланған қарын қалтасын 

қоректендіретін тамырлар орналасқан шарбы. 

 

Көбек  қою  əдісі  ас  қорыту,  зат  алмасу  процестерін  зерттеуде  кеңінен 



қолданылады.  Бұл  əдісті  малға  қолдану  жолдарын  жетілдіруде 

И.П.Павловтың  ізбасарлары  (А.Д.Синещеков,  А.А.Алиев  т.б.)  үлкен  үлес 

қосты.  Қазіргі  кезде  ас  қорыту  ағзаларының  қызметін  зерттеуде  күрделі 

биохимиялық,  гистохимиялық  тəсілдер  кеңінен  пайдаланылып  жүр.  Ас 

қорыту  ағзаларының  түрлі  қызметін  зерттеу  мақсатында  баллонграфиялық, 

радиотелеметриялық  əдістер  мен  күрделі  электр  аспаптары,  рентген 

сəулелері де қолданылады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет