Жануар физол


Сілекей  бөлу.  Сілекейдің  құрамы  мен  маңызы



Pdf көрінісі
бет141/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Сілекей  бөлу.  Сілекейдің  құрамы  мен  маңызы.  Сілекей  негізінен  үш 

жұп сілекей бездерінің - шықшыт, бұғақ жəне алқым бездері,  

 

 

 



 

 

 




 

173


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

                                                   



 

 

 

72-сурет. Сілекей бездері: 

 А  -  ірі  қара;  Б  -  қой;    В  –  шошқа;  Г  –  жылқы;    1-  шықшыт  безі  жəне  оның 

шығару өзегі (2); 3 - алқым  безі жəне    оның өзегі (4);    5 - үлкен бұғақ безі 

мен оның өзегі (6);    7 - кіші бұғақ безі; 8-үстіңгі ұрт безі;   9 - аралық ұрт   

безі;  10 - үстіңгі ерін бездері; 11 - төменгі  ерін бездері; 12 - ойыс вена; 13- 

шықшыт асты лимфа түйіні; 14 – алқымдық лимфа түйіні 

 

секреті  (72-сурет).  Аталған  бездермен  қатар  ауыз  қуысында  көптеген  майда 



бездер - тіл, таңдай бездері, орналасады. 

Сілекей  бездеріне  альвеолалық,  немесе  түтікше-альвеолалық  құрылым 

тəн.  Олар  сірнелі  жəне  шырышты  торшалардан  түзілген.  Осы  торшалардың 

арақатынасына  байланысты  сілекей  бездері  сірнелі  (серозалы),  шырышты 

жəне аралас бездер болып бөлінеді. 

Шырышты  бездерге  таңдай,  ұрт,  тіл  түбі  бездері,  сірнелі  бездерге 

шықшыт  бездері  мен  тілдің  бүйір  бетіндегі  бездер,  ал  аралас  бездерге  – 

бұғақ, алқым бездері мен ерін бездері жатады.    Шырышты бездер тұтқыр, 

муцинге бай сілекей, сірнелі бездер - сұйық, электролиттерге бай, құрамында 

белок пен ферменттері бар сілекей бөледі. 

Сілекей  бездерінің  қызметі  мен  сілекей  құрамын  И.П.Павловтың 

лабораториясында  Д.Л.Глинский  ұсынған  сілекей  безінің  өзегіне  көбек  қою 

əдісімен  зерттейді  (73-сурет).  Бұл  операцияны  орындау  үшін  итке  наркоз 

беріп,  оның  аузын  ашады  да,  сілекей  өзегі  ашылған  жерді  айналдыра 

сілекейлі  қабықты  тіледі.  Сілекейлі  қабық  пен  өзекті  біршама  жерге  дейін 

жабыса  жатқан  ұлпалардан  ажыратып,  ұртты  теседі  де,  сыртқа  шығарып, 

теріге  бекіте  тігеді.  Операциядан  кейін  сілекей  ауыз  қуысына  емес,  сыртқа 

бөлінеді.  

Бұл  тəсілді  малға  дəл  осы  күйінде  қолдануға    болмайды,  өйткені  оларға 

сілекей  бұлу  ерекшеліктері  тəн.  Ірі  қара  мен  жылқылардың  сілекей  өзегіне 



 

174


көбек қою үшін теріні сырт жағынан тіліп, өзекке Т - тəрізді түтікше бекітеді. 

Тəжірибеден  тыс  кезде  сілекей  ауыз  қуысына  бөлінеді  де,  тəжірибе  кезінде 

оны түтікше арқылы жинап отырады. 

 

  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет