Жануар физол


 Жалғыз бөлімді қарындағы ас қорыту



Pdf көрінісі
бет149/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

8.5.1. Жалғыз бөлімді қарындағы ас қорыту 

 

     Иттің  қарны  бір  бөлімді  ағза.  Пилорус  бөлімі  қысыңқы  жəне  созылыңқы 

келеді (79-сурет). Кардиалық аймақ жіңішке бөлім. Кілегей қабық ауданының 

тең жартысын қарын түбі алады. Қарынның жалпы сыйымдылығы 1,2-1,5 л. 

Өңештің қарынға жалғасқан жерінде кіреберісті жабатын етті тұзақ болады, 

ал пилорус пен ішекті - пилорус қысқышы бөліп тұрады. 

Ит  тəулігіне  0,6-1,5  л  қарын  сөлін  бөледі.  Қарын  сөлі  түссіз,  мөлдір, 

қышқыл  реакциялы  (рН  -  0,8-1,2),  шырышты  сұйық.  Сөлдің  қышқылдық 

реакциясы  оның  құрамында  тұз  қышқылының  (0,5-0,6  пайыз),  органикалық 

қышқылдардың, қышқыл реакциялы қосылыстардың болуына байланысты. 

Тұз  қышқылының  қарындағы  ас  қорытуда  маңызы  өте  зор.  Ол 

пепсиногенді  белсенді  пепсинге  айналдырады;  қарында  белоктарды 

ыдырататын  ферменттерге  қажет  тиімді  сутектік  көрсеткіш  деңгейін  (рН) 

сақтауға  мүмкіндік  береді;  бактерицидтік  қызмет  атқарады;  белоктарды 

ісіндіріп,  олардың  құрылысын  бұзып  (денатурациялап),  қорытылуын 

жеңілдетеді;  гастриннің  бөлінуін  тежеп,  секретиннің  бөлінуін  күшейтеді, 

пилорус рефлексін реттейді. 

 

 



 

Қарын  сөлі  құрамында  белоктар,  полипептидтер,  мукопротеидтер, 

несепнəр,  несеп  қышқылы,  амин  қышқылдары  түрінде  органикалық  жəне 

натрий, калий, магний, НСО

3



,  НРО



4

2–

,  SО



4

2– 


түрінде бейорганикалық заттар 

жəне  белоктар  мен  майларды  ыдырататын  ферменттер  болады.  Белокты 

ыдырататын ферменттер тобына пепсин, катепсин, реннин (химозин) жатады. 

79-ñóðåт.

 

Èт º-ðíûíû» ñåêðåöèÿëûº 



-éì-ºт-ðû: 

1-  ¼»åø;  2-  ê-ðäè-ëûº  áåçäåð  -éì-¹û;  3- 

ôóíä-ëüäûº (º-ðûí т¾ái) áåçäåð -éì-¹û; 4- 

ïèëîðóñ  áåçäåðiíi»  -éì-¹û;  5-ïèëîðóñ;  6-

½ëт-á-ð ½øû

 



 

184


    Пепсин  мен  реннин  эндопептидаздар  класына  жатады.  Олардың  бастапқы 

түрі  молекулалық  массасы  72  000-ға  тең  тарамдалмаған  жалғыз 

полипептидтік  тізбектен  түзілген  пепсиноген  болып  табылады.  Қышқыл 

ортада  тізбектің  N  -  ұшындағы  Лей

44

  –  Иле


45

  пептидтік  байланысының 

үзілуінің салдарынан пепсиногеннен молекулалық салмағы 3200 тең басытқы 

(белокты  кешен)  бөлінеді  де,  пепсин  пайда  болады.  Пепсиноген  бірнеше 

пептидаза қосындысы деген де болжам бар, сондықтан одан екі түрлі пепсин: 

пепсин-1  жəне  пепсин-ІІ  бөлінеді.  Пепсин  -  1-ге  тиімді  рН  -  1,8  -  2,2,  ал 

пепсин - ІІ-ге -3 - 3,5. 

Пепсин өсімдік белоктарына да, жануарлар белоктарына да əсер етеді. Ол 

ароматты  амин  қышқылдарының  (фенилаланин,  триптофан,  тирозин) 

карбоксил  тобының  пептидті  байланыстарын  өте  тез  ыдыратады  да,  басқа 

амин  қышқылдарына  баяу  əсер  етеді.  Оның  əрекетінен полипептидтер,  кіші 

молекулалы  пептидтер  жəне  амин  қышқылдары  түзіледі.  Қышқылдық 

деңгейі төмендесе (рН 3-тен жоғарылағанда) қарында белоктардың ыдырауы 

қиындайды. 



Реннин  (химозин,  мəйек  ферменті)  сүтті  ірітіп,  оның  құрамындағы 

белоктардың  қорытылу  процесін  бастайды.  Ол  жас  төлдерде  көп  бөлінеді. 

Құрылымы жағынан реннин пепсин-1-ге ұқсас, молекулалық массасы 40000 

жалғыз  пептидтік  тізбектен  тұрады,  бірақ  ол  əлсіз  қышқыл  жəне  бейтарап 

ортада əрекет ете алады. 

Қарын  сөлі  құрамында  липаза  ферменті  де  болады.  Бұл  əлсіз  фермент, 

қарынның 

пилорус 


бөлігіндегі 

негізгі 


торшаларда 

түзіледі. 

Ол 

эмульсияланған  майларға  (сүт  майына)  əсер  етіп,  оны  глицерин  мен  май 



қышқылына ыдыратады. 

Қарынның  көмкерме  торшаларында  В

12

  дəрмендəрінің  сіңуін  реттейтін 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет