Жануар физол



Pdf көрінісі
бет161/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

91-сурет. Ірі қара мес қарнының инфузориялары: 

1, 2- кірпікті инфузориялар; 3- 10- сирек кірпікті инфузориялар 

 

Күйісті  мал  қарнын  мекендейтін  инфузориялардың  өзі  бірнеше  түрге 



бөлінеді. Ірі қара қарнында олардың 60 түрі, қойларда - 30, бұғы мен ешкіде 

20 түрі кездеседі. Солардың ішінде кірпікшелі инфузориялар маңызды орын 

алады  (91-сурет).  Олардың  саны  малды  пішен  жəне  тамыр-түйнекті 

өсімдіктерден  тұратын  рационда  ұстағанда  көбейеді.  Малды  клетчатка  мен 

белоктарға  бай  азықтармен  жемдегенде  қарында  инфузориялардың  ірі 

түрлері, ал рацион құрамында крахмал молайғанда - майда түрлері басымдық 

алады. 

Инфузориялар денесінде  түзілген полисахаридтер     мал     үшін  маңызды 

қоректік  зат  болып  табылады,  ал  олардың  денесіндегі  белоктардың 

биологиялық құндылығы жоғары (70 пайыз) болады. 

Қарындағы  бактериялар  да  көптеген  түрлер  мен  топтарға  бөлінеді. 

Қарын  жынының  1  мл  10

9

-10


11

  шамасында  бактериялар  болады.  Олардың 

арасында  көп  тараған  түрлері  таяқша  жəне  домалақ  (кокка)  бактериялар

Бұл  бактериялар  азық  құрамындағы  органикалық  заттарды  ыдырататын 

ферменттер  бөледі.  Мəселен,  клетчатка  бактериялар  бөлген  целлюлаза 

əсерімен  ыдырайды  да,  олардан  ұшпалы  май  қышқылдары  мен  газдар 

түзіледі.  Азық  құрамындағы  крахмал  бактериялар  амилазасының  əсерімен 

жеңіл  еритін  көмірсуларға  айналады.  Крахмалды  ашытуда  негізгі  рөлді 

домалақ  бактериялар  -  коккалар  атқарады.  Рацион  құрамында  крахмал 

шамадан  артып  кетсе,  қарында  ашу  процесі  күшейіп,  сүт  қышқылы  көп 

мөлшерде  түзіледі  де,  жынның  қышқылдығы  жоғарылайды.  Осының 

салдарынан микроорганизмдер тіршілігіне қажетті жағдай бұзылып, олардың 

əрекеті нашарлайды. 



 

201


    Өсімдік 

белоктары 

қарын 


бактерияларының 

əрекетімен 

амин 

қышқылдарына жəне аммиакқа ыдырайды. Бұл өнімдерді микроорганизмдер 



өз  денесінің  белогын  түзу  үшін  пайдаланады.  Қарында  белокқа  жатпайтын 

азотты  заттар  да  (мысалы,  несепнəр)  бактериялардың  əсерімен  аммиакқа 

ыдырап, аммиак одан əрі микроорганизмдер белогын түзуге пайдаланылады. 

    Физиологиялық  тұрғыдан  бактериялардың  əрбір  түрінің  (олардың  жалпы 

саны  150-ге,  толық  зерттелгендері  -  50-ге  жетеді)  өзіндік  қасиеттері  мен 

қызметтері бар. Олар белгілі бір қоректік заттарға əсер етіп, нақтылы өнімдер 

түзеді.  Осымен  байланысты  бактерияларды  олар  ыдырататын  субстраттар, 

немесе  түзілетін  ыдырау  өнімдерінің  сипатына  қарай  жіктейді.  Сондықтан 

қарын  бактерияларын  мына  функциялық  топтарға  бөледі:  1)  белоктар  мен 

белокқа жатпайтын азотты заттарды ыдырататын; 2) клетчатканы ашытатын; 

3) крахмал мен олигосахаридтерді қорытатын; 4) сүт жəне янтарь қышқылын 

ашытатын; 5) липидтерді (майларды) ыдырататын жəне т. б. 

    Мес қарында бактериялардың үш түрлі популяциясы кездеседі (92-сурет): 

1  -  қарын  қабырғасына  жабысқан,  оның  қуысына  тек  өлі  эпителий 

торшаларымен  түсетін  бактериялар  (адгезивті  бактериялар); 2  -  қарындағы 

азықтың  түйірлеріне  жабысқан  бактериялар;  3  -  мес  қарын  жынының 

сұйығында еркін тіршілік ететін бактериялар. 

 

  



 Аталған  бактериялардың  бірінші  түрі  протеаза,  дезаминаза  фосфатаза 

ферменттерін  бөліп,  белоктарды  ыдыратады,  уреазалық  белсенділік 

көрсетеді.  Бактериялардың  бұл  түрінің  құрамы  тұрақты,  олар  азықтың 

сапасына қарай өзгермейді. 

Бактериялардың екінші түрі полисахаридтерді көп жинақтайды, ал еркін 

жүзген бактериялар ерігіш қанттарды шапшаң ыдыратады. 

Мес қарын микроорганизмдері тек азық құрамындағы қоректік заттарды 

ыдыратып қана қоймай, организм тіршілігіне қажетті көптеген биологиялық 

қосылыстарды  түзуде  де  зор  рөл  атқарады.  Қазіргі  кезде  мес  қарында  К 

дəрмендəрісі  мен  В  тобындағы  дəрмендəрілер  (биотин,  В

12

  дəрмендəрісі, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет