202
рибофлавин,
никотин
жəне
пантотен
қышқылдары,
тағы
басқа
дəрмендəрілер) түзілетіні толық дəлелденді. Осымен байланысты күйісті мал
В тобындағы дəрмендəрілерге зəру болмайды жəне рацион құрамы қарында
оларды түзу процесіне айтарлықтай əсер етпейді деген пікірлер айтылып
жүр.
Дегенмен,
мал
рационының
күрт
өзгеруі
қарындағы
микроорганизмдердің тіршілігіне қолайсыз əсер етіп, биохимиялық
процестер сипатын өзгертеді. Мысалы, тек пішенмен ғана азықтандырылып
жүрген қойды жемнен ғана тұратын рационға көшірсе, қарындағы
клетчатканы ыдырататын бактериялардың саны азаяды да, қарын жынының
қышқылдығы жоғарылап (рН - 4,1-4,7), ас қорыту процесі бұзылады.
Мал рационы құрамында көлемді азықтар басым болса, қарында
клетчатканы ашытып, сірке қышқылын түзетін бактериялар саны өседі.
Рацион
негізінен
дəнді
дақылдардан
құрылса,
қарындағы
микроорганизмдердің түрлік құрамы өзгеріп, сүт, сірке жəне басқа да
органикалық қышқылдар түзетін бактериялар көбейеді. Дегенмен, əртүрлі
рационда бағылған қойлардың мес қарнындағы бактериялардың түрлік
құрамы бірдей болмағанымен, жалпы саны жағынан шамалас келеді.
Мес қарында анаэробты уақ саңырауқұлақтар - ашытқылар, зең
саңырауқұлақтары жəне сəулелі ұсақ саңырауқұлақтар (актиномицеттер)
да кездеседі. Олар азық талшықтарына жабысып тіршілік етеді. Уақ
саңырауқұлақтар клетчатканы ерітіп, қантты ашытады, гликогенді, амин
қышқылдарын, В тобындағы дəрмендəрілерді синтездейді.
Қарын микроорганизмдерінің саны мен түрлік сипатына рацион
құрамындағы крахмалдың сапалық қасиеттері мен белоктың мөлшері де зор
ықпал етеді. Рацион құрамындағы арпа жармасын бұршақ жармасымен
ауыстырса, қарындағы бактериялар саны 2-2,5 есе өсіп, оның домалақ түрі
көбейеді. Рационға тым көп мөлшерде қышқыл азықтар араластырылса,
қарын жынындағы инфузориялар саны азайып, олардың іс əрекеті
нашарлайды.
Баяндалған жайлар қарын микроорганизмдерінің саны мен құрамына мал
рационының зор ықпалы болатынын байқатады. Сондықтан күйіс малының
азықты дұрыс қорытуы үшін оларды бір рационнан екінші рационға күрт
ауыстырмай, бірте-бірте көшірген жөн. Мұндай жағдайда қарын
микроорганизмдері азық құрамындағы өзгерістерге бейімделіп үлгереді де,
ас қорыту процесінің дұрыс жүруін қамтамасыз етеді.
Қорыта келгенде, күйіс малының азықты дұрыс қорытып, тиімді
пайдалануы мес қарындағы микроорганизмдердің құрамы мен белсенділігіне
тікелей байланысты. Сондықтан да рационды дұрыс құру арқылы
микроорганизмдердің өніп-өсуіне, тіршілік əрекетіне қолайлы жағдайлар
туғызып, малдың өнімділігіне тиімді бағытта ықпал жасауға болады. Ол үшін
мал рационын құрғанда оның құрамына кіретін азық түрлерінің қарындағы
микроорганизмдерге тигізетін əсерін ескере отырып, бактериялар мен
инфузорияларды қажетті мөлшерде қоректік заттармен, əсіресе жеңіл
203
қорытылатын көмірсулармен қамтамасыз ету керек. Тек осындай жағдайда
ғана қарын микроорганизмдерінің түрлік арақатынасы бұзылмай, ас қорыту,
қоректік заттардың ыдырау өнімдерін сіңіру процестері дұрыс жүреді.
Көмірсулардың қарында қорытылуы. Азық құрамындағы органикалық
заттардың негізгі бөлігі (80 пайызы) көмірсулардан - клетчатка, крахмал, əр
түрлі қанттардан тұрады.
Балғын азықтар құрамында 40 пайыз, жемде 75 пайыз, ал ірі азықтарда 80
пайызға дейін көмірсулар болады. Қарындағы көмірсулардың қорытылуы
негізінде микробиологиялық ашу процесі жатады. Микроорганизмдердің
əсерімен қарында азық құрамындағы жеңіл қорытылатын көмірсулардың көп
бөлігі жəне клетчатканың 70 пайызы қорытылады. Дегенмен, көмірсулардың
əр түрін қорыту ерекшеліктері болады (6-схема). Сондықтан осы
ерекшеліктерді жекелеп талдап өтейік.
Клетчатканы қорыту. Күйіс малы көп мөлшерде көлемді азық қабылдап,
оны жақсы қорытуға бейімделген. Ал, сол ірі азықтың 20-50 пайызы
клетчаткадан тұрады. Клетчатканың негізін целлюлоза құрағанымен, оның
құрамында гемицеллюлоза, лигнин сияқты заттар да болады. Құрамында
лигниннің болуы жəне ас қорыту сөлдерінде оны ыдырататын арнаулы
ферменттің болмауы клетчатканың ас қорыту жолында қорытылуын
қиындатады.
Арнайы жүргізілген тəжірибелер азықпен қабылданған клетчатканың мал
организмінде толық қорытылмайтынын, оның қорытылу коэффициенті 30-80
пайыз ғана болатынын көрсетіп отыр. Организмде қорытылатын
клетчатканың 70 пайызы мес қарын, 30 пайызы тоқ ішек үлесіне тиеді. Ал
ұлтабар мен ащы ішекте клетчатка ыдырамайды.
Клетчатканың ыдырауы бактериялардың көптеген түрінің үйлесімді
əрекетімен бірнеше кезеңде өтеді. Алдымен деполимераза əсерімен
клетчатканың «ұсақ жарқыншықтарың пайда болады да,
α
Достарыңызбен бөлісу: