Жануар физол



Pdf көрінісі
бет163/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

-амилаза  оны 

целлотриоза  жəне  целлобиозаға  дейін  ыдыратады.  Бұл  қосылыстар 

целлобиаза  əрекетінен  жүзім  қантына  (глюкозаға)  ыдырайды.  Ал,  глюкоза 

бактериялық  ашу  процесінің  салдарынан  ұшпалы  май  қышқылдарына 

айналады.  Тəулігіне  сиыр  қарнында  4-5  л,  ал  қойда  -  0,5  л  ҰМҚ  түзіледі. 

Клетчатканың  ыдырауы  кезінде  өте  көп  мөлшерде  сірке  қышқылы,  азырақ 

мөлшерде пропион қышқылы жəне өте аз мөлшерде майлы қышқыл түзіледі. 

 Ас  қорыту  жолында  клетчатканың  ыдырау  дəрежесіне  бірнеше  факторлар 

əсер  етеді.  Солардың  ішінде  негізгілерінің  бірі  -  өсімдік  торшаларының 

лигниндену дəрежесі. Лигнин организмде қорытылмайды. Балғын өсімдіктер 

құрамында лигнин аз болады да, олар организмде жеңілірек қорытылады. Ал 

өсімдік  қатая  келе клетчатка  құрамында  лигнин  көбейіп, микроорганизмдер 

əсеріне  кедергі  артып,  оның  қорытылуы  нашарлайды.  Бактериялардың  аз 

ғана  түрі  лигнинді  ыдырата  алады.  Сондықтан  ірі  азықты  малға  берер 

алдында  арнаулы  өңдеу  арқылы  лигнинді  жұмсартып,  клетчатканың 

қорытылуын  жеңілдетуге  болады.  Мұндай  өңдеу  не  физикалық  (ұнтақтау, 




 

204


булау),  не  химиялық  (əктеу,  сілтілермен  не  қышқылдармен  өңдеу),  не 

биологиялық  (ашытқылау,  сүрлемдеу)  жолдарымен  жүреді.  Зерттеулерге 

қарағанда сабанды алдын ала малға беруге дайындаудың осы əдістерінің өзі 

рацион  құрамындағы  ірі  азықтың  құнарлығын  1,5-2  есе  жоғарылатуға 

мүмкіндік береді. 

Қарында  клетчатканың  қорытылу  дəрежесі  мен  ыдырау  жылдамдығына 

рацион  құрамындағы  жеңіл  қорытылатын  көмірсулардың  (крахмал  мен 

қанттар)  үлесі  өте  зор  əсер  етеді.  Көмірсулардың  бұл  тобының  рационда  аз 

болуы клетчатканың ыдырауын жылдамдатса, көп болуы - оны айтарлықтай 

тежейді. Рацион құрамында малдың тірілей массасының əр килограмына 1,2-

3  грамнан  клетчатка  келсе,  оның  қорытылуы  жоғарылайды  да,  одан  əрі 

көбейсе - нашарлайды. Шөп пен жемнен тұратын рацион құрамында қанттың 

мөлшері  малдың  тірілей  массасының  əр        килограмына  шаққанда  1-3 

грамнан, ал тек пішенмен азықтандырғанда – 2 грамнан аспағаны жөн. 

Жеңіл  қорытылатын  көмірсулар  қарын  микроорганизмдері  үшін  тиімді 

қоректік зат, құнды энергия көзі болып табылады да,  олардың қаулап өсуіне 

қолайлы жағдай туғызады, ас қорытуды жақсартып, мал өнімділігін көтеруге 

мүмкіндік  береді.  Ал  рацион  құрамында  жеңіл  қорытылатын  көмірсулар  

шамадан    тыс    артып  кетсе,  мес  қарындағы  ашу  процесі  қарқындап,  көп 

мөлшерде  сүт  қышқылы  түзіледі  де,  қарын  жынының  қышқылдығы 

жоғарылайды,    микроорганизмдердің  өніп-өсуіне,  əрекеттеріне  қажетті  

жағдайлар  қолайсызданып,  клетчатканың  қорытылуы  нашарлайды,  түзілген 

сүт қышқылы қанға сіңіп, организмде зат алмасу процесі бұзылады. 

Қарында  клетчатканың  ыдырау  процесі  дұрыс  жүру  үшін  рацион 

құрамында  белгілі  мөлшерде  азот  та  болу  керек.  Клетчатканы  ыдырататын 

бактерия түрлері қарында белоктардың ыдырауы кезінде пайда болатын амин 

қышқылдарын  пайдалана  алмайды.  Сондықтан  олар  азот  көзі  ретінде 

қарында 


түзілген 

аммиакты 

пайдаланады. 

Осыған 


орай 

қарын 


микроорганизмдерінің  бұл  өкілдерінің  əрекеті  дұрыс  деңгейде  жүру  үшін 

азық  құрамында  кемінде  5  пайыз  «шикің  протеин  болуы  керек,  немесе 

рационға белокқа жатпайтын азотты қосылыстар араластырылғаны жөн. Осы 

мақсатпен кейінгі кезде күйіс малының рационына карбамид (несепнəр) қосу 

кең  етек  алып  жүр.  Ескеретін  бір  жай,  рацион  құрамында  белок,  не  жеңіл 

еритін  азотты  қосылыстар  тым  көбейіп  кетсе,  микроорганизмдердің  өніп-

өсуі, əрекеті тежеліп, клетчатканың қорытылуы нашарлайды.  

Мес қарында клетчатканың қорытылу дəрежесіне микроэлементтер де зор 

ықпал етеді. Рационға кобальт, темір, 

 



 

205


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Ïåêтèí 


Ãåìèöåëëþëîç- 

Êëåт÷-тê- 

Êð-õì-ë 

Ïîëèìåðëåð 

Ã-ë-êтóðîí 

ºûøºûëû 


²ûøºûëä-ð 

ìåí ïåíтîçä-ð 

Öåëëîáèîç

Ãëþêîç- 



Ôðóêтîç- 

Ãëþêîç- 


Ì-ëüтîç- 

Ìèêðîáт-ð 

äåíåñiíi» 

ïîëèñ-õ-ðèäтåð

Ïèðîæ¾çiì ºûøºûëû 



µøï-ëû ì-é ºûøºûëä-ðû 

ÑÎ

2



, ÑÍ

4

 



²½ìûðñº- 

ºûøºûëû 


Ñiðêå ºûøºûëû 

Ì-éëû ºûøºûë 

Ѿт ºûøºûëû 

Ïðîïèîí 


ºûøºûëû 

Ì-é 


Ãëèöåðèí 

Áåëîê 


-ìèí ºûøºûëä-ðû 

Êåтîíäû 


ç-тт-ð (ìåñ 

º-ðûí 


º-áûð¹-ñûíä-

6 — ñõåì-. Ê¾éiñтi ì-ë ìåñ º-ðíûíä-¹û ê¼ìiðñóë-ð 

¼çãåðiñ åðiíi» æåëiñi 



 

206


 

магний,  марганец,  мыс  сияқты  элементтерді  қосса,  клетчатканың  ыдырауы 

күшейеді, ал фтор жəне марганец элементінің тым көп мөлшері бұл процесті 

тежейді. 

Қорыта  келгенде,  мес  қарында  клетчатканың  қорытылу  дəрежесі 

микроорганизмдердің  тіршілік  əрекетіне  тығыз  байланысты.  Сондықтан 

микроорганизмдердің  өніп-өсуіне  жағымды  жағдай  туғызатын  факторлар 

клетчатканың ыдырауын жақсартады. Мес қарында ас қорыту процесі дұрыс 

жүру  үшін  рацион  құрамына  жеңіл  қорытылатын  көмірсулар,  белоктар, 

микроэлементтер  енгізіп,  микроорганизмдер  үшін  қолайлы  жағдай  туғызу 

керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет