Жануар физол


Қарын  микроорганизмдері  жəне  олардың  маңызы



Pdf көрінісі
бет160/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Қарын  микроорганизмдері  жəне  олардың  маңызы.  Ас  қорыту 

органдарының  құрылымдық  ерекшеліктері  мен  онда  жүретін  күрделі 

биохимиялық  процестер  күйіс  малына  негізінен  клетчаткадан  тұратын 

өсімдік  тектес  азықтарды  тиімді  пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Сүт 

қоректілердің ас қорытатын сөлдерінің құрамында клетчатканы ыдырататын 

ферменттер  болмайды.  Ал  мес  қарында  ол  селбес  микроорганизмдердің 

əрекетімен қорытылады. 

    Мес  қарында  микроорганизмдер  тіршілігіне  қолайлы  жағдайлар  орын 

алады. Мес қарын жынының құрамында оттегі болмайды (анаэробиоз), орта 

əлсіз  қышқылдық,  бірақ  тұрақты  деңгейде  қалыптасады  (рН  -  6,0-7,6).  Жын 

құрамында көмір қышқыл газы, метан, азотты сутегі, күкіртті сутегі сияқты 

газдар  жинақталып,  қарын қуысында  жылылық  39

0

С  шамасында  сақталады. 



Қарынға  қоректік  заттар  үздіксіз  келіп  тұрады  жəне  қарын  қабырғасының 

талғамды  өткізгіштік  қасиетінің  арқасында  жын  құрамы  онша  көп 

ауытқымайды.  Шықшыт  безі  сілекейінің  толассыз  бөлінуі  қарында 

микроорганизмдер  тіршілігіне  қажетті  жоғары  ылғалдылықты  туғызады. 

Міне, 

осы 


аталған 

жайлар 


қарынның 

алдыңғы 


бөлімдерінде 

микроорганизмдердің  өсіп  дамуы  мен  тіршілік  əрекеттерінің  белсенді 

болуын қамтамасыз етеді. 

    Қарындағы  микроорганизмдер  төл  туған  соң  бірінші  күндерде-ақ  пайда 

болады  да,  олардың  қоректену  сипатына  жəне  жасына  қарай  саны  мен  түрі 

жағынан  күрделене  түседі.  Төлдің  енесімен  бірге  өсуі,  азық  жеуге  ерте 

үйренуі қарында микроорганизмдердің пайда болуын, көбеюін жеделдетеді. 

    Жас  төлдің  мес  қарнындағы  микроорганизмдердің  көпшілігі  сақа  малда 

кездеспейді.  Төл  енелерінен бөлек бағылғанның өзінде оның  қарнында  сақа 

малға  тəн  микроорганизмдер  өсе  бастайды.  Дегенмен,  төлдің  енесін  еміп, 

бірге өсуі мес қарында микроорганизмдердің қалыптасуын шапшаңдатады. 

    Мес  қарындағы  микроорганизмдердің  жалпы  саны  мен  түрлік  құрамы  əр 

түрлі  факторларға,  əсіресе  мал  азықтандыру  жағдайларына  байланысты. 

Əдетте қарын жынының бір грамында 10

10

 шамасында бактериялар кездеседі. 



Қарындағы  микроорганизмдер  алуан  түрлі  болғанымен,  олар  бір-бірімен 

тығыз 


байланыста 

жəне 


белгілі 

бір 


арақатынаста 

өніп-өседі. 

Микроорганизмдердің бір түрі өсіп дамыса, екінші түрі азайып, өліп, ыдырап 

отырады.  Сондықтан  мес  қарында  тірі  микроорганизмдермен  қатар  өлі 

микроорганизмдер денесі де кездеседі. 



 

199


    Күйіс  қайыратын  малдың  қарнында  микроорганизмдердің  үш  түрі 

кездеседі:  1)  инфузориялар  немесе  қарапайымдар,  2)  бактериялар,  3)  уақ 

саңырауқұлақтар. 

    Мал  қарнында  мекендейтін  инфузориялар  нəжіс  құрамында  немесе 

жайылымда кездеспейді, олар төлге сақа малдан жұғады. Бұл қарапайымдар 

не тікелей бөліну, не конúюгация (қосылу) арқылы көбейеді. Бір күнде олар 4-

5 ұрпақ береді. Сондықтан қарын жынының бір миллилитрінде инфузориялар 

саны 1 миллиардқа жетеді. 

    Қарын  жынындағы  инфузориялар  саны  желінген  азықтың  мөлшері  мен 

құрамына  байланысты.  Малға  құнарлы  азық  берілсе,  инфузориялар  саны 

артады.  Қорек  тапшы  болса,  инфузориялар  паразитке  де  айналады.  Бұл 

жағдайда  олар  өз  мұқтаждығы  үшін  азық  құрамындағы  белокты  ғана 

пайдаланып қоймай, сонымен қатар клетчатканы ыдырататын бактерияларды 

да жұтып, қарындағы клетчатканың қорытылуын нашарлатады. 

    Инфузориялардың  азық  қорытудағы  рөлі  туралы  əлі  күнге  дейін  айқын 

қалыптасқан  пікір  жоқ.  Көптеген  зерттеулерге  қарағанда,  олар  клетчатканы 

ыдыратуда  маңызды  рөл  атқарады.  Өздерінің  əрекетімен  инфузориялар 

қарын  жынын  қопсытып,  араластырады  да,  өсімдік  қабығын  тесіп,  оның 

құрамындағы  клетчатканы  қорытып,  сіңіруге  жəрдемдеседі.  Сонымен  қатар 

олар  қиын  қорытылатын  өсімдік  белоктарын  өз  денесі  арқылы  жануарлар 

белогына айналдырады. 

    Инфузориялар  малды  азықтандыру  сапасына  өте  сезімтал  келеді.  Қойды 

аш ұстаған жағдайда үш күннен соң олардың мес қарнындағы инфузориялар 

саны күрт азаяды да, төртінші күннен əрі қарай олар тегіс жойылып кетеді. 

Қойды  пішенмен  азықтандыру  басталысымен  олар  қайта  пайда  болады. 

Дегенмен,  тек  пішен  мен  сабан  инфузориялар  үшін  қолайлы  қорек  емес, 

олардың тіршілігі үшін протеинге бай азықтар қажет. 

    Қарындағы  инфузориялар  саны  малдың  жасына,  саулығына  қарай  өзгеріп 

отырады.  Мес  қарындағы  қарапайымдардың  сандық  жəне  сапалық  құрамы 

мал  ауруының  белгілері  білінбей  тұрып-ақ  өзгере  бастайды.  Осы  тұрғыдан 

күйіс  малының  ас  қорыту  органдарының  күйін  сипаттау  үшін  қазіргі  кезде 

қолданылып  жүрген  түрлі  клиникалық  параметрлермен  қатар  инфузориялар 

көрсеткішін де пайдаланған дұрыс. 

    Жаңа туған төл қарнында инфузориялар кездеспейді. Олар төл ірі азық жей 

бастағаннан  кейін  пайда  болады  (Н.О.  Базанова,  А.В.  Прокудин, 

Т.Несіпбаев).  Қозы  қарнында  инфузориялар  туғаннан  соң  17-73,  ал 

бұзауларда - 19-65 күннен кейін байқалады. 

 



 

200


    

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет