Жануар физол


Ащы  ішектегі  ас  қорыту  механизмі



Pdf көрінісі
бет177/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

    Ащы  ішектегі  ас  қорыту  механизмі.  Малдың  ащы  ішегі  ас  қорыту 

жүйесінің  ең  ұзын  бөлігі.  Ірі  қарада  оның  ұзындығы  40-49  метрге,  қой  мен 

ешкіде - 24-26, жылқы мен шошқада - 20 метрге жетеді. Ащы ішек арқылы 

тəулігіне малдың өз массасының жартысындай мөлшерде жын өтеді. 

    Ащы  ішекте  негізгі  ас  қорыту  бездерінің  ферменттік  жүйелерінің  өзара 

үйлесімді  əрекеттерінің  арқасында  қоректік  заттардың  соңғы  ыдырау 

өнімдері  пайда  болады.  Бұл  тұрғыда  белоктардың  қорытылуын  қамтамасыз 

ететін  ферменттік  жүйенің  үйлесімді  қызметі  жəне  басқа  ферменттермен 

əсерлесу  принципі  көңіл  аударады.  Мысалы,  пепсин  қышқылдық  ортада 

белоктарды, тіпті түрлі ферменттерді де тез ыдыратады. Оның əрекеті қарын 

сөлінің  ішекте  бейтараптануы  арқылы  тоқтайды.  Трипсиннің  өздігінен 

активтеніп,  өздігінен  жойылатын  қабілеті  бар.  Ол  бөгде    белоктарға  күшті 

əсер етеді. Трипсин мен химотрипсин ферменттерінің белсенділігі бүкіл ащы 

ішек бойына сақталады. Олардың көп мөлшері бүйенге де жетеді. Бұл жерде 

олар  бактерия  ферменттерінің  əрекетімен  жартылай  бұзылады.  Трипсин 

жартылай бұзылғанның өзінде ферменттік қасиетін сақтайды. Оның белсенді 

орталығы  бұзылмаса  болғаны,  бастапқы  массасының  10  пайызы 

сақталғанның  өзінде  тиісті  реакцияларды  жүргізе  береді.  Ас  қорыту 

жолының  алдыңғы  бөлімдерінде  ферменттер  қорытыла  қоймайды.  Ішек-

қарын  жолының  соңғы  бөлімдерінде  ғана  белоктар  концентрациясының 

азаюына байланысты ферменттердің өздері қорытылады.  

Ащы ішек химусының еркін амин қышқылдық құрамы тұрақтылығымен 

ерекшеленеді. Рационда белок тапшы болғанның өзінде, тіпті ашығу кезінде 

де осы қасиет сақталады. Амин қышқылдық гомеостаз бездердің сөлмен көп 

мөлшерде  белок  бөлуіне  байланысты.  Мысалы,  тəулігіне  түрлі  сөлдер 

құрамында  500-700  г  эндогендік  белок  бөлінеді,  оның  76  пайызы 

ферменттердің,  ал  қалғаны  қан  плазмасы  белоктарының  (альбуминдер  мен 

глобулиндер),  мукопротеидтердің,  нуклеопротеидтердің  жəне  басқа  ұлпа 

белоктарының  үлесіне  тиеді.  Белоктармен  қатар  ішек  қуысына  басқа  да 

азотты заттар (несепнəр) бөлінеді. 

    Жалпы  ішек  қуысына  тəулігіне  ірі  қара  180-200  л,  қой  мен  ешкі-  15-40  л, 

жылқы-  190-200  л,  шошқа  -  48-50  л  əр  түрлі  ас  қорыту  бездері  сөлдерін 

бөледі. Дегенмен, қабылданған азықтың 1 кг шаққанда əр түлік мал шамамен 

бір  деңгейде  (14-15  л)  сөл  бөледі.  Ішектегі  химустың  жалпы  мөлшері  ірі 

қарада - 250-300 л, жылқыда - 260 л, шошқада - 75 л, қойда - 28-50 л. Химус 

құрамында  азықтағы  қоректік  заттармен  қатар  су,  түрлі  органикалық  жəне 

минералды қосылыстар болады. 



 

233


    Сөл  құрамында ішекке бөлінген  заттардың  көп мөлшері  организмге қайта 

сіңіп, ас қорыту жолы мен қан айналым жүйесінің арасында пəрменді алмасу 

процесі  жүреді.  Əр  түрлі  сөлдермен  ішек  қуысына  негізінен  қан  плазмасы 

құрамындағы  заттар  өтеді  де,  қалыпты  жағдайда  оларды  қайта  сіңірудің 

арқасында плазма құрамы жаңарып отырады. Осыған байланысты ас қорыту 

органдары қан плазмасын түзуде маңызды рөл атқарады (А.А. Алиев).  

Қан  айналым  жүйесі  мен  ас  қорыту  органдарының  арасында  үздіксіз 

жүріп  отыратын  алмасу  процесінің  арқасында  химус  құрамының 

тұрақтылығы сақталады. Мысалы, күйіс малы химусында органикалық заттар 

6  пайыз,  белок  1,25,  минералды  заттар –1,0  пайызға  жуық  деңгейде  болады. 

Кездейсоқ  жарақаттанудың  салдарынан  химус  ағып  кетсе,  организмдегі  зат 

алмасу  процесі  бұзылып,  мал  өліп  кетеді.  Ішектегі  көбек  арқылы  химусты 

ағызып  отырса,  шошқа  10-12  сағаттан  кейін  əлсіреп,  одан  əрі  өліп  қалады. 

Мұндай жағдайда бұқа 15-20 сағат ішінде өледі. 

    Қазіргі кезде қалыптасқан көзқарастарға сəйкес ішекте қоректік заттар екі 

түрлі  жолмен  ыдырайды:  қуыстық  жəне  мембраналық  (А.  М.Уголев). 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет