Жануар физол



Pdf көрінісі
бет173/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   504
8.6. Ащы ішектегі ас қорыту 

 


 

224


    Ащы  ішек  ас қорыту  жолының  ең ұзын бөлігі.  Ол  ұлтабар ұшы  (жіңішке 

ішек, 12 елі ішек), аш ішек жəне мықын ішек болып бөлінеді. 

    Ащы  ішектің  ұзындығы  дене  тұрқымен  салыстырғанда  мысықта  1:4,  итте 

1:6, қоянда - 1:10, жылқыда - 1:12, шошқада - 1:14, ірі қарада- 1:20, қой мен 

ешкіде-  1:25-ке  қатынасындай.  Оның  сыйымдылығы  ас  қорыту  жолының 

жалпы  сыйымдылығының  20-30  пайызын  құрайды.  Ащы  ішек  құрсақ 

қуысының  оң  жақ  бөлігінде  орналасып,  іш  жағынан  қатпарлы  кілегейлі 

қабықпен  астарланған.  Осы  кілегейлі  қабықтың  ішек  қуысына  қараған 

бетінде орасан көп микроскопиялық өсінділер - бүрлер болады. Сол себепті 

ішектің ішкі беті барқыт тəріздес болып келеді. Ішектің кілегейлі қабығының 

əр  шаршы  сантиметрінде  2500-ге  дейін  ішек  бүрлері  болады.  Осы  бүрлер 

арқылы  ішектің  сору  беткейі  20  еседен  артық  ұлғаяды.  Əр  ішек  бүрінің 

дəнекер  ұлпадан  тұратын  нəзік  тұлға  сүйеніші  болады  да,  оның  ішінде  қан 

тамырларының  капиллярлары,  жүйке  ұштары,  лимфа  тамырлары  жəне 

бірыңғай  салалы  ет  талшықтары  орналасады.  Бұл  жерде  көптеген 

лимфоциттер кездеседі. 

    Ішек  бүрлері  аралығындағы  шұқыршақта  либеркюн  бездері  орналасады. 

Осы  шұқыршақтарда  бокал  тəрізді  шырыш  түзетін  торшалар,  фермент 

бөлетін 

базофиль 

түйіршікті 

энтероциттер 

жəне 


энтерохромаффиноциттер (ішкі секрециялық торшалар) орын тебеді. Ішек 

бүрлері  қоректік  заттардың  сіңуін  қамтамасыз  ететін  эпителиоциттермен 

жəне бокал тəрізді энтероциттермен көмкерілген. 

    Соңғы жылдары электрондық микроскоп арқылы ішектің құрылысы толық 

зерттеліп,  оның  қабығының  ішкі  қабатында  ерекше  субмикроскопиялық 

өсінділер  –  микробүрлер  болатыны  анықталды.  Бұл  микробүрлер  ішектің 

кілегейлі  қабығын  түзетін  эпителий  энтероциттерінің  субмикроскопиялық 

өсінділері. Ішектің ішкі бетінің əр шаршы микрон кеңістігінде 100-ге дейін, 

бір  энтероциттің  бетінде  2000-4000-ға  дейін,  ал  кілегей  қабықтың  1  шаршы 

миллиметрінде  50-200  миллионға  дейін  микробүрлер  болады.  Осы 

микробүрлер ішектің сору беткейін тағы да 30 есе ұлғайтады. 

 Ащы  ішектің  соңғы  бөлімі  –  мықын  ішек  оң  жақ  мықын  тұсында 

арнаулы қақпақ арқылы бүйенмен жалғасады. 

    Ащы ішек қуысына бауырда түзілетін өт жəне ұйқы безінің сөлі құйылады. 

Осымен байланысты ұлтабар ұшының басында жынның сутектік көрсеткіші 

4,5-6,  оның  соңғы  бөлігінде-  6,0-7,0  аш  ішек  пен  мықын  ішекте  -  7,5-8,0-ге 

тең болады. 

    Ащы  ішекке  өткен  жын  ішек  сөлімен,  өтпен  жəне  ұйқы  безінің  сөлімен 

жақсы  араласып,  біркелкі  қоймалжың  затқа  –  химусқа  айналады.  Ішекке 

бөлінген  сөлдердің  құрамындағы  ферменттердің  əсерімен  ащы  ішекте 

қоректік  заттар  пəрменді  қорытылады  да,  пайда  болған  ыдырау  өнімдері 

ішектің қабырғасы арқылы сорылып, қан мен лимфа арқылы денеге сіңеді. 

    Ащы  ішек  сөлінің  құрамы  мен  маңызы.  Ішек  сөлі  оның  қабырғасында 

орналасқан  арнаулы  бездерде  түзіледі.  Ішектің  кілегей  асты  қабығында 




 

225


бруннер, ал  кілегейлі  қабығында  -  либеркюн бездері орналасады.  Бұл  бездер 

ішектің  ұзына  бойында  бірдей  тарамаған.  Ұлтабар  ұшының  алдыңғы 

бөлігінде  бруннер,  ащы  ішектің  қалған  бөліктерінде  либеркюн  бездері 

орналасады. 

    Қарын жыны ұлтабар ұшына өткеннен кейін оған ішек сөлінің ферменттері 

əрекет етіп, қоректік заттардың ыдырауын одан əрі тереңдете түседі. Өт пен 

ұйқы  безінің  өзектері  ұлтабар  ұшында  пилорус  жапқышынан  едəуір  алшақ 

жерде  ашылады.  Демек,  қарын  жыны  өт  пен  ұйқы  безінің  сөлімен  кешірек 

араласады.  Осыдан  жіңішке  ішектің  алыңғы  бөлігінде  жынға  тұз  қышқылы 

мен  пепсин  əсері  жалғаса  береді.  Ұлтабар  ұшы  мен  аш  ішектің  алдыңғы 

бөліктерінде  химус  жылдамырақ  жылжиды  да,  ол  сөлмен  жақсы 

араласпайды.  Ал  аш  ішектің  ортаңғы  жəне  соңғы  бөліктерінде  химустық 

жылжу  жылдамдығы  баяулап,  ол  ішек  сөлімен,  өтпен  жəне  ұйқы  безінің 

сөлімен жақсы араласып, қоректік заттар қарқынды қорытылады. 

    Бруннер  бездерінің  сөлі  құрамы  мен  қасиеттері  жағынан  қарынның 

пилорус аймағының сөліне ұқсас. Ол түссіз, қою, сілтілік қасиеті бар сұйық. 

Оның  құрамында  көп  мөлшерде  шырыш,  қышқылдық  ортада  əрекет  ете 

алатын  пепсинге  ұқсас  майлар  мен  крахмалды  ыдырататын  ферменттер 

болады. 

    Жалпы  алғанда  ішек  сөлі  ірімтікті  сұйық,  ол  қою  түйіршіктерден  жəне 

сұйық  заттардан  құралған.  Ішек  сөлінің  құрамында  99  пайызға  дейін  су,  1 

пайыз  шамасында  құрғақ  заттар  болады.  Құрғақ  заттың  құрамына  натрий, 

калий, кальций элементтері, карбонаттар, хлоридтер сияқты бейорганикалық 

заттар  мен  түрлі  органикалық  қосылыстар  -  муцин,  энтерокиназа  жəне 

пептидазалар  қосындысы,  амилаза,  мальтаза,  лактаза,  сахараза,  липаза 

сияқты ас қорыту ферменттері кіреді. Осы ферменттердің əрекетімен ішекте 

белоктар, көмірсулар жəне майлар толық ыдырайды (22-таблица). Ішек сөлі 

құрамындағы  қою  түйіршіктер  ішек  қабырғасынан  сыдырылып  түскен 

эпителий  торшаларынан,  шырыштан  жəне  холестериннен  тұрады.  Олардың 

құрамында химустан тұтылған ферменттер болады.  

Ішек  сөлінің  сұйық  бөлігі  сілтілік  реакциясы  бар  сарғыш  сұйық. 

А.А.Кудрявцев  деректеріне  қарағанда  оның  сутектік  көрсеткіші  8,16–8,68 

шамасында,  тұтқырлығы  11,16-17,66,  меншікті  салмағы  1,004-10,14 

мөлшерінде. Оның құрамында 1,92-6,06 мг% азотты заттар болады. 

Сөл  құрамындағы  аминопепидаза  ферменті  пепсин  мен  трипсин 

ферменттерінің  əрекетінен  пайда  болған  пептондарды  ыдыратып,  амин 

қышқылдарын  түзеді.  Амилаза  ферменті  крахмалды  мальтоза  қантына 

ыдыратады. Оның əрекетін əрі қарай мальтаза ферменті жалғастырып, жүзім 

қанты түзіледі. Лактаза ферменті сүт қантын қорытады. Липаза ферментінің 

əсерімен   майлар  глицерин мен май қышқылдарына ыдырайды. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет