Жануар физол


Өт  жəне  оның  ас  қорытудағы  маңызы



Pdf көрінісі
бет176/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   504
Өт  жəне  оның  ас  қорытудағы  маңызы.  Өт  бауыр  гепатоциттерінің 

лизосомасында түзіліп, бауырдың өт жолдары (өт капиллярлары, өт өзектері 

жəне  жарнақаралық  өзектер)  арқылы  шығады  да,  жалпы  бауыр  жəне  өт 

қабының  өзектерімен  өт  қабына  жиналады.  Өт  қабынан,  немесе  тікелей 

бауырдан арнаулы өзек арқылы өт ұлтабар  ұшына құйылады. Өт өзегі ішек 

қуысына  ұйқы  безі  өзегімен  қатар  (шошқа  мен  сиырдан  басқа  малдарда) 

ашылады. Жылқы, түйе, бұғы, кептер, егеуқұйрықта өт қабы болмайды, оның 

қызметін бауыр өзегінің кеңіген жері - өт цистернасы атқарады.  Бауырда  өт 

толассыз түзіледі де, ішек қуысына өт қабының толу дəрежесінен тəуелсіз ас 

қорыту үстінде мезгіл - мезгіл (ит пен мысықта),  не үздіксіз (ірі қара, қой-

ешкі,  жылқы,  шошқа,  қоянда)  бөлінеді.  Өт  қабы  мал  азықты  жей  бастаған 

кезде жиырылады да, жиналған өтті ішекке айдайды. Тəулігіне ит 0,2-0,3 л, 

қоян - 0,02-0,03, қой - 0,8-1,0, шошқа - 2,5-3,0, жылқы -5,0-6,0, ірі қара - 7,0-

9,0 л өт түзеді. 

Организмдегі  өт  қапшықтық  жəне  бауырлық    болып    бөлінеді. 

Қапшықтық өт қоңырқай, қою, тұтқыр келеді. Оның құрамында 85 пайыз су 

болады  да,  тығыздығы  1,035-1,045,  сутектік  көрсеткіші  -5,5-6,5  деңгейінде   

сақталады.  Бауырлық  өттің  тығыздығы  1,010-1,015,  рН-ы  -  7,4-8,0, 

96-ñóðåт

.  µéºû  áåçiíi»  ñ¼ë 

á¼ëó 

ºûçìåтií 



çåðттåó 

ì-ºñ-тûíä- 

È.Ï.Ï-âëîâ 

(-), 


Í.Â.Ñîëîâüåâ 

(Á) 


½ñûí¹-í 

¸äiñтåð 


ìåí 

-éí-ëûì 


æîëûí 

æ-ñ-ó 


т

¸ñiëi: 


1- 

áåç 


¼çåãi; 

2- 


ê¼áåê 

îðí-тûëûï, 

îºø-óë-í¹-í 

½ëт-á-ð 


½øûíû» 

ºèûíäûñû; 

3- 

½ëт-á-ð 


½øûíä-¹û 

ê¼áåê; 


4- 

îºø-óë-í¹-í  áåçäi  iøåêïåí 

æ-ë¹-ñтûð-тûí  т¾тiê;  5- 



 

231


құрамында  97,5  пайыз  су  болады.  Өттің  құрамындағы  билирубин  жəне 

биливердин бояғыштары оған өзіндік жасыл сарғыш түс береді. Өт негізінен   

су  жəне      аз  мөлшерде  құрғақ  заттардан  тұрады.  Құрғақ  қалдық 

бейорганикалық  тұздардан  (натрий,  калий,  кальций,  магний,  темір 

элементтерінен, 

хлоридтерден, 

карбонаттардан, 

фосфаттардан, 

сульфаттардан)  жəне  органикалық  заттардан  (муцин,  өт  қышқылдары,  өт 

пигменттері)  құралады.  Ірі  қара  мен  шошқа  өтінде  0,4-0,5  пайыз  жалпы 

липидтер  (олардың  жартысы  фосфолипидтер)  кездеседі.  Демек,  бұл 

түліктерде өт липидтердің алмасуында маңызды   рөл атқарады (А. А.Алиев).   

Қазіргі  мағлұматтарға  қарағанда  өт  құрамында  амилаза  жəне  липаза 

ферменттері болады. 

    Өттің  құрамында  ас  қорыту  процесіне  қатыспайтын  холестерин,  лецитин, 

холин,  дезоксихолин,  литохолин  қышқылдары,  өт  пигменттері  сияқты 

организмде зат алмасу процесі кезінде пайда болатын өнімдер де болады. Бұл 

аталған  өнімдер  организмнен  толассыз  бөлініп  отыруға  тиіс.  Сондықтан  өт 

бауырда  толассыз  түзіледі.  Демек,  бауыр  екі  түрлі  қызмет  атқарады. 

Біріншіден,  онда  организмде  зат  алмасу  процесі  кезінде  пайда  болған  түрлі 

улы  заттар  залалсызданып,  ас  қорыту  процесіне  қажетті  өнімдер  (өт 

қышқылдары)  түзіледі  де,  екіншіден,  өт  арқылы  организмге  қажетсіз 

қосылыстар  ішек  қуысына  бөлініп  шығарылады.  Сонымен,  бауыр 

торшаларында секреция жəне экскреция процестері қатар жүреді. 

    Өт  құрамындағы  холин  қышқылдарының  көп  бөлігі  гликоколамен 

қосылыс  түрінде  (гликохолин  қышқылы),  ал  аз  бөлігі  тауринмен  қосылыс 

түрінде  (таурохолин  қышқылы)  болады.  Бұл  өт  қышқылдары  ішектегі  ас 

қорытуда зор рөл атқарады. Олардың натрийлі тұздары су мен майдың беттік 

керілісін  азайтып,  май  эмульсиясының  пайда  болуына  көмектеседі.  Өт 

қышқылдары  май  тамшыларының  бетіне  жабысып,  олардың  бірігуіне 

мүмкіндік  бермейді.  Олар  липаза  ферментін  белсендіріп,  майлар  мен  май 

қышқылдарының,  майда  еритін  -  А,  Д,  С,  К  дəрмендəрілерінің  сіңуін 

жеңілдетеді. Өт қышқылдары ұйқы безі сөлінің құрамындағы көмірсулар мен 

белоктарды ыдырататын ферменттердің де əрекетін жандандырады. Өт ішек 

қимылын  күшейтіп,  жынның  ішек  бойымен  жылжуына  көмектеседі, 

қарыннан өткен қышқылдарды бейтараптап, ішектегі шіру процесін тежейді. 

Бауырдың  қызметі  бұзылса  тек  ас  қорыту  процесі  ғана  нашарлап  қоймай, 

организмдегі  зат  алмасу  өзгереді  жəне  зат  алмасу  өнімдерімен  улану  қаупі 

туады. 


    Өт түзу жəне өт бөлу процестері өт қапшығына жəне өт өзегіне көбек қою 

арқылы зерттеледі.  

    Өт  бөлу  процесі  жүйке  жүйесі  арқылы  жəне  ішекте  пайда  болатын 

химиялық  заттардың  əсерімен  реттеледі.  Ауыз  қуысы,  қарын,  ұлтабар  ұшы 

рецепторлары  тітіркенгенде  кезеген  жүйкенің  əсерімен  өт  қапшығы 

жиырылып,  өт  өзегінің  қысқышы  босаңсиды  да,  өт  ішекке  бөлінеді. 

Симпатикалық жүйке əсерімен өт қапшығы босаңсып, өт өзегінің қысқышы 



 

232


қысылады  да,  өт  бөлу  тиылады.  Өттің  бөлінуі  белоктардың  ыдырау 

өнімдерінің,  майлар  мен  азық  құрамындағы  сығынды  заттардың  əсерімен 

күшейеді. Тұз қышқылы, ішекке өткен қарын сөлі өттің бөлінуін күшейтеді. 

Ұлтабар  ұшында  түзілетін  холецистокинин  мен  секретин  жəне  гастрин 

бауырдың  жұмысын  реттеуде,  өттің  бөлінуін  күшейтуде  маңызды  рөл 

атқарады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет