Жануар физол


Күйіс  малы  организміндегі  белок  алмасуының  ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет201/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Күйіс  малы  организміндегі  белок  алмасуының  ерекшеліктері.  Күйіс 

малында  ас  қорыту  жолдарының  құрылысына  байланысты  белоктар 

алмасуында біршама ерекшеліктер байқалады. Оның негізінде мал организмі 

мен  ас  қорыту  жолының  микроорганизмдері  арасындағы  селбестік  жатады. 

Азық құрамындағы азоттың 60 пайызға жуығы микроорганизмдер əрекетінің 

нəтижесінде қорытылып, олардың басым бөлігі микроорганизмдер денесінің 

белогын  түзуге  қажет  амин  қышқылдары  мен  пептидтерді  синтездеуге 

пайдаланылады.  

Күйіс малының ішегінен сіңірілетін амин қышқылдарының үш түрлі көзі 

болады:  1)  қарынның  алдыңғы  бөлігінен  қорытылмай  өткен  азық 

құрамындағы  белоктар,  пептидтер  жəне  амин  қышқылдары;  2)  қарыннан 

өткен микроорганизмдер денесі (олар амин қышқылдарының негізгі көзі); 3) 

ішек қуысына қаннан өткен, немесе кілегей қабықтан үзіліп түскен эпителий 

торшалары  құрамындағы  эндогенді  белоктар.  Аталған  азотты  заттардың 

негізгі бөлігі (80 пайыз шамасында) ащы ішекте қорытылады да, қалғаны

 

тоқ 



ішекте ыдырайды. 

Қанға  сіңген  амин  қышқылдарынан  ұлпаларда  организмге  тəн  белоктар 

түзіледі.  Демек,  күйіс  малында  белок  екі  мəрте  синтезделеді:  алдымен  мес 

қарында  аммиак  пен  амин  қышқылдарынан,  екінші  рет  ұлпаларда  қанға 

сіңген амин қышқылдарынан. Күйіс малында аммиак та екі рет түзіледі: мес 

карында


 

өсімдік  белоктарының  қорытылуы  барысында  жəне  ұлпаларда  - 

амин қышқылдарын аминсіздеу нəтижесінде.  

Күйіс  малына  азоттың  мес  қарын  -  бауырлық  айналымы  тəн.  Бұл 

құбылыстың  биологиялық  мəні  зор.  Ол  микроорганизмдер  əрекетімен 

түзілген  несепнəрді  қайта  ыдыратып,  организмдегі  азот  қорын  тиімді 

пайдалануға мүмкіндік береді.  

Мес қарын микроорганизмдерінің əрекетімен көптеген амин қышқылдары, 

соның  ішінде  алмастырылмайтын  қышқылдар  да  түзіледі,  сондықтан  күйіс 

малы  азықтың  амин  қышқылдық  құрамына  онша  тəуелді  болмайды  деген 

ұғым  қалыптасқан.  Қазіргі  кезде  малдың,  əсіресе  мол  өнімді  малдың,  амин 

қышқылдарға  деген  мұқтаждығын  микробиологиялық  синтез  толық 

қамтамасыз ете алмайтыны дəлелденді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет