Белоктың құрылысы мен құндылығы. Белоктың құрылысы өте
күрделі. Оның əрбір молекуласы бірнеше амин қышқылының тізбегінен
құралады. Жалпы табиғатта 25 амин қышқылы белгілі, бірақ нақтылы белок
құрамына олардың барлығы ене бермейді. Кейбір белоктың құрамына 14-15
амин қышқылы кірсе, протамин, сурин, салмин сияқты қарапайым
белоктардың құрамына бар болғаны 3-4 амин қышқылы енеді.
Белоктардың дұрыс алмасып, синтезделуі үшін организм азық
құрамында түрлі амин қышқылдарын қабылдау керек. Бірақ рациондағы
белоктар құрамында барлық қажетті амин қышқылдарының болуы мүмкін
емес. Осыған байланысты бірқатар амин қышқылы организмнің өзінде
қайта аминдеу процесінің нəтижесінде синтезделеді. Мысалы, организмде
фенилаланиннен тирозин қышқылы синтезделеді. Амин қышқылдарының
организмнің өзінде синтезделетін тобын алмастырылатын амин
қышқылдары деп атайды. Оларға аланин, аспарагин, глутамин, глицин,
пролин, серин, аспарагин қышқылдары жатады.
Табиғатта кездесетін 25 амин қышқылының арасынан 10 амин қышқылы:
триптофан, треонин, лизин, фенилаланин, метионин, лейцин, изолейцин,
аргинин,
гистидин,
валин
организмде
синтезделмейді,
оларды
алмастырылмайтын
амин
қышқылдары
деп
атайды.
Аталған
қышқылдармен қатар бұл топқа құстар үшін глицин мен глутамин
қышқылдары да қосылады. Аргинин, гистидин, цистеин жəне тирозин
қышқылдарын жартылай алмастырылатын амин қышқылдары деп
атайды.
Рацион құрамында алмастырылмайтын амин қышқылдары жетіспесе
организмде белок түзу процесі бұзылып, теріс азоттық баланс байқалады,
малдың
өсуі
баяулап,
ол
салмағын
жоғалтады.
Белгілі
бір
алмастырылмайтын амин қышқылы жетіспесе, онда сол қышқылдың
биологиялық маңызына байланысты ауытқулар байқалады. Мысалы,
триптофан қышқылы төл көтеру процесі дұрыс жүру үшін қажет,
сондықтан ол болмаған жағдайда іштөл өспей, сорылып кетеді. Рационда
валин болмаса жүйке жүйесінің қызметі бұзылады, лизин болмаса - өсу
тоқтайды, лейцин болмаса қан плазмасы мен ұлпалардағы белоктардың
түзілуі бұзылады.
Рацион құрамындағы тапшылығына байланысты организмдегі белок
синтезі бұзылатын амин қышқылдарын шектеуші амин қышқылдары деп
атайды. Оларға лизин, триптофан, метионин жатады.
264
Амин қышқылдық құрамына қарай белоктар құнарлы жəне құнарсыз болып
бөлінеді. Құрамында барлық алмастырылмайтын амин қышқылдары
кездесетін белоктарды құнарлы деп атайды. Егер белок құрамында бір ғана
алмастырылмайтын амин қышқылы болмаса, оны құнарсыз белок дейді.
Мұндай белок организмнің мұқтаждығын толық қанағаттандырмайды.
Құнарсыз белоктар тобына желатин, легумин, гиадин т.с.с. жатады. Рационға
құнарсыз белоктардың бірнеше түрін қосу арқылы мал барлық
алмастырылмайтын қышқылдарды алатындай жағдай туғызуға болады.
Амин қышқылдық құрамына байланысты белоктың организмдегі
синтездік процестерде пайдалану деңгейі өзгеріп отырады. Осыған
байланысты азық белогының биологиялық құндылығы деген ұғым
қалыптасқан.
Құрамындағы
амин
қышқылдарының
арақатынасы
организмдегі синтездік процестердің қалыпты деңгейін қамтамасыз ететін
белокты биологиялық құнды белок деп атайды.
Белоктың биологиялық құндылығы азық құрамындағы 100 г белоктан
организмде түзілген белок мөлшерімен анықталады. Жануар тектес
азықтардың (ет, сүт, жұмыртқа) биологиялық құндылығы өте жоғары, 70-95
пайыз деңгейінде, ал өсімдік белогының (қара бидай,сұлы) құндылығы көп
төмен - 60 - 65 пайыз.
Достарыңызбен бөлісу: |