Жануар физол


Суда  еритін  дəрмендəрілер



Pdf көрінісі
бет220/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   504
Суда  еритін  дəрмендəрілер.  В  тобындағы  дəрмендəрілердің  химиялық 

құрамы мен физиологиялық əсерін көптеген ғалымдар зерттеген, сондықтан 

бір  дəрмендəрінің  бірнеше  аты  бар.  Бұл  дəрмендəрілер  көптеген 

ферменттердің  құрамына  кофермент  ретінде  енеді  де,  организмдегі  зат 

алмасу  процесін  реттеуде  маңызды  рөл  атқарады.  Мысалы,  никотин 

қышқылының  амиді  тотығу  процесін  жүргізетін  ферменттердің  құрамына 

кіреді.  Тиамин  фосфор  қышқылымен  қосылған  соң  пирожүзім  қышқылын 

карбоксилсіздеу процесіне  қатысады. В   тобындағы дəрмендəрінің 

 

 

 



 

 

108- суретПолиневритпен  

ауырған тауық 

 

қызметінің  нашарлауы,  антиденелер  түзілуінің  баяулап,  организмнің 



қорғаушы қабілетінің төмендеуі т.б. 

Дəрмендəрілердің  бұл  тобына  В

1

,  В


2

,  В


6

,  РР,  биотин,  парааминобензой 

қышқылы,  пантотен  қышқылы,  инозитол,  холин,  фоли  қышқылы,  В

12

  жəне 



В

15

 дəрмендəрілері жатады. 



В

1

 

дəрмендəрісі  (тиамин,  аневрин)  жетіспесе  бери-бери  (полиневрит) 

ауруы  қозады.  Бұл  аурудың  алғашқы  сатысында  жүйке,  жүйесінің  қызметі 

бұзылады,  жүрек  жұмысы,  ас  қорыту  ағзаларының  қызметі  нашарлайды, 

салмақ азаяды, қан мен несеп құрамында пирожүзім қышқылының мөлшері 

артады. Ауру асқынса шеткі жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, сал ауруына, 

демікпеге соқтырады. Бұл ауру құрамында В

1

 дəрмендəрісі шамалы ақталған 



күрішпен  тамақтанатын  Жапония,  Үндістан,  Индонезия,  Үндіқытай 

халықтарының арасында кең етек алған. 

В

1

  дəрмендəрісі  бидай  мен  күріш  кебегінде,  дəнді  дақылдар  тұқымында, 



жұмыртқада, етте, бұршақ  дақылдарында,   ашытқыда өте көп кездеседі. 

В

1



  дəрмендəрісі  майды,  өсімдік  пен  микроорганизмдерде  көмірсуларды 

түрлендіру  процесінде  маңызды  рөл  атқарады.  Оның  себебі,  ол  көмірсулар 

 

áiðåói      ¹аíа  æåтiñïåãåííi»  ¼çiíäå 



îðãаíèçìäåãi 

áèîõèìèÿëûº 

ðåаêöèÿëаð  ¼çãåðiï,  т¾ðëi  аóðóëаð 

áаéºаëаäû:  тåðiíi»  ºаáûíóû,  ê¼ç 

áåí 

аñ 


ºîðûтó 

а¹çаëаðûíû» 

аóðóëаðû,  æ¾éêå  æ¾éåñi  ºûçìåтiíi» 

á½çûëóû,   ê¼áåþ 

î

ðãаíäаðû


 


 

296


диссимиляциясы кезінде пайда болатын пирожүзім қышқылының ыдырауын 

жандандыратын  пируватдекарбоксилазаның  құрамына  кіреді.  Пирожүзім 

қышқылының  карбоксилсізденуі  кезінде  анаэробтық  жағдайда  тірі  жүйе 

үшін  энергия  көзі  болып  табылатын  лимон  қышқылы  түзіледі.  Осы  себепті 

тиамин тапшылығы кезінде торшалардың тіршілік əрекеті бұзылады. Тиамин 

ацетилхолинді ыдырататын холинэстраза ферментінің əсерін бөгейді. 

Тиаминді өсімдіктер синтездей алады, ал жануарлар мен адамдарда ондай 

қабілет  жоқ.  Сондықтан  жылқы,  шошқа,  қоян  азық  құрамында  бұл 

дəрмендəріні  қабылдап  отыруы  керек.  Күйіс  малы  тиаминге  мұқтаж 

болмайды, себебі мес қарын микроорганизмдері оларды жеткілікті мөлшерде 

синтездейді.  Жылқы  мен  шошқаның  тиаминге  тəуліктік  сұранысы 

массасының əрбір 100 кг

 

шаққанда тиісінше 3-5 жəне 2-4 мг. 



В

2

 дəрмендəрісі (рибофлавин) кейбір сары түсті ферменттердің құрамына 

кіретін  флавин  тектес  заттарға  жатады.  Ол  өсімдік  құрамында,  жануарлар 

мен  микроорганизмдер  денесінде  кең  тараған.  Рибофлавин  балғын  азықтар 

мен  капуста  құрамында,  ашытқыларда,  бауырда,  жұмыртқада,  бүйректе, 

сүтте  көп  болады.  Ол  зат  алмасу  процесінде  маңызды  рөл  атқарады,  түрлі 

ферменттер, əсіресе тыныс ферменттерін синтездеу үшін қажет. 

Организмде  рибофлавин  жетіспесе  көмірсулар  алмасуы  бұзылып, 

бауырда 


гликогеннің 

түзілуі 


баяулайды, 

сүт 


жəне 

пирожүзім 

қышқылдарының  тотығуы  нашарлайды.  Бұл  дəрмендəрі  белоктың  алмасу 

процесін  дұрыс  жүргізу  үшін  де  қажет.  Ол  жетіспесе  белок  пен  амин 

қышқылдарының  пайдаланылу  деңгейі  төмендейді,  көптеген  амин 

қышқылдары  еш  өзгеріссіз  несеп  арқылы  бөлінеді.  Рибофлавин  көру 

органдарының,  жыныс  бездерінің,  жүйке  жүйесінің  қалыпты  қызметі  жəне 

ұрықтың  құрсақта  дұрыс  дамуы  үшін  қажет.  Ол  гемоглобинді  синтездеу 

процесін  реттеуге  де  қатысады.  Рибофлавиннің  жетіспеуінен  организм 

гипохромдық  анемияға,  жүйке  жүйесінің  ауруларына  шалдығады,  əсіресе 

оның нəрлендіру қызметі бұзылады. 

Рибофлавин  тапшылығына  шошқа  мен  құстар  сезімтал.  Ол  жетіспеген 

жағдайда  балапандардың  өсуі  баяулап  (109-сурет),  іші  өтеді  де,  олар  сал 

ауруға  шалдығып,  өле  бастайды,  ал  сақа  құстардың  жұмыртқалау  қабілеті 

төмендейді.  Шошқалардың  өсіп-жетілуі,  дамуы  баяулап,  көзі  ағарады, 

əлжуаздық 

байқалады. 

Күйіс 


малында 

рибофлавинге 

мұқтаждық 

байқалмайды,  тек  емізулі  төлдер  ғана  оған  мұқтаж  болады.  Ол  жетіспесе 

бұзаулардың  тəбеті  төмендеп,  іші  өтіп,  жүні  түсіп,  аузынан  сілекей 

сорғалайды. 

Организмнің  қалыпты  тіршілігі  үшін  азықтың  құрғақ  затының  əр  кг-на 

тауық пен үйрек балапандары - 3 мг, күрке тауық пен үйрек - 4 мг, торайлар - 

0,5-5,3 мг, мегежіндер - 2,1-3,2 мг рибофлавин қабылдау керек. 



 

297




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет