Жануар физол


Майда  еритін  дəрмендəрілер.  А



Pdf көрінісі
бет219/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Майда  еритін  дəрмендəрілер.  А  дəрмендəрісі  (ретинол)  -  каротин 

туындысы.  Ол  суда  ерімейді,  бірақ  түрлі  май  еріткіштері  мен  майда  ериді. 

Рационда  А  тобындағы  дəрмендəрілер  жетіспесе  организмнің  өсіп-жетілуі 

бұзылады, ауруға төзімділігі төмендейді, көру қабілеті əлсіреп, ақшам соқыр 

деп аталатын ауруға шалдығады (106-сурет).  

А  тобындағы  дəрмендəрілер  ұзақ  уақыт  жетіспеген  жағдайда  тері  мен 

кілегей  қабықтық  қызметі  бұзылып,  өкпе,  бронхылар,  қуық  пен  бүйрек 

ауруға  шалдығады.  Ретинолдан  басқа  табиғатта  А

2

,  А


3

  дəрмендəрілері  де 

кездеседі. 

А 

тобындағы 



дəрмендəрілер 

өсімдік 


құрамында 

кездесетін 

каротиноидтардан  жануарлар  ұлпаларында  ғана  түзіледі.  Жануарлар 

организмінде  ерекше  ферменттердің  (каротиназа)  əсерінен  каротин  А 

дəрмендəрісіне  айналады.  Каротиназа  бауыр  мен  ішек  қабырғасында 

кездеседі. 

 



 

293


 

106-сурет. А дəрмендəрісінің көзге əсері: 

А - сау егеуқұйрық; Б - ауыра бастаған егеуқұйрық; В - ксерофталмия 

 

А  дəрмендəрісінің  негізгі  көзі  -  каротинге  бай  балауса  шөп  болып 



табылады. Азықтың əр килограмына шаққанда жоңышқа мен сары жоңышқа 

шөбінде 40-90 мг, қызылша жапырағында 30-50, жүгері сүрлемінде - 20-30, 

сапалы  пішенде  -  20-40,  пішен  ұнтағында  -  5-20,  шөп  ұнтағында  -  100-300, 

сəбізде-50-100 мг каротин болады. 



Д

  -  тобындағы  дəрмендəрілер,  немесе  кальциферолдар,  тек  мал 

организмінде  кездеседі.  Олар  өсімдіктер  құрамындағы  стеролдардан 

ультракүлгін  сəуленің  əсерінен  түзіледі.  Стеролдардың  ең  маңызды  өкілі  - 

эргостерол. Ол ашытқылар мен зең саңрауқұлақтарында көптеп кездеседі. Д 

- тобындағы дəрмендəрілердің ішінде жануарлар үшін ең маңыздылары Д

2

 – 



эргокальциферол жəне Д

3

 – холекальциферол



Кальциферолдар  организмде  минералды  заттар  мен  қуат  алмасуын 

реттеуге  қатысады,  азоттың,  көмірсулардың,  кальцийдің,  фосфордың  сіңуін 

жақсартады. 

Организмде  Д  –  дəрмендəрілері  жетіспесе  жас  төл  рахит  ауруына 

шалдығады, ал сақа малда - остеомаляция байқалады, малдың көбею қызметі 

бұзылып, өнімділігі төмендейді (107- сурет). 

 



 

294


 

 

107-сурет. Рахитпен ауырған бұзаулар: А - əлсіз түрі; Б – асқынған түрі 

 

Д  тобындағы  дəрмендəрілер  балық  майында,  сүт  қоректілер  мен  құс 



бауырында көп болады. Ол сүт құрамында, сары майда, жұмыртқаның сары 

уызында да кездеседі. Əртүрлі азықтың 1 кг-да халықаралық бірлікпен (ХБ) 

есептегенде  Д  дəрмендəрісі  мына  мөлшерде  кездеседі:  пішен  мен 

жоңышқада, сары жоңышқа пішенінің ұнында - 200-1000, жүгері сүрлемінде 

-  30-70,  құрғақ  ашытқыда  -  1-5  млн,  азықтық  ашытқыда  -  3-7  млн,  балық 

ұнында 50-100, майын айырған сүтте - 5-20.  



Е  дəрмендəрісі  (токоферол)  төрт  изомерден    тұрады,  оларды                               

α



β

γ



,    -  жəне 

δ

,    токоферолдар  деп  атайды.  Бұлар  бір-бірінен



 

бензол 


сақинасындағы  метил  топтарының  санымен  жəне  орналасу  тəртібімен 

ерекшеленеді.  Е  дəрмендəрісінің  жануарлар  үшін  айрықша  маңызы  бар. 

Оның  жетіспеуі  жануарлардың  жыныстық  қызметінің  əлсіреуіне  себепші 

болады, ұрықтың дамуы бөгеліп, сперматогенез бұзылады. Е дəрмендəрісінің 

жетіспеуінен 

эритроциттердің 

гемолизге 

төзімділігі 

төмендеп, 

ет 


дистрофиясы  басталады  да,  жүрек  еттерінің  қызметі  бұзылады.  Бұл 

дəрмендəріні азыққа қосу сиырдың жұқпалы іш тастауын едəуір кемітуге, құс 

балапанын  энцефаломиелит  ауруынан  сақтауға  мүмкіндік  береді. 

Токоферолдар  өсімдік  майын  қышқылданудан  жəне  оның  дəмінің 

бұзылуынан  қорғайды.  Бұл  дəрмендəріге  мұқтаждық  малдың  жасына, 

жыныстық қызметіне байланысты өзгеріп отырады. Оған азық құрамындағы 

селеннің де мөлшері əсер етеді. 

Е дəрмендəрісі өсімдік тектес те (өсімдік майлары, өнген бидай, көкөніс), 

жануар  тектес  те  (сиырдың  сары  майы,  ет,  сүт,  жұмыртқа)  азықтың 

құрамында кездеседі. 

  К  тобындағы  дəрмендəрілер  (К

1

  -  филлохинон,  К



2

  -  фаркохинон,  К

3

  - 


викасол)  химиялық  табиғаты  жағынан  нафтохинон  туындысы  болып 

саналады.  Бұл  топтың  дəрмендəрілері  қанның  ұю  процесінде  маңызды  рөл 

атқарады, сондықтан оларды антигеморрагиялық факторлар деп те атайды. 

К  тобындағы  дəрмендəрілер  жетіспегенде  қандағы  протромбин  мөлшері 

азайып,  қанның  ұю  жылдамдығы  баяулайды,  ағзалар  қанталап  кетеді 



 

295


(геморрагия).  К  дəрмендəрілерін  ексе  бауырда  протромбиннің  түзілуі 

күшейіп, қанның ұйығыштық қасиеті қалпына келеді. 

 К  дəрмендəрілері  көптеген  азық  құрамында  кездеседі  жəне  организмнің 

өзінде ас қорыту жолындағы микроорганизмдердің əрекетімен синтезделеді. 

Бірақ  бұл  дəрмендəрілердің  дұрыс  сіңуі  үшін  өт  қышқылдары  қажет,  оның 

бөлінуі  бұзылса  К  дəрмендəрісінің  тапшылығы  сезіледі.  Бір  килограмм  жас 

жоңышқада 80 мг, көк сұлыда - 90, тамыртүйнек өсімдіктер сүрлемінде- 30, 

шөп сүрлемінде - 45, сəбізде- 20 мг филлохинон болады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет