Жануар физол



Pdf көрінісі
бет230/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Конвекция    деп  жылудың  денемен  жанасқан  ауа  ағынына  берілуін 

айтады.  Конвекция  жылу  өткізу  процесімен  тығыз  байланысты.  Малдың 

қимылы  немесе  ауа  ағыны  неғұрлым  жылдам  болса,  соғұрлым  конвекция 

күшейіп, жылу өткізу артады. 



Радиация  (сəулелену)  -  деп  денеден  жылудың  инфрақызыл  сəулелермен 

таралуын  айтады.  Дене  температурасы  жоғарылаған  сайын  сəулелену 

күшейе түседі. 

Булану  -  сұйықтың  (тердің)  газ  тəрізді  күйге  ауысу  процесі.  Булану 

кезінде  сұйықтан  неғұрлым  жылдам  қозғалатын  молекулалар  ұшып 

шығатындықтан,  оның  ішкі  энергиясы  кемиді,  яғни

 

сұйық  салқындайды. 



Булануға қажет жылу дененің бетінен босанады да, оны салқындатады. 

  

 



 

            

 

 

 



 


 

314


 

 

 



 

118-сурет. Денеден жылу бөлу жолдары  

 

Жылудың  белгілі  бір  бөлігі  несеп  жəне  нəжіс  арқылы  шығарылады. 



Жалпы  денеден  бөлінетін  жылудың  70  пайызы  конвекциялық  жəне 

радиациялық жолмен шығады. Қоршаған орта мен тері температурасының 

айырмасы неғұрлым көп болса, соғұрлым жылу тез бөлініп шығады. Жылу 

бөлу  самал  соқса,  тері  тамырларының  арнасы  кеңісе  күшейеді.  Түктің 

қалыңдауы,  тері  тамырлары  арнасының  тарылуы,  тері  шелінің  қалыңдауы 

жылудың бөлінуін азайтады (119-сурет). 

Жылу  шығару  жолдары  қызметінің  арақатынасы  түлік  түріне,  малдың 

күйіне  жəне  қоршаған  орта  жағдайларына  байланысты  өзгереді.  Ауаның 

ылғалдығы жоғарыласа булану процесі əлсіреп, жылу негізінен өткізу жолы 

арқылы  шығады.  Ауыр  жұмыс  кезінде  немесе  сыртқы  орта  температурасы 

жоғарылағанда  жылу  көбінесе  булану  жолымен  бөлінеді  де,  радиациялық 

процесс  бəсеңдейді.  Дене  температурасы  қоршаған  орта  температурасынан 

жоғары  болса,  жылу  өткізу  жəне  радиациялық  жолдарымен,  ал  бұл 

айырмашылық азайған сайын жылу тер арқылы бөлінеді. 1 г термен 2,42 кДж 

жылу шығады. 

Дене  температурасын  реттейтін  орталық  аралық  мидың  гипоталамус 

аймағында  орналасқан.  Гипоталамустың  алдыңғы  бөлімінің  торшалары  қан 

температурасының жоғарылауына реакция береді де, жылу бөлу орталығын, 

ал  артқы  бөлімінің  торшалары  қанның  салқындауына  реакция  беріп,  жылу 

түзу (өндіру) орталығын құрайды. Орталық не рефлекторлы, не гуморальды 

түрде қозады. 

                                                




 

315


 

       119-сурет. Жылудың денеден теріге (ішкі градиент) жəне теріден сыртқы 

ортаға (сыртқы градиент) берілу механизмі 

  

Жылу  реттеуде  тері  рецепторлары  маңызды  рөл  атқарады.  Терінің 



жылылықты  немесе  суықтықты  қабылдайтын  рецепторлары  қозғанда 

импульстер  жүйке  орталығына  беріліп,  одан  əрі  вегетативтік  жүйкелер 

немесе  ішкі  секция  бездері  арқылы  зат  алмасу  процесінің  қарқынын 

өзгертеді.  Сонымен  қатар  мұндай  кезде  еттердің  əрекеті,  тамырлар  арнасы, 

тер бөлу процесі өзгеріп, тынысты реттейтін орталықтың қызметі күшейеді.  

Жылуды  гуморальды  жолмен  реттеуде  қан  тамырларындағы  немесе 

гипоталамустағы терморецепторларға қанның жылылық деңгейінің əсері зор 

болады. 


Жылуды  реттеу  процесіне  үлкен  ми  жарты  шарларының  (оның  маңдай 

бөлігінің)  торшалары  да  қатысады.  Ми  қыртысын  сылып  тастаса,  жылуды 

реттеу процесі нашарлайды. Сыртқы орта температурасының ауытқуларына 

шартты  рефлекстер  оңай  қалыптасады.  Дене  температурасын  реттеудегі 

шартты  рефлекстік  механизмдердің  маңызын  К.М.Быков  пен  А.Д.Слоним 

зерттеген.  Егер  итті  біраз  уақыт  суық  бөлмеге  (8-10

0

С)  кіргізсе,  төменгі 



температураның əсерімен оның зат алмасу процесі күшейеді. Осы тəжірибені 

10-12  рет  қайталағаннан  соң,  шартты  рефлекстің  қалыптасуының 

нəтижесінде, бөлме температурасын 22

0

С деңгейінде ұстағанның өзінде оған 



кіргеннен кейін зат алмасу процесі жоғарылап кетеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет