Жануар физол


 Жануарлар зəрінің меншікті салмағы мен рН көрсеткіші



Pdf көрінісі
бет238/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   504
33. Жануарлар зəрінің меншікті салмағы мен рН көрсеткіші 

Жануарлар 

 

Сыбағалы салмағы 



РН 

Сиыр  


Жылқы  

Қой  


Шошқа 

Ит  


Мысық  

Қоян  


Тауық  

1,030 


1,040 

0,030 


1,015 

1,025 


1,032 

1,025  


1,005 

7,7-8,5 


7,2- 8,4 

7,4-8,5 


6,0-7,5 

5,2-7,0 


5,0-7,2 

7,2-8,0 


6,2-6,5 

 

Зəрдің  əрекетшіл  ортасы  малдың  азықтандырылу  ерекшеліктеріне 



байланысты  өзгереді.  Шөп  қоректі  жануарларда  ол  сілтілік,  ет  қоректі 

жануарларда қышқылдық , ал шошқада - амфотерлік. 




 

326


10.5. Зəр түзу процесінің реттелуі 

Нефрондар  қызметі  рефлекторлық  жолмен  де,  гуморальдық  жолмен  де 

реттеледі.  Бүйрек  жұмысы  органның  өзінде  орналасқан  сезімтал  жүйке 

ұштарын  немесе  басқа  рецепторларды  (көру,  есту,  тері,  проприо-, 

интерорецепторларды  т.б.)  тітіркендіргенде  өзгеретіні  дəлелденген.  Бүйрек 

қызметін 

рефлекторлық 

жолмен 


реттеуде 

осморецепторлар 

мен 

волюмрецепторлардың да маңызы өте зор. 



Бүйрек 

симпатикалық 

жəне 

парасимпатикалық 



жүйкелермен  

жүйкеленеді. 

Симпатикалық 

жүйкені 


тітіркендіргенде 

мальпигий 

шумақтарының  қанмен  жабдықталуы  өзгеріп,  зəрмен  су  азырақ,  ал  хлорлы 

натрий көбірек шығарылады. Кальцийдің кері сорылуы мен секрециясын да 

симпатикалық  жүйке  талшықтарының  реттейтіні  жайлы  деректер  бар. 

Кезеген  жүйкені  тітіркендіргенде  организмнен  судың  бөлінуі  күшейіп, 

азотты заттардың шығарылуы кемиді. Бүйрекке келетін симпатикалық жəне 

кезеген жүйкелерді қиып тастағанда организмнен хлорлы натрийдің бөлінуі 

күшейеді,  ал  кезеген  жүйкені  тітіркендіргенде  ол  азаяды.  Вегетативтік 

жүйкелер  бүйрек  жұмысына  оның  қанмен  жабдықталу  деңгейін  өзгерту 

арқылы  əсер  етеді.  Зəр  түзу  бүйрек  тамырлары  тарылған,  қан  қысымы 

төмендеген  кезде  əлсірейді  де,  керісінше  бүйрек  тамырлары  кеңейгенде, 

жалпы қан қысымы жоғарылағанда -  күшейеді. 

Зəр  түзу  орталығы сопақша мида орналасады,  ол  аралық мидағы су  мен 

тұздың  алмасуын  реттейтін  орталықпен  тығыз  байланысты.  Зəр  түзу 

процесіне  үлкен  ми  сыңарлары  да  əсер  етеді.  Үлкен  ми  сыңарларының 

алдыңғы бөлімінде зəр түзуге ықпал ететін орталықтың болатынын 1879 ж. 

В.М.Бехтерев дəлелдеген. Қазіргі кезде бұл орталықтың зəр түзу процесінің 

қарқынын,  зəрдің  құрамын  реттеуге  қатысы  бар  екені  анықталды.  Аталған 

орталық  эфференттік  жолдармен  аралық  жəне  ортаңғы  ми,    сұр  төмпешік, 

гипоталамус  аймағындағы  жүйке  орталықтарымен  байланысады.  Бұл 

орталық зақымданса зəр түзу  процесі  бұзылмағанымен, бүйрек қызметінің 

организм  күйіне  бейімделу  қабілеті  төмендейді.  Мысалы,  организмге 

шамадан  тыс  мөлшерде  су  берілгенде  бүйрек  қызметі  нашарлайды.  Бүйрек 

қызметіне  үлкен  ми  сыңарлары  əсерінің  боларын  шартты  рефлекстер 

қалыптастыру  арқылы    дəлелдеуге  болады.  Тік  ішекке  су  құйса,  зəр  түзу 

күшейеді.  Егер  осы  шара  белгілі  бір  шартты  сигналдан  (қоңырау,  электр 

шамын жағу т.б.) кейін қайталанса, бірнеше тəжірибеден кейін  тек шартты 

сигнал зəр түзуді күшейтеді. 

Бүйректің  қызметі  гуморальдық  жолмен  де  реттеледі.    Диурез  қанда 

хлорлы  натрий,  несепнəр,  пурин  негіздері  көбейсе  күшейеді.  Дегенмен,  зəр  

түзу    процесін    реттеуде  гипофиздің  вазопрессин  гормоны  мен  бүйрек  үсті 

безінің  қыртыстық  затынан  бөлінетін  альдостерон  гормоны  маңызды  рөл 

атқарады. 




 

327


Организмде  су  тапшылығы  байқалса,  қан  құрамында      хлорлы  натрий 

концентрациясының  өсуіне  байланысты  ұлпалар  мен  ағзалардағы 

осморецепторлар тітіркенеді де, тітіркеніс афференттік жолмен гипоталамус 

арқылы  нейрогипофизге  бағытталады.  Осының  нəтижесінде  вазопрессиннің  

бөлінуі    күшейеді.  Вазопрессин  гиалуронидаза  ферментінің  түзілуін 

арттырады.    Бұл  ферменттің  əсерімен  бүйректің  дисталдық  (екінші  реттік) 

ирек  түтікшелерінің  қабырғаларын  тығыздап  тұратын  мукополисахарид  - 

гиалурон 

қышқылы 

полимерсізденіп, 

түтікшелер 

қабырғасындағы 

жасушалар  кеңейеді  де,  судың  кері  сіңірілу  процесі  күшейеді.  Осының 

нəтижесінде организмде су  қоры көбейіп, зəр түзу қарқыны күрт төмендейді 



(олигоурия)  немесе  зəр  бөлу  тоқтайды  (анурия).  Вазопрессин  неғұрлым  көп 

бөлінсе,  соғұрлым  гиалуронидаза  мол  түзіледі  де,  нефрон  түтікшелерінің 

дистальдық  бөлігінде  судың  кері  сіңірілуі  күшейеді.  Организмде  су  қоры 

артып  кетсе,  вазопрессин  аз  бөлінеді  де,  гиалуронидазаның  синтезі 

төмендейді,  гиалурон  қышқылы  бұзылмайды,  түтікшелер  қабырғасы  беки 

түседі,  судың  қайта  сіңірілуі  нашарлап,  зəр  түзу  күшейеді.  Гипоталамус 

зақымданса,  қанға  вазопрессин  бөлінбейді  де,  зəр  бөлу  шамадан  тыс  артып 

кетеді (полиурия). 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет