Жануар физол



Pdf көрінісі
бет229/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

жылу  реттеу  деп  атайды.  Денеден  жылудың  қоршаған  ортаға  берілуін 

үйлестіруді  физикалық  жылу  реттеу  деп  атайды.  Осы  тетіктерге 

байланысты  қалыпты  жағдайда  денеде  түзілген  жылу  шығындалған 

жылудың  орнын  толтырып  отырады  да,  организмде  температура 

тұрақтылығы сақталады. 

Химиялық  жылу  реттеу  немесе  жылу  өндіру  организмдегі  зат  алмасу 

процесін  күшейту  немесе  бəсеңдету  арқылы  атқарылады.  Жылу  түзетін 

реакциялар барлық органдар мен ұлпаларда жүреді жəне оның қарқыны зат 

алмасу  процесінің деңгейіне  байланысты.  Жылу  əрекеті  күшті органдарда  - 

ет ұлпаларында, бауырда, мида, бүйректе, ішкі секреция бездерінде, жүректе 

көбірек, ал дəнекер ұлпаларда, сүйектерде, сіңірлерде аз түзіледі. Тыныштық 

жағдайында  организмде  түзілетін  жылудың  25  пайызы  етте,  20  пайызы 

бауырда, 13 пайызы мида, 11 пайызы жүректе, 7 пайызы бүйректе, 5 пайызы 

теріде,  ал  қалған  19  пайызы  басқа  органдарда  өндіріледі.  Дене  жұмысы 

кезінде  жылудың  70-75  пайызы  етте  түзіледі.  Дене  еттерінің  жай  ғана 

шиырығуының  өзі  жылу  өндіруді  10  пайызға,  ал  қимыл-қозғалыс  -  60-80 

пайызға арттырады. 

Жылудың  түзілуіне  əсер  ететін  негізгі  факторлардың  бірі  -  қоршаған 

ортаның  температурасы.  Орта  температурасы  жоғарыласа,  жылу  түзу 

азайып,  төмендесе  –  артып  отырады.  Суық  ауа  əсерімен  еттер  еріктен  тыс 

жиырылып,  мал  денесі  дірілдей  бастайды.  Осыған  байланысты  еттегі  зат 

алмасу  процесі  күшейіп,  жылу  өндіру  артады.  Қазіргі  кезде  жылу  түзуде 

өкпенің  маңызды  рөл  атқаратыны  анықталған.  Өкпе  гистиоциттері  қан 

құрамынан  сүзіп  алған  майлар  оттегінің  қатысуымен  осы  жерде  тотығып, 

ыдырайды.  Осының  нəтижесінде  түзілген  жылу  бір  жағынан  өкпеге  келген 

ауаны  жылытады,  екіншіден  қан  арқылы  бүкіл  денеге  тарайды.  Сондықтан 



 

312


кейбір  зерттеушілер  өкпені химиялық жылу  реттеу  тетігінің негізгі органы, 

ал бұлшық ет бұл процесте тек қосымша қызмет атқарады деген пікір айтуда. 

Денеде  зат  алмасу  процесі  мардымсыз  деңгейде  жүріп,  жылу  бөлу 

механизмдерінің 

ширықпай 

əрекет 


етуімен 

сипатталатын 

орта 

температурасын  алмағайып  (қатерлі)  нүкте    деп  атайды.  Организм 



суықтықты да, жылылықты да сезінбей, зат алмасу процесі бірқалыпты баяу 

жүретін орта температурасын термобейтараптық  шек дейді (117-сурет). 

 

117-сурет. Химиялық жылу реттеу (С. Джелинео схемасы) 

 

Əр түлік малда алмағайып нүкте түрлі деңгейі, термобейтараптық шектің 



ауытқулары əртүрлі болады. Ол малдың тұқымына, жасына, орта жағдайына 

бейімдігіне байланысты.  

Химиялық  жылу  реттеу  қарқыны  жануарлардың  морфологиялық 

ерекшеліктеріне  (жүннің  тығыздығына,  тер  бездерінің  дамуына,  дене 

беткейінің көлеміне, малдың массасына) жəне экологиялық жағдай мен жыл 

маусымына  байланысты.  Малда  жылу  реттеу  тетіктері  жақсы  дамыған, 

сондықтан олар суыққа төзімді келеді. Масалы, ірі қараға өте төмен қатерлі 

нүкте  жəне  кең  термобейтараптық  шек  тəн  (4

0

С-дан  20



0

С-қа  дейін).  Күйіс 

малында 4-20

0

С аралығында газ алмасу процесі тұрақты деңгейде сақталады 



да, температура төменгі шектен суығаннан кейін ғана ол күшейе бастайды. 

Мал  үшін,  əсіресе  күйіс  малында  ыстық  кезде  дене  температурасының 

тұрақтылығын  сақтау  өте  қиын.  Сиырлар  ыстық  кезде  ұлпалардағы  зат 

алмасу  процесін  бəсеңдете  алмайды,  тіпті  мал  азық  жемегеннің  өзінде  мес 

қарыннан  ҰМҚ  мен  анорганикалық  фосфордың  сіңуі  тоқталмайды.  Бұл 

заттар  оттегіні  сіңіруді  күшейтіп,  жылу  бөлуді  арттыра  түседі.  Сондықтан 

шөп қоректі жануарларда қоршаған орта температурасы жоғарылаған сайын 



 

313


жылу  өндіру  азаймайды,  керісінше  күшейе  береді.  Осыған  байланысты 

ыстық кезде олар дене температурасының тұрақтылығын өте жақсы дамыған 

физикалық жылу реттеу тетіктері арқылы сақтайды. 

Жас төлдерде (қозы, бұзау, құлын) химиялық жылу реттеу тетіктері жақсы 

қалыптасқан,  сондықтан  сыртқы  орта  температурасы  жоғарылаған  кезде 

оларда зат алмасу процесі күшейе бермейді. Осыған байланысты төлдер сақа 

малмен  салыстырғанда  ыстыққа  төзімдірек  келеді.  Ал,  торайлар,  үйрек  пен 

тауық  балапандары  ыстыққа  да,  суыққа  да  төзімсіз  болады,  дегенмен 

олардың  организмінде  де  химиялық  жылу  реттеу  тетігі  орын  алады. 

Сонымен мал ыстықтан гөрі суыққа жақсырақ бейімделген. 

Сыртқы  орта  температурасының  өзгеруіне  байланысты  денеде  тек 

жылуды түзу ғана емес, оны сыртқа шығару процесі де өзгеріп отырады. Ауа 

температурасы төмендесе, жылудың сыртқа берілуі азаяды, ал жоғарыласа - 

көбейеді.  Жылуды  денеден  сыртқа  беруді  күшейтіп  немесе  азайтып 

отыратын  физиологиялық  процестер  жиынтығын  физикалық  жылу  реттеу 

деп  атайды.  Денеден  жылу  шығару  процесі  арнаулы  физиологиялық 

механизмдер  əрекетінің  жағдайына  қарай  (тері  тамырларының,  тер 

бездерінің, терінің бірыңғай салалы ет талшықтарының, дененің кеңістіктегі 

жағдайының) өзгеріп отырады. 

Жылу  денеден  өткізу,  конвекция,  радиация  жəне  булану  сияқты 

физикалық процестердің арқасында бөлінеді (118-сурет). 

Өткізу  деп  жылудың  денемен  жанасқан  температурасы  төмен  заттарға 

берілуін  айтады  (мысалы,  құстан  ұяға).  Бұл  жол  тек  құс  үшін  ғана  тиімді, 

басқа мал үшін онша маңызы жоқ. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет