Жануар физол



Pdf көрінісі
бет272/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

132-сурет. Бүйрек үсті безінің  

құрылымы мен гормондары. 

 

Организмде  негізгі  бүйрек  үсті  бездерден  басқа  не  қыртысты  заттан,  не 



бозғылт заттан, кейде аталған екі бөлік те болатын майда бездер де кездеседі. 

Құстарда  без  қабаттарға  бөлінбейді,  хромаффиндік  торшалар  бүкіл  без 

ұлпасында бытырап жатады. 

Бүйрек  үсті  бездері  қанмен  мол  жабдықталады,  симпатикалық  жүйке 

талшықтарымен жүйкеленеді. 

Бездердің  əр  қабатының  физиологиялық  маңызы  əртүрлі.  Арнаулы 

операция  арқылы  бездердің  қыртысты  бөлімін  сылып  тастаса,  мал  өліп 

 

 



²ûðтûñтû 

ºаáат

 

ãèñтîëîãèÿëûº 



º½ðûëûñûí- 

á-éë-íûñтû 

¾ø 

-éì-ºº- 


á¼ëiíåäi:  ñûðтºû  -  øóìаºтû, 

îðт-»¹û  -  øî¹ûðëû  æ¸íå  iøêi 

-  тîðëû  аéìаºтаð.  °ð  -éì-º 

¼çiíå  т¸í  ãîðìîíä-ð  т¾çåäi. 

Øî¹ûðëû 

-éì-º 


т

îðø-ë-ðûíû» 

-ð-ñûíä- 

êåóåêтi 


т

îðø-ë-ð 


ñïîíãèîöèттåð îðí-ë-ñ-äû. 



Áîç¹ûëт  çат

  õðîì  т½çä-- 

ðûíû»  ¸ñåðiíåí  ñ-ð¹ûø  т¾ñêå 

áîÿë¹-í 


õðîì-ôôèí- 

äiê 


т

îðø-ë-ðä-í  º½ð-ë¹-í.  Á½ë 

º-á-тт- 

ê¼ïтåãåí 

æ¾éêå 

т

-ëøûºт-ðû 



ìåí 

ã-íãëèîçäûº 

(ñèìï-тèê-- 

ëûº) 


æ¾éêå 

т

îðø-ë-ðû 




 

365


қалады.  Бозғылт  заттың  сақталуы  малды  өлімнен  құтқармайды.  Демек, 

бүйрекүсті бездердің қыртысты қабатының тіршіліктік маңызы зор. 

Бездің қыртысты бөлігі аймақтарының да физиологиялық маңызы əрқилы. 

Шумақты 


аймақта 

минералкортикоидтар, 

шоғырлы 


аймақта 



глюкокортикоидтар, торлы аймақта -андрокортикоидтар түзіледі. 

Бүйрек үсті бездердің қыртысты қабатынан 40-тан астам заттар бөлінген. 

Олардың 


тек 

бесеуі 


ғана 

(дегидрокортикостерон, 

кортикостерон, 

альдостерон,  кортизон,  гидрокортизон)  биологиялық  белсенділігімен 

ерекшеленеді.  Аталған  биологиялық  белсенді  заттардың  үшеуі  ғана  - 

альдостерон,  кортикостерон  жəне  гидрокортизон,  нағыз  гормондар,  ал 

басқа қосылыстар осы гормондардың алмасу өнімдері болып табылады. 

Бездің қыртысты қабатында түзілген гормондар үш топқа бөлінеді. 

1) минералокортикоидтар - альдостерон, дезоксикортикостерон, 

2)глюкокортикоидтар - гидрокортизон, кортизон, кортикостерон, 

3)  андрокортикоидтар  -  андрогендер  (андростендион,  андростерон), 

эстрогендер (эстрон) жəне прогестерон. 

Минералкортикоидтар  организмде  минералды  заттардың  алмасуын,  ең 

алдымен қан құрамындағы натрий мен калий деңгейін реттейді. Альдостерон 

организмде натрийдің, хлоридтердің, судың жиналуына ықпал етіп, денеден 

зəр 


арқылы 

калий 


мен 

фосфордың 

 

бөлінуін 



күшейтеді. 

Минералкортикоидтар  тапшылығы  салдарынан  организм  натрийді,  суды, 

хлоридтерді  көп  бөледі  де,  ішкі  ортаның    қасиеттері  өзгеріп,  тіршілік 

жағдайлары бұзылады, мал өліп қалады. 

Минералкортикоидтардың  бөліну  қарқыны  денедегі  натрий  мен  калий 

мөлшеріне  байланысты  өзгеріп  отырады.  Қан  құрамында  натрий  мөлшері 

жоғарыласа,  минералокортикоидтардың  бөлінуі  баяулап,  ал  төмендесе  - 

үдеп,  күшейеді.  Калий  керісінше  əсер  етеді.  Ұлпалық  сұйық  пен  қан 

плазмасының 

мөлшері 


көбейсе, 

минералкортикоидтардың 

бөлінуі 

баяулайды.  Ескерте  кетер  жайт,  натрий  мен  калий  бүйрек  үсті  бездерге 

тікелей əсер етпейді, олар без қызметін гипоталамус арқылы өзгертеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет