Жануар физол



Pdf көрінісі
бет273/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   504
Глюкокортикоидтар  көмірсулар,  белоктар  жəне  майлар  алмасуын 

жандандырады.  Олар  ұлпада  белоктардың  ыдырауын  күшейтіп,  синтезін 

бəсеңдетеді.  Осының  нəтижесінде  қан құрамындағы  амин қышқылдарының 

мөлшері  жоғарылап,  олар  бауырда  глюкоза  мен  гликогенге  айналады. 

Глюкокортикоидтар  əсерімен  май  қорларының  шығыны  артып,  қуаттық 

алмасу  күшейеді,  қандағы  глюкоза  деңгейі  көтеріледі.  Сонымен  қатар  олар 

антиденелердің  түзілуін  баяулатып,  қабыну  процесін  өршітпеуде  маңызды 

рөл атқарады. 

Глюкокортикоидтар  тіршілік  тірегі  болатын  гормондар  тобына 

жатпайды,  олардың  жоқтығынан  мал  бірден  өліп  кетпейді.  Дегенмен  де, 

олардың тапшылығы организмнің əр түрлі қолайсыз əсерлерге төзімділігін 

төмендетеді. 




 

366


Андростероидтар  жыныс  органдарының  дамып-жетілуіне  ықпал  етіп, 

белок  синтезін  күшейтеді,  организмнің  өсіп-дамуын  реттейді.  Бұл 

гормондар  аз  мөлшерде  бөлінеді.  Жыныс  бездерінің  қызметі  тоқтаған  кəрі 

организмде  андроген  мен  эстрогендер  көзі  бүйрек  үсті  бездер  болып 

табылады. 

Андростероидтардың  көп  бөлінуі,  əсіресе  аналық    дарақтарда,  əр  түрлі 

ауытқуларға  соқтырады.  Олардың  еркек  жынысқа  тəн  еттері  күштірек 

дамиды, түктері  өседі, ертерек жыныстық жетілу байқалады. 

Бүйрек үсті бездің қыртысты қабатының гормондары булығу тудыратын 

əртүрлі  қолайсыз  факторлардың    əсерлеріне  бейімделуде  маңызды  рөл 

атқарады.  Тым  күшті  ауырсыну  түйсігінің,  əр  түрлі  ауыр  жарақаттың, 

қансыраудың,  жұқпалы  аурудың,  ыстықтықтың,  суықтықтың  əсерінен 

глюкокортикоидтардың бөлінуі күшейеді. Осының нəтижесінде ұлпалардың 

қызметі  жақсарып,  қолайсыз  əсерлердің  салдарынан  туындаған  ауытқулар 

жойылады,  организм  функциялары  қалпына  келеді.  Демек,  бұл  гормондар 

АКТГ-мен  бірлесе  отырып  организмнің  əртүрлі  қолайсыз  əсерлерге 

төзімділігін  арттырады.  Бұл  процесте  жүйке  жүйесінің  маңызды  рөл 

атқаратынын  айта  кеткен  жөн.  И.П.Павлов  ілімінің  жүйкелік  принципіне 

сəйкес организмнің қоршаған орта жағдайларына бейімделу процесі орталық 

жүйке  жүйесінің  басқаруымен  қалыптасады.  Организм  қолайсыз 

жағдайларға кездескенде орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) онымен күресу үшін 

барлық  қорғаныс  күшін,  соның  ішінде  эндокриндік  бездерді  де 

жұмылдырады.  Ал,  бұл  бездер  қатарында  гипофиз  бен  бүйрек  үсті  бездері 

ерекше орын алады. 

Жоғарыда  келтірілген  жайлар  бүйрек  үсті  бездердің  қыртысты  бөлігінің 

физиологиялық  маңызының  зор  екенін  көрсетеді.  Бүйрек  үсті  бездерін 

сылып тастаса, тəбет жойылып, организм əлсірейді, бұлшық еттер болбырап, 

дене  температурасы  төмендейді,  қан  құрамында  глюкоза  мөлшері  азайып, 

қан қысымы төмендейді де, сал болып мал өліп қалады. 

Бүйрек  үсті  бездің  қыртысты  бөлігінің  гипофункциясы  жағдайында 

жоғарыда  баяндалған  өзгерістер  байқалады,  бірақ  ол  баяу  өрбиді.  Адам 

аддисон дертіне шалдығады. Бұл жағдайда тері қола түске боялады да, адам 

арықтайды,  тəбеті  нашарлайды  қандағы  қант  мөлшері  азаяды,  қан  қысымы 

төмендейді,  астения  (əлжуаздық)  пайда  болады,  организмнің  ішкі 

ортасындағы  натрий  мен  калийдің  ара  қатынасы  өзгереді  (натрий  азайып, 

калий көбейеді). 

Бездің  боз  затында  екі  түрлі  гормон  -  адреналин  жəне  норадреналин, 

түзіледі.  Олар  бездің  хромаффиндік  көпіршіктерінде  жиналады.  Адреналин 

тираминнің  туындысы.  Бұл  гормондарды  катехол  туындысы  болғандықтан 



катехоламиндер  деп  атайды.  Аталған  гормондардың  əсері  симпатикалық 

жүйке  əсеріне  ұқсас  болғандықтан  оларды  симпатикалық  аминдер  деп  те 

атайды. 



 

367


Норадреналин  құрамында  метил  тобы  болмайды,  сондықтан  ол 

метилсізденген  адреналин  болып  табылады.  Катехоламиндер  түзілу  жолын 

мына 

тізбекпен 



бейнелеуге 

болады: 


тирозин 

– 

ДОФА 



(дигидрооксифенилаланин)  –  ДОФамин  (дигидрооксифенилэтил-  амин)  – 

норадреналин.  Бұл  процесс  фенилэтаноламин-N-  метилтрансфераза 

ферментінің əсерімен норадреналинді метилдеу нəтижесінде жүреді. 

Бездің  бозғылт  затындағы  адреналин  мен  норадреналиннің  ара  қатынасы 

түлік  түріне,  малдың  жасына  байланысты  өзгеріп  отырады.  Без  ұлпасында 

норадреналин көбірек, қанда, керісінше, адреналиннің басым болады. 



Катехоламиндер  гликогенолиз  жəне  липолиз  процестерін  шапшаңдатып, 

көмірсулар  мен  майлардың  алмасуын  жандандырады,  жылу  реттеу 

процесіне,  қан  айналым  жүйесінің,  бұлшық  еттердің,  орталық  жүйке 

жүйесінің,  тыныс  алу  жəне  қан  түзу  органдарының  қызметіне  ықпал 

жасайды.  Жалпы  алғанда  симпатоадреналдық  жүйе  гипофиз  -  бүйрек  үсті 

бездерінің  жүйесі  сияқты  тіршіліктік  маңызы  зор  процестердің  деңгейін 

қалыптастыруда,  организмнің  ішкі  ортасының  тұрақтылығын  қамтамасыз 

етуде  маңызды  рөл  атқарады.  Сонымен  қатар  адреналин  мен 

норадреналиннің əсерлерінде ерекшеліктер де болады. 

Адреналин  жүрек  етінің  қозғыштығын  күшейтіп,  жиырылу  күшін 

арттырады,  жүрек  соғуын  жиілетіп,  оның  минуттық  сиымдылығын 

көбейтеді,  қан  қысымын  жоғарылатады  (систолалық  қысым  көтеріліп, 

диастолалық қысым өзгермейді). 



Норадреналин  систолалық  қысымды  да,  диастолалық  қысымды  да 

көтереді,  жүрек  соғуын  баяулатады,  минуттық  көлемді  шамалы  азайтады, 

миокардтың қозғыштығын өзгертпейді. 

 Бұл  екі  гормон  да  жүрек  тамырларының  арнасын  кеңейтіп,  терідегі 

тамырларды  тарылтады,  бауыр  мен  бұлшық  еттерде  гликогеннің  ыдырауын 

күшейтіп, қандағы глюкозаның деңгейін  жоғарылатады.  Катехоламиндердің 

əсерімен  организм  белсенді  əрекеттерге  (қорғанысқа,  қимыл-əрекетке) 

дайындалады. 

Сонымен  қатар  адреналин  майдың  алмасуына  əсер  етіп,  қандағы 

эфирленбеген  май  қышқылдарын  көбейтеді,  торшалардың  оттегіні  сіңіруін 

жақсартады. Адреналин қарын мен ішектің қимылдарын бəсеңдетіп, бронхы 

еттерін  босаңсытады,  көздің  нұрлы  қабығының  сəулелі  ет  талшықтарын 

жиырылтып, көз қарашығын кеңейтеді. 

Бүйрек үсті безінің бозғылт затының қызметі жүйке жүйесі арқылы жəне 

гуморальдық  жолмен  реттеледі.  Оның  қызметін  реттейтін  жүйке  орталығы 

гипоталамуста  орналасқан.  Бездің  секрециялық  жүйкесі  -  құрсақтық  жүйке. 

Дене  жұмысы  кезінде,  тері  рецепторларын  тітіркендіргенде,  ауырсыну 

түйсігін  тудыратын  əсерлерден  рефлекторлы  түрде  адреналиннің  бөлінуі 

күшейеді.  Бездің  бозғылт  затының  қызметіне  ми  қыртысы  да  əсер  етеді. 



 

368


Мысалы,  əртүрлі  эмоциялар  (үрей,  қобалжу)  адреналиннің    бөлінуін 

күшейтеді. 

Бұл  гормондардың    бөлінуін  реттейтін  негізгі  гуморальдық    фактор  - 

қандағы  глюкоза  мөлшері.  Гипогликемия  адреналиннің  бөлінуін  күшейтеді, 

ал гипергликемия - бəсеңдетеді. 

Бүйрек  үсті  бездер  мен  басқа  эндокриндік  бездер  арасында  тығыз 

байланыс  бар.  Катехоламиндер  гипоталамус  арқылы  АКТГ-ның  бөлінуін 

күшейтеді,  аралшық  бездің  қызметін  үдетеді.  Нейрогипофиз  гормондары 

бүйрек  үсті  бездің  бозғылт  затының  қызметін  күшейтеді.  Қалқанша  без 

бүйрек  үсті  бездің    бозғылт  затының,  ал  аденогипофиз  -  қыртысты  

қабатының дамуын жандандырады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет