Жануар физол



Pdf көрінісі
бет286/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Ен  қосалқысы  үш  бөлікке  –  қосалқы  басына,  тұлғасына  жəне 

құйрығына,  бөлінеді.  Қосалқы  өзегі  ирек  түтікше.  Оның  ұзындығы  50 

метрден  (қошқарда)  85  метрге  дейін  (айғырда)  жетеді.  Қосалқы  басының 



 

385


өзегі  өте  жіңішке  (0,1–0,2  мм)  келеді  де,  ол  бірте-бірте  кеңейіп,  құйрық  

бөлігінде  оның  диаметрі  1–2  мм  дейін  өседі.  Ішкі  жағынан  өзек  əлсіз 

қышқыл  реакциялы  секрет  бөлетін  биік  цилиндр  тəрізді  эпителиймен 

көмкерілген. 

Ен  қосалқысы  өзегінде  спермийлер  өте  көп  мөлшерде  (бұқада  20–40 

млрд)  жиналады.  Бұл  жерде  олар  8–20  күн  аралығында  біраз 

морфофункциялық өзгерістерден өтеді.  Қосалқы өзегінің оттексіз қышқыл 

ортасында  спермийлер  əбден  жетіліп,  анабиоз  жағдайына  келеді,  тығыз 

липопротеидті  қабыққа  оралып,  теріс  зарядқа  ие  болады,  олардың 

антигендік қасиеттері өзгереді. Бұл оларды ортаның қолайсыз əсерлерінен, 

ісініп  кетуден,  жабысып  қалудан  сақтайды.  Ен  қосалқысында 

спермийлердің  жетілуі  барысында  цитоплазмада  шашылып  жатқан 

митохондриялар  орталық  жіпше  маңына  жинақталады.  Бұл  спермийлер 

қозғалған кезде оларды қуатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Ен  қосалқысы  қан  жəне  лимфа  тамырларымен,  жүйке  талшықтарымен 

жақсы  жабдықталған.  Осының  арқасында  спермийлер  қажетті  мөлшерде 

қоректік заттармен қамтамасыз етіледі де, алмасу өнімдері жинақталмай, дер 

кезінде  шығарылып  отырады.  Қолайлы  жағдайлардың  туғызылуымен 

байланысты  ен  қосалқысы  құйрығында  спермийлердің  өміршеңдік  қабілеті 

ұзақ уақыт (1–2) ай бойына сақталады. 

Аталық  жыныс  торшаларының  түзілу,  жетілу  жəне  сақталу  процестері 

дене  температурасынан  3–4 

0

С  төмен  жағдайда  өтеді.  Бұл  аталық  бездің 



құрсақ  қуысынан  тыс  орналасуымен  байланысты.  Ен  температурасын 

реттеуде ұма терісі мен еттері зор рөл атқарады. Ыстық кезде ұма еттері мен 

енбау  босаңсып,  ен  салбырап  кетеді  де,  ұмадан  тер  бөлініп,  булану 

нəтижесінде температура төмендейді. Суық кезде ұма еттері жиырылып, тері 

бүріседі  де,  ен  құрсақ  қабырғасына  тартылады,  қан  тамырлары  тарылып, 

жылу  бөлу  азаяды.  Ен  температурасының  38–40

0

С-ға  дейін  жоғарылауы 



қалыптасқан  спермийлердің  бұзылуына,  олардың  түзілуінің  тоқтауына 

соқтырады.  Сондықтан  екі  жақты  крипторхизм  (еннің  ұмаға  түспеуі) 

жағдайында  аталық  торшалардың  түзілуі  бұзылып,  еркек  мал  ұрықтандыру 

қабілетінен айырылады. 

Ен қосалқысы өзегінің жалғасы шəуеттік жол деп аталады. Ол оң жəне 

сол жол болып бөлінеді. Шəуеттік жол жіңішке түтік ретінде шаттың сақина 

тесігі арқылы ен бауының ішімен құрсақ қуысына өтеді де, қуықтың үстіңгі 

жағымен  жүре  отырып  несеп-жыныс  өзегінің  жамбастық  бөлігімен 

жалғасады. 

Шəуеттік  жолдың  қызметі  -  шəуетті  ен  қосалқысынан  несеп-жыныс 

өзегіне  жеткізу.  Оның  қабырғасы  үш  қабаттан:  кілегейлі,  етті  жəне  сірлі 

қабықтардан  тұрады.  Жолдың  кілегейлі  қабығы  жыбырлағыш  эпителиймен 

астарланған. Етті қабат бойлама жəне сақиналы ет талшықтарынан құралған, 

олардың жиырылуы нəтижесінде шəует шəуеттік жолмен жылжиды. 



 

386




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет