Жануар физол


 Еркек малдың  жыныс мүшелері жəне олардың қызметі



Pdf көрінісі
бет283/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   504
12.2. Еркек малдың  жыныс мүшелері жəне олардың қызметі 

 



 

383


Еркек малдың көбею ағзаларына аталық жыныс безі (ен), шəуеттік жол, 

қосалқы жыныс бездері (көпіршік тəрізді без, қуық  безі, баданалық  бездер), 

жыныс мүшесі жатады. 

Ен  -  жыныс  торшалары  мен  жыныс  гормондарын  бөліп  шығаратын  жұп 

жыныс безі. Сыртынан ол өзара жабыса орналасқан сыртқы жылтыр, немесе 

еннің  меншікті  қынап  қабығымен,  жəне  ішкі  фиброзды,  немесе  еннің  ақ 

қабығымен  қапталған.  Ақ  қабықтан  еннің  өзегіне  қарай  дəнекер  ұлпалы 

перделер тарайды да, олар енді бірнеше бөлікшелерге бөледі. Əр бөлікшенің 

ішінде  сырт  жағынан  іркілдек  масса  жəне  дөңгелек  пішінді  Лейдиг 



торшаларымен қоршалған 5–6 ирек түтікшелер орналасады. Ирек түтікше 

торшалары əртүрлі даму сатысындағы аталық жыныс торшалары мен нəрлік 



(трофикалық)  жəне  сүйеніш  қызметін  атқаратын  тұлғалық  (сомалық) 

торшалардан  тұрады  (134-сурет).  Сертолий  торламасы  (синцитий)  деп 

аталған  нəрлік  торшалар  арасында  ұрық  түзуші  (сперматогендік)  эпителий 

торшалары  орналасады.  Олар  бастапқы  жыныс  торшаларынан  бастап 

жетілген  жыныс  торшалары  (спермий)  күйінде  болады.  Бұл  жəйт  ұрық 

түзу  процесінің  (сперматогенез)  осы  ирек  түтікшелер  қабырғасында 

жүретінінің дəлелі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет