Жануар физол



Pdf көрінісі
бет287/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   504
Несеп-жыныс  өзегінің  жамбастық  бөлігінде  қосалқы  жыныс  бездерінің 

(көпіршік  тəрізді,  қуық  алды,  баданалық  (купер)  жəне  уретралық)  өзектері 

ашылады.  Айғырда  көпіршік  тəрізді  бездер  қою,  шұбалыңқы,  ал  бұқа  мен 

қошқарда  -  сұйық  секрет  бөледі.  Қуық  безі  айғыр  мен  қабанда  жақсы 

жетілген,  олар  сұйық  секрет  бөледі.  Бұл  без  бұқа  мен  қошқарда  нашар 

дамыған.  Баданалық  без  қабандарда  жақсы  жетілген,  ол  жабысқақ  секрет 

бөледі.  Қосалқы  без  секреттері  шəуетті  сұйылтады,  сперматозоидтардың 

қимылын  жандандырады,  несеп-жыныс  өзегін  шайып,  зəр  қалдығынан 

тазартады. 

Несеп-жыныс  өзегі  жамбас  қуысының  төменгі  жағымен  шонданай 

доғасына дейін барады да, күрт төмен бұрылып, жыныстық  мүше құрамына 

кіреді. 


Жыныстық  мүше - ұзынша пішінді, қос кеуекті (кавернозды) денеден 

жəне  несеп-жыныс  өзегінен  тұратын  орган.  Несеп-жыныс  өзегі  жыныстық 

мүшенің  астыңғы  жағында,  кеуекті  денелер  арасындағы  сайда  орналасады. 

Жыныстық  мүше  арқылы  шəует  аналық  жыныс  мүшесіне  ендіріледі,  зəр 

бөлінеді. 

Жыныстық  мүше  түбір,  дене  жəне  бас  бөліктерге  бөлінеді.  Кеуекті 

денелер  түбірінен  екі  айырылып,  аяқшалар  арқылы  жамбастың  шонданай 

доғасына  бекиді.  Əр  аяқша  мықты  дамыған  шонданай-кеуектік  етпен 

оралған.  Аяқшалар  біріге  келе  жыныстық  мүше  құрайды.  Оның  сүйірлене 

біткен басында несеп-жыныс өзегі ашылады. 

Кеуекті  денелер  сырт  жағынан  тығыз  дəнекер  ұлпалы  қабықпен 

қапталған.  Одан  кеуекті  денені  көптеген  үңгір-қуыстарға  (каверна)  бөлетін 

перделер тарайды. Бұл перделер ет талшықтарымен жабдықталған жəне олар 

қиылыса келе кеуекті тор құрайды. Үңгір қуыстар іш жағынан эндотелиймен 

көмкеріліп,  түрленген  тамыр  арнасын  құрайды.  Жыныстық  қозу  кезінде 

үңгір қуыстар қанға толып, шонданай-кеуектік еттің жиырылуы нəтижесінде 

вена  қанының  ағысы  бөгеледі  де,  жыныстық  мүшенің  көлемі  үлкейеді,  ол 

қатаяды. Бұл құбылысты қобу (эрекция) деп атайды. 

Жыныстық мүшенің бас бөлімі екі қатпарлы тері бүкпесі - күпек ішінде 

орналасады. Күпек сырт жағынан терімен қапталған, ал оның ішкі беті жұқа 

көп қабатты эпителиймен көмкерілген. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет