390
шағылысу процесін - еркек мал мен ұрғашы мал арасындағы үйлесімді
жыныстық əрекеттерді, қамтамасыз етеді. Шағылысу нəтижесінде еркек мал
ұрғашы малдың жыныс ағзаларына шəует бөледі.
Эрекция деп аталық жыныс мүшесінің үлкейіп, қатайып, ұрғашы мал
жыныс ағзаларына ене алатындай жағдайға келуін айтады. Бұл құбылыс
жыныс мүшесіне артерия қанының келуінің күшейіп, кеуек денелердің
қанмен толуымен байланысты. Эрекция кезінде шонданай-кеуектік жəне
бадана-кеуектік еттер жиырылып, жыныстық мүше түбірін шонданай
сүйегінің доғасына қысады да, қанның кері ағып кетуін толастатады.
Жұптасу (шағылысу, жыныстық қатынас) деп ұрғашы мал қынабына
еркек мал жыныс мүшесінің енуін жəне шəуеттің бөлінуін қамтамасыз
ететін қимылдар жиынтығын айтады. Бұқа мен қошқарда жыныстық
қатынас жылдам аяқталады да, айғыр мен қабанда ұзағырақ созылады.
Эякуляция деп шəуеттің несеп-жыныс өзегіне бөлінуін айтады. Бұл
күрделі рефлекторлық процесс аталық жыныс мүшесі рецепторларының
қынаптың температуралық жəне механикалық əсерлерінен тітіркенуінен
басталады. Одан əрі тітіркеніс орталыққа тепкіш жыныстық жүйке
талшықтары арқылы жұлынның құйымшақ бөлігіндегі эякуляция
орталығына беріледі. Тітіркеніске жауап ретінде окситоцин гормонының
əсерімен ен қосалқысының, шəуеттік жолдың, қосалқы жыныс бездерінің
жəне несеп-жыныс өзегінің еттері үйлесімді жиырылады. Осының
нəтижесінде спермийлер мен қосалқы жыныс бездерінің секреттері несеп-
жыныс өзегіне шығарылады да, одан ырғақты толқын тектес жиырылулар
арқылы аналық жыныс ағзасына (қынапқа немесе жатырға) бөлінеді. Шəует
қынапқа бөлінетін жануарлар (қоян, ірі қара, қой, ешкі) ұрықтанудың
қынаптық типіне, ал шəует тікелей жатырға құйылатын жануарлар (жылқы,
шошқа, ит, кемірушілер класы) ұрықтанудың жатырлық типіне жатады.
Шəует белгілі бір ретпен бөлінеді. Алдымен бадана жəне уретралық
бездердің секреті бөлініп, несеп-жыныс өзегі зəр қалдығы мен түлеген
эпителийлерден тазарады. Осыдан кейін қуық алды жəне көпіршік тəрізді
бездер секретімен сұйытылған шəует бөлінеді. Қабан мен көптеген жабайы
жануарларда эякуляция процесі бадана (купер) безінің көп мөлшерде
секрет бөлуімен аяқталады. Бұл секрет көпіршік тəрізді бездер бөлген
өнімдердің əсерімен желімденіп, шəуеттің қынаптан кері ағып шығуына
тосқауыл болатын желатин тəрізді түйіршікті масса құрайды.
Эякуляция бұқа мен қошқарда жылдам өтеді, себебі оларда процесс
шəуеттік өзектің ампула тəрізді кеңіген жеріне жинақталған спермийлерді
бөлумен аяқталады. Қабанда бұл процесс ұзаққа (20 минутқа дейін)
созылады жəне спермийлердің негізгі бөлігі эякуляцияның соңғы кезінде
шығарылады. Бұл физиологиялық ерекшеліктерді ұрықтандыру мақсатында
жасанды тəсілмен шəует аларда ескерген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: