Жануар физол



Pdf көрінісі
бет290/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

35.

 

Əр түрлі жануарлар эякулятының мөлшері жəне ондағы 

спермийлер саны 

 

Жануарлар 



 

Эякулят 


мөлшері,мл 

 

 



Спермийлер 

саны,млн/мл 

Спермийлердің 

жалпы 


саны, 

млрд 


Шағылысу  кезінде 

эякулят ендірілетін  

ағза 

Бұқа  


Айғыр 

Қошқар 


Қабан 

Қораз 


 

4–8  


30–150  

0,8–1,2 150–

500 0,3–0,4 

 

1200–1800 



100–150 

2000–3000 

200–300 

3000–3500 

 

4–14 


 3–15 

2–4  


40–50 

 0,3–0,4 

 

қынап  


жатыр 

(мойыны) 

қынап  

жатыр 


(мойыны) 

қынап 


 

 

Жыныстық торшалардың да құрамы күрделі, олардың 25%-ын құрғақ зат, 



75%-ын су құрайды. Құрғақ заттың 85 %-ы белоктан, 13,2 %-ы липидтерден 

жəне  1,8  %-ы  минеральды  заттардан  тұрады.  Спермийлерде  көп  мөлшерде 

(2,7%  шамасында)  фосфор  болады,  оның  концентрациясы  торшаның  бас 

бөлігінде  4%-ға  жетеді.  Сперматозоидтың  бас  бөлігінде  ДНК-мен 

байланысқан 

белоктар 

көп 

мөлшерде 



кездеседі. 

Акросомада 

мукополисахаридтердің  де  болатыны  анықталған.  Сперматозоидтың  басқа 

бөліктері  -  мойыны,  денесі,  құйрығы  белоктардан,  еркін  липидтерден  жəне 

тұздардан  құралған.  Оның  құрамында  торшадағы  тотығу  процесін 

қамтамасыз ететін ферменттер де болады. 

Қалыпты  спермийлерге  сұйық  ортада  алға  қарай,  түзу  бағытта 

қимылдайтын қасиет тəн. Олардың қимыл мүшесі мойыны мен денесі болып 

табылады.  Қимыл  кезінде  спермий  құйрығы  бір  жағына  жылдам-жылдам 



 

388


майысып,  қайта  жызылып  отырады.  Осымен  байланысты  қасық  пішіндес 

торша  басы  өз  осінде  айналады  да,  сперматозоидтың  басқа  бөліктерін  де 

бұралуға мəжбүр етеді. Бұл спермийді айналмалы қозғалыстан сақтап, оның 

алға қарай түзу бағытта қозғалуына мүмкіндік береді. 

Спермийлердің өміршеңдік қабілеті орта температурасына, өздері жүзген 

сұйық  құрамына  байланысты  өзгеріп  отырады.  Дене  температурасы 

жағдайында (37–39

0

С) олар өте белсенді қозғалады. Температура төмендесе, 



олардың  қимылы  баяулап,  0

0

С  шамасында  спермийлер  анабиоз  жағдайына 



көшеді. 

Спермийлер  ортаның  осмостық  қысымының  ауытқуларына  да  өте 

сезімтал.  Гипотониялық  ерітінділерде  олар  ісінсе,  гипертониялық 

ерітінділерде бүрісіп қалады. Бұқа мен қошқардың жаңа бөлінген шəуетінің 

əрекетшіл ортасы бейтарап (рН – 7,0) немесе əлсіз қышқыл (рН 6,7–6,9), ал 

айғыр  мен  қабан  шəуетінің  реакциясы  -  сілтілік  (рН  7,2–7,6).  Шəуеттің 

қышқылдығы  аз  деңгейге  жоғарыласа  спермийлер  өлмегенімен,  олардың 

қимылы  баяулайды.  Қышқылдық  тым  жоғарылап  кетсе,  олардың  қимылы 

тоқтап,  торша өліп қалады.  Шəуеттің  сілтілігін  жасанды  түрде  жоғарылатса 

(мысалы, сода қосу арқылы), алдымен спермийлердің  қимылы күшейеді де, 

соңынан олар өліп қалады. 

Спермийлер  қуатты  екі  жолмен  алады:  тыныс  алу  нəтижесінде  жəне 

гликолиз бен фруктолиз процесі арқылы. Бұқа мен қошқарда осы екі жол да 

орын  алады.  Ал,  айғыр  мен  қабан  шəуетінде  қанттар  жоқтың  қасы, 

сондықтан олардың спермийлері қуатты тыныстық  жолмен алады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет