Жануар физол


 Еркек мал жыныс ағзалары қызметінің  реттелуі



Pdf көрінісі
бет291/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

12.4. Еркек мал жыныс ағзалары қызметінің  реттелуі. 

Жыныстық  рефлекстер 

 

Сүт  қоректі  жануарлар  еркек  дарақтарының  көбею  ағзаларының  қызметі 



күрделі  рефлекстер  жиынтығы  түрінде  атқарылады.  Жыныс  құштарлығы 

еркек  мал  талдағыштарының  (көру,  есту,  иіс,  жанасу)  ұрғашы  малмен 

байланысты тітіркендіргіштерді қабылдауынан жəне жыныс гормондарының 

жыныс құштарлығын тудыратын əсерінің  салдарынан қалыптасады. 

Жыныстық  қызметті  реттеуде  ОЖЖ  мен  жүйке  жүйесінің  вегетативтік 

бөлігінің  əртүрлі  бөлімдері  қатысады.  Ми  қыртысы  түрлі  талдағыштардан 

қабылданған  тітіркеністерді  жіктеп,  өз  əсерін  қыртыс  астындағы  жыныс 

орталықтары  мен  аралық  ми  (гипоталамус)  арқылы  жүргізеді.  Өз  кезегінде 

бұл  орталықтар  қозу  толқынын  жұлынның  құйымшақ  бөлігінде  орналасқан 

эрекция  жəне  эякуляция  орталықтарына  бағыттайды.  Бұл  аталған 

орталықтар  бір  жағынан  ми  қыртысымен  жəне  гипоталамуспен,  екінші 

жағынан  көбею  ағзаларының  сезімтал  жүйке  ұштарымен  байланысты. 

Қыртыстық,  қыртыс  астылық  жəне  жұлындық  жыныс  орталықтары  бір-

бірімен өзара байланыста болады. Демек, жыныс орталығы біртұтас жүйкелік 



 

389


тетік ретінде қызмет атқаратын динамикалық (жылжымалы) функционалдық 

жүйе.  Қозу  толқыны  тек  жоғарыдан  төмен,  яғни  ми  қыртысы  мен 

гипоталамустан  жұлын  мен  жыныс  ағзаларына  ғана  емес,  кері  бағытта  - 

көбею ағзаларының рецепторларынан мидағы орталықтарға да беріледі (135-

сурет). 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет