Жануар физол


 Қанның физикалық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет30/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

4.3. Қанның физикалық қасиеттері 

Қан  қызыл  түсті,  қоймалжың,  кермек  дəмді,  тұтқыр  сұйық.  Артерия 

қанының  түсі  алқызыл,  ал  вена  қаны  -  қоңыр  қызыл  болады.  Судың 

тұтқырлығы  бір  өлшем  шамаға  тең  деп  алынса,  онымен  салыстырғанда 



плазманың  тұтқырлығы  1,7-2,2,    ал    қанның  тұтқырлығы  5,0-ке  тең. 

Қанның  тұтқырлығы  оның  құрамындағы  түрлі  белоктардың  мөлшері  мен 

эритроциттердің  санына  байланысты.  Қанда  белоктардың  мөлшері  өсіп, 

эритроциттердің саны көбейсе, қанның тұтқырлығы артады. 



Қанның 

тығыздығы 

(меншікті 

салмағы) 

1,050-1,060. 



Ол 

эритроциттердің  санына  тəуелді  өзгереді,  себебі  эритроциттердің  меншікті 

салмағы-1,090,  ал  плазманың  меншікті  салмағы  1,025-1,034  аралығында 

болады. 


Жануарлар  организмінің  физиологиялық  жағдайын  сипаттайтын  қан 

қасиеттерінің  бірі  оның  беттік  керіліс  күші,  ол  қан  құрамындағы 

белоктардың  концентрациясына  байланысты.  Қанның  беттік  керіліс  күші 

айтарлықтай  тұрақты  болады.  Бұл  қасиет  қан  құрамында  əр  түрлі 

органикалық қышқылдар мен қосылыстарды ерімейтін тұздарға айналдырып, 

тұндырып отыратын кальций иондарының болуына байланысты. 

Қанның  осмостық  қысымы  болады.  Осмостық  қысым    деп  жартылай 

өткізгіш  жарғақтан  еріткіштің  (судың)  өтуіне  жұмсалатын  күшті  айтады. 

Жартылай  өткізгіш  жарғақ  арқылы  бөлінген  екі  ерітіндінің  бірінде  еріген 

заттардың  концентрациясы  екіншімен  салыстырғанда  көп  болса,  су 

концентрациясы  көп  ерітіндіге  қарай  өтеді.  Организмде  қан  тамырларының 

қабырғасы  осы  жартылай  өткізгіш  жарғақтың  қызметін  атқарады.  Оның  іш 

жағында қан, сыртқы жағында торша аралық сұйықтық жатады. 

Қанның  осмостық  қысымының  мөлшері  оның  құрамындағы  электролит 

иондарының,  белок  молекулаларының  концентрациясына  байланысты. 

Қанның  бұл  көрсеткіштерінің  мөлшері  тұрақты  болғандықтан,  оның 

осмостық қысымы да тұрақты, ол 7,7-8,1 атмосфера аралығында сақталады. 

Қанның  осмостық  қысымының  деңгейін  оның  қату  температурасы 

(депрессиясы)  арқылы  анықтайды.  Депрессия  деп  сумен  салыстырғанда 

сұйықтың  қату  нүктесінің  төмендеуін  айтады.  Ерітіндінің  қату 

температурасы  ондағы  еріген  заттардың  концентрациясына  байланысты. 

Ерітіндінің  құрамында  еріген  заттар  неғұрлым  көп  болса,  оның  қату 

температурасы соғұрлым төмен болады. Мал қанының депрессия көрсеткіші 

-0,56  –  -0,58

о

С,  ал  бұл  шама  осмостық  қысымның  7,7-8,1  атмосфералық 



деңгейіне  сəйкес.  Қанның осмостық  қысымының  60 пайызына  жуығы  оның 

кұрамындағы NаСІ ерітіндісінің үлесіне тиеді. 




 

39

Қанның  осмостық  қысымының  аз  ғана  бөлігі  (сынап  бағанасымен  25-30 



мм  шамасында)  оның  құрамында  белоктардың  болуымен  байланысты.  Қан 

белоктарының  əсерімен  түзілген  қысымды  онкостық    қысым  деп  атайды. 

Онкостық  қысымның  деңгейі  аз  болғанымен,  ол  организмде  маңызды 

биологиялық  рөл  атқарады.  Қоректік  заттарды  сіңіру,  ыдырау  өнімдерін 

бөлу,  торша  аралық  сұйық  түзу  процестері  онкостық  қысым  арқылы 

реттеледі.  

Қан  тамырларының  қабырғасы  электролиттерді  жақсы  өткізеді, 

сондықтан  олардың  концентрациясы  қанда,  лимфада  жəне  торшааралық 

сұйықта  бірдей  болады.  Осының  арқасында  ішкі  ортаның  əр  түрлі 

сұйықтарының  осмостық  қысымы  бір  деңгейде  сақталады.  Ал  қан 

тамырларының  қабырғасы  белоктарды  өткізбейді.  Қанның  кұрамындағы 

белоктар суды ұстап тұратын бірден-бір шешуші фактор, олардың мөлшеріне 

қарай  су  қаннан  ұлпаға,  не  ұлпадан  қанға  өтіп  отырады.  Егер  қанның 

құрамындағы  белоктардың  мөлшері  азайса  (аштық  кезінде)  су  қан 

тамырларынан ұлпаларға өтеді де, денеде ісік пайда болады.  

Қанның  құрамының  тұрақтылығына  байланысты  оның  осмостық  жəне 

онкостық  қысымдары  да  тұрақты  келеді.  Осмостық  кысымның 

тұрақтылығын  реттеуде  əр  түрлі  бөлу  мүшелері  (бүйрек,  тер  бездері,  ішек-

қарын жолдары жəне т.б. органдар) маңызды рөл атқарады. Олардың қызмет-

əрекеттерінің  арқасында  организмде  зат  алмасу  процесі  кезінде  түзілген 

түрлі зиянды қалдықтар (ыдырау өнімдері) сыртқа шығарылып отырады да, 

осмостық қысымның ауытқуына мүмкіндік берілмейді. Бұл процесте əр түрлі 

ұлпалардың  минералды  тұздарды  сіңіріп  алып,  оларды  қанға  жайлап  бөліп 

отыратын  қабілетінің  де  маңызы  зор.  Қанмен  салыстырғанда  несеп  пен 

тердің  осмостық  қысымы  əлдеқайда  тұрақсыз,  өзгергіш  келеді.  Тердің 

депрессия көрсеткіші -0,18–-0,60

 о

С болса, несепте ол -0,2– -2,2



 о

С –ға тең. 

Қанның  осмостық  қысымының  тұрақтылығының  үлкен  биологиялық 

маңызы бар. Дененің кез келген торшаларының (қан түйіршіктері, жүйке, ет, 

эпителий  торшалары)  осмостық  қысымы  оларды  қоршап  тұрған  сұйықтың 

(қан, лимфа, торшааралық сұйық) осмостық қысымына тең. Демек, торшаны 

қоршап  тұрған сұйықтың осмостық  қысымы өзгерсе,  онда  торшалардағы  су 

алмасу процесі бұзылады. Бұл өзгерістерді эритроциттерге осмостық қысым 

деңгейі əр түрлі ерітінділермен əсер етіп байқауға болады. 

Осмостық  қысымының  деңгейіне  қарай  ерітінділер  үш  топқа  бөлінеді. 

Егер  ерітіндінің    осмостық  қысымы  плазманың  осмостық  кысымына  тең 

болса  (мысалы  ас  тұзының  0,9  пайыздық  ерітіндісі),  онда  оны  изотониялы 



(изо  -  бірдей,  тония  -  қысым)  немесе  физиологиялық    ерітінді  деп  атайды. 

Изотониялық  ерітінділерде  эритроциттер  мен  дененің  басқа  да 

торшаларының  құрылысы,  тіршілік  -  əрекеті  бұзылмайды.  Егер  ерітіндінің 

осмостық қысымы плазманың осмостық қысымынан жоғары болса (мысалы,   

ас тұзының 5 пайыздық  ерітіндісі), оны гипертониялы (гипер – көп, жоғары) 

ерітінді  деп  атайды.  Гипертониялық  ерітінділердің  əсерінен  эритроциттер, 



 

40

немесе  басқа  торшалар,  өз  денесіндегі  суды  жоғалтады  да,  көлемін 



кішірейтіп,  бүрісіп  қалады.  Бұл  құбылысты  плазмолиз  деп  атайды. 

Ерітіндінің осмостық қысымы плазманың осмостық қысымынан төмен болса 

(ас  тұзының  0,3  пайыздық    ерітіндісі)      оны  гипотониялы    (гипо  –  төмен)   

ерітінді      дейді.  Гипотониялық  ерітіндінің  əсерімен  эритроциттер  ісініп, 

оның  қабығы  жарылады  да,  гемоглобин  сыртқы  ортаға  шығады.  Бұл 

құбылысты г е м о л и з деп атайды.  

Изотониялы      ерітінді  организмнен      оқшауланған  мүшелердің  (жүрек 

т.б.)  тіршілік  əрекетін  біраз      уақыт  жалғастыруға    мүмкіндік  береді.   

Дегенмен,  физиологиялық  тəжірибелер      кезінде      иондық  құрамы  күрделі 

ерітінділер  пайдаланылады.  Бұл  тұрғыда  кең  таралған      Рингер,      Рингер-

Локк,   Тироде   ерітінділерін   атауға болады (2-таблица). 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет