Жануар физол


 Плазманың химиялық құрамы. Қан сарысуы



Pdf көрінісі
бет32/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   504
4.3. Плазманың химиялық құрамы. Қан сарысуы 

 

Плазма  сарғыш  түсті  сұйық  зат.  Оның  түсі  қанның  құрамында  əр  түрлі 

пигменттердің 

(бояғыш 


заттардың) 

болуына 


 

 

байланысты 



(мысалы,  жылқыда  -  лютеин,  ірі  қарада  -  каротин,  құста  -  ксантофилл 

бояғыштары) болады.  

Плазманың  құрамында  90-92  пайыз  су,  8-10  пайыз  құрғақ  зат  болады. 

Құрғақ заттың 6-8 пайызы белоктардан тұрады. Плазма белоктары альбумин, 



глобулин, фибриноген фракцияларына бөлінеді.  

 

 




 

43

3.



 

Қан плазмасындағы белоктардың мөлшері (г %) 

 

Жануарлар 

Альбуминдер 

Глобулиндер 

Жылқы 

Сиыр 


Қой 

Ешкі 


Шошқа 

Ит 


Тауық 

2,7 


3,3 

3,1 


3,9 

4,4 


3,1 

2,3 


4,6 

2,3 


4,1 

2,7 


3,9 

2,1 


2,8 

 

Плазма белоктарының қызметі əр түрлі. Олар онкостық қысым туғызып, 



қан  құрамындағы  су  мөлшерінің  тұрақтылығын  қамтамасыз  етеді.  Плазма 

құрамында  альбуминдер  глобулинмен  салыстырғанда  көбірек  болады  (3-

таблица).  Олар  тек онкостық  қысымның  тұрақтылығын  ғана  сақтап қоймай, 

əр түрлі дəрі-дəрмек препараттарын, дəрмендəрілерді, гормондарды, бояғыш 

заттарды  тасымалдауда  да  зор  рөл  атқарады.  Глобулиндерден  қанда  түрлі 

қорғағыш  заттар  түзіліп,  олар  организм  иммунитетін  қалыптастырады.  Ал 



фибриноген  қанның  ұю  процесіне  қатысады.  Қан  ұйыған  кезде 

фибриногеннің  физикалық  қасиеттері  өзгеріп,  ол  ерімейтін  фибрин 

талшықтарын  түзеді.  Сондықтан  ұйыған  қаннан  сары  түсті  сұйық  зат 

бөлінеді,  оны  қан  сарысуы  деп  атайды.  Демек,  қан  сарысуы  -  құрамында 



фибриногені жоқ қан плазмасы. 

 Қандағы  белоктардың  арақатынасы  малдың  жасына,  физиологиялық 

күйіне  (буаздық,  сүттену),  жұмыстың  түріне,  малдың  саулығына  қарай 

өзгеруі  мүмкін.  Мысалы,  жаңа  туған  төлдің  қанында  гамма-глобулин 

болмайды.  Олар  тек  төл  уыз  емгеннен  кейін  ғана  қанда  пайда  болады.  Төл 

өсе  келе  оның  қанында  глобулин  көбейіп,  альбумин  азаяды.  Сүттенудің 

алғашқы  кезеңінде  глобулиннің  мөлшері  өсіп,  оның  соңында  –  кемиді. 

Қандағы  глобулиннің  мөлшері  мал  жұқпалы  аурумен  ауырғанда,  органдар 

қабынғанда  күрт  көбейеді.  Оған  себеп,  түрлі  қорғағыш  денелер  мен 

антитоксиндер 

β

  -  жəне 



γ

  -  глобулиндерден  түзіледі.  Қорғаныш  денелер 

(антиденелер) 

организмге  түскен  антигендердің  (бөгде  заттардың) 

табиғатына  қарай  лизиндер  (бөгде  заттарды  еріткіштер),  антитоксиндер 

(токсиндерді  –  улы  заттарды  бейтараптағыштар),  агглютининдер  (бөгде 

заттарды  желімдегіштер),  преципитиндер  (бөгде  заттарды  тұндырғыштар) 

болып бөлінеді. 

Қан  құрамындағы  белоктарға  пропердин  мен  ферменттер  де

 

(амилаза, 



липаза,  сілтілі  фосфатаза,  трансаминаза)  жатады.  Пропердин  липидтер  мен 

күрделі  қанттардан  (полисахаридтен)  құралған  белокты  комплекс.  Ол  1954 

жылы  анықталған.  Пропердин  вирус  белоктарымен  байланысып,  оларды 



 

44

зиянсыздандырады, бактерияларды өлтіреді, сондықтан ол кейбір ауруларға 



қарсы күресудің туа біткен факторы болып саналады. 

Қан  плазмасы  құрамында  несепнəр  (мочевина),  несеп  қышқылы,  пурин 

негіздері,  креатин,  амин  қышқылдары,  аммиак  сияқты  белок  алмасуының 

өнімдері болады. Бұл қосылыстарды қалдық азот деп атайды. Оның қандағы 

мөлшері белок алмасуының қарқынына, организмнің физиологиялық күйіне 

байланысты  өзгереді.  Қандағы  қалдық  азот  мөлшері  20-65  мг%  шамасында 

(жылқыда -30-58, сиырда -30-65, қойда - 25-45, шошқада 20-44, итте -20-45, 

тауықта 20-60). Қалдық азоттың 40-50 пайызын несепнəр құрайды. 

Қан  плазмасында  орта  есеппен  40-260  мг%  шамасында  глюкоза  түрінде 

көмірсулар болады. Глюкозаның қандағы мөлшері жылқыларда 60-110 мг%, 

сиырда-40-100, қойда 40-65, шошқада 40-250, қоянда -100, итте 70-100, құста 

130-260  мг%.  Қан  құрамындағы  глюкозаның  мөлшері  ішкі  секреция 

бездерінің  қызметіне,  жүйке  жүйесінің  физиологиялық  жағдайына, 

организмнің тіршілік əрекетіне қарай өзгеріп отырады. Глюкоза қанда еркін, 

не  белоктармен  кешенді  байланыс  түрінде  болады.  Байланыстағы  глюкоза 

мөлшері 40-50 пайыз шамасында. 

Қан құрамында аз мөлшерде (15-50 мг%) гликоген жəне сүт, пирожүзім, 

сірке қышқылдары сияқты көмірсулар  алмасуының аралық өнімдері болады. 

Бұл  аталған  өнімдердің  ішінде  сүт  қышқылының  мөлшері  басымырақ: 

жылқыда -18, бұқада -12, шошқада -40, итте -24 мг%.  

Қан плазмасы құрамында майлар мен олардың аралық алмасу өнімдері - 

глицерин,  май  қышқылдары  да  кездеседі.  Қандағы  майдың  мөлшері  онша 

көп  болмайды,  бірақ  азық  құрамындағы  майдың  шамасына  қарай  оның  0,7 

пайызға дейін көтерілуі мүмкін. 

Органикалық  қосылыстармен  қатар  қан  плазмасының  кұрамында  0,9 

пайыз  минералды  тұздар  болады.  Айта  кетер  жайт,  қандағы  катиондар  мен 

аниондар арақатынасының тұрақтылығы өте мықты сақталады. Бұл организм 

торшалары  мен  ұлпаларының  қозғыштығы

 

мен  басқа  да  физиологиялық 



қасиеттерін қалыпты жағдайда сақтау үшін қажет. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет