2.
Əр түрлі физиологиялық ерітінділердің құрамы
Ерітінділер
І л дистилденген судағы мөлшері, г
NaCl KCl CaCl
2
NaHCO
3
MgCl
2
NaH
2
PO
4
Глю-
коза
Рингер ерітіндісі: -
салқын қандыларға
-жылы қандыларға
Рингер-Локк
ерітіндісі
Тироде ерітіндісі
6,5
9,0
9,0
8,0
0,14
0,2
0,42
0,20
0,12
0,2
0,24
0,20
0,2
0,2
0,15
1,0
-
-
-
0,1
-
-
-
0,05
-
-
1,0
1,0
Құрамының күрделігіне қарамай аталған физиологиялық ерітінділер қан
плазмасымен биологиялық тұрғыдан бара-бар емес. Өйткені олардың
құрамында коллоидты заттар (белоктар) жоқ. Сондықтан құрамында
глюкоза бар ерітінділерге əртүрлі коллоидттар (мысалы, суда еритін жоғары
молекулалы декстран сияқты полисахаридтер), немесе арнаулы өңдеуден
өткен белок препараттарын қосу қажет. Коллоидтарды 7-8 пайыз шамасында
қосады. Мұндай ерітінділерді уақытша қан қысымының деңгейін сақтау
үшін қан тамырына егуге болады.
Қанның əрекетшіл реакциясы. Организмнің қалыпты тіршілігі үшін
сутегі
(Н
+
)
мен
гидроксил
(ОН
-
)
иондары
концентрациясының
арақатынасымен анықталатын қанның əрекетшіл реакциясының маңызы зор.
Қанның сутектік көрсеткіші (рН)-7,35-7,45, демек оның əрекетшіл ортасы
əлсіз сілтілік.
Қанның əрекетшіл реакциясы салыстырмалы тұрақты жағдайда болады.
Ол қанда буферлік жүйенің болуына байланысты. Буферлік жүйе деп
қанның əрекетшіл реакциясын өзгертпей, тұрақты қалыпта сақтап тұратын
41
қосылыстарды айтады. Буферлік қасиеті бар ертінділерде əлсіз, баяу
диссоциацияланатын қышқыл жəне сол қышқылдың сілтілі тұзы болады.
Буферлік касиеті бар ерітіндіге күшті қышқыл немесе сілті
қосса да ерітіндінің сутектік көрсеткіші өзгермейді, себебі ері-
тіндіге қосылған күшті қышқыл оның құрамындағы тұздан əлсіз қышқылды
ығыстырып шығады да, ерітіндіде əлсіз қышқыл жəне оның күшті
қышқылдық
тұзы
түзіледі.
Ал
ерітіндіге
күшті
сілті қосылса, онда əлсіз қышқылдың тұзы мен су пайда болып,
ерітіндінің əрекетшіл реакциясы қалпында сақталып қалады.
Қан құрамында төрт түрлі буферлік жүйе бар:
1. Бикарбонатты буферлік жүйе; ол көмір қышқылы мен натрий
бикарбонатынан тұрады.
2. Фосфатты буферлік жүйе; бір жəне қос негізді фосфор қышқылды
натрийден тұрады.
3. Белокты буферлік жүйе; қан құрамындағы плазма белоктарынан
құрылған. Белоктар амфотерлік қасиетінің арқасында ортаның əрекетшіл
реакциясына қарай не сутегі, не гидроксил иондарын бөледі де, қанның
сутектік көрсеткішін бір деңгейде ұстайды.
4. Гемоглобиндік жүйе; гемоглобиннің калийлі тұзына (КНbО
2
)
байланысты. Бұл қосылыс көмір қышқылына қарағанда əлсіз қышқыл
болғандықтан, оған өзінің калий ионын береді де, сутегі ионын қосып алып,
баяу диссоциацияланатын қышқылға айналады. Қанның буферлік қасиетінің
75 пайызы гемоглобинге байланысты, ал карбонатты жəне фосфатты
буферлік жүйелердің қанның əрекетшіл реакциясын сақтаудағы маңызы
шамалы.
Буферлік жүйе ұлпаларда да болады. Оны ұлпалардағы белоктар мен
фосфаттар құрайды. Осы буферлік жүйенің арқасында зат алмасу кезінде
ұлпаларда түзілген көмір қышқылы, сүт жəне фосфор қышқылдары
бейтараптанып, қанның əрекетшіл реакциясын өзгерте қоймайды.
Қанның буферлік жүйесінің маңызды сипаты қанның əрекетшіл
реакциясының қышқылдық ортаға қарағанда сілтілік ортаға қарай оңай
ауытқуында. Мысалы, қанның сутектік көрсеткішін сілтілік жаққа қарай
ығыстыру үшін қанға суға қарағанда күйдіргіш натрий ерітіндісін 40-70 есе
артық қосу керек. Ал сутектік көрсеткішті қышқылдық жаққа ығыстыру
үшін қанға сумен салыстырғанда тұз қышқылының ерітіндісін 327 есе артық
қосуға тура келеді. Оның себебі қан құрамындағы əлсіз қышқылдардың
сілтілік тұздарының мол болып, қанның сілтілік қорын түзуінде. Сілтілік
қор дегеніміз 100 мл қандағы бикарбонаттар мөлшері. Бұл қордың
биологиялық мəні зор. Ол организмде зат алмасу процесінің барысында
түзілген əр түрлі қышқылдарды бейтараптап отырады. Қанда қышқылдық
жəне сілтілік эквиваленттер белгілі арақатынаста болады, сондықтан қанда
қышқыл-сілтілік тепе-теңдік қалыптасады.
42
Организм қанның əрекетшіл реакциясы белгілі бір деңгейде сақталғанда
ғана өмір сүре алады. Жоғары сатыдағы жануарлар үшін өмір шегі сутектік
көрсеткіштің 7,0 мен 7,8 мөлшерінің аралығында
орналасады. Қанның
сутектік көрсеткіші осы шектен төмендеп не асып кетсе, тіршілік тоқтайды.
Оның ұзақ уақыт 0,1-0,2-ге ауытқуы организм үшін үлкен қатер.
Буферлік жүйенің болуына қарамастан кейде (патологияға байланысты)
қанның əрекетшіл реакциясының ауытқуы мүмкін. Қанның сутектік
көрсеткішінің қышқылдық жаққа ығысуын ацидоз, ал сілтілік жаққа
ауытқуын – алкалоз дейді.
Ацидоз мына төмендегі түрлерге бөлінеді.
1. Газды ацидоз. Ацидоздың бұл түрі қанның құрамында көмір қышқыл
газы көбейген жағдайда, тыныс алу процесі бұзылғанда, ауада көмірқышқыл
газының концентрациясы өскенде (мысалы, қапасталған бөлме жағдайында)
байқалады.
2. Газсыз ацидоз. Зат алмасу процесі бұзылғанда, бөлу жүйесінің жұмысы
нашарлағанда, алмасу процесі барысында қышқылдар бөлетін заттар
мөлшерден тыс қабылданғанда, организмде əр түрлі қышқыл заттар
жинақталып (мысалы, сүт, пирожүзім, ацетон-сірке, оксимай қышқылдары),
қанның əрекетшіл реакциясы қышқылдық жаққа ауытқиды.
3. Теңгерілген ацидоз жағдайында қанның сутектік көрсеткіші (рН)
өзгермей, тек сілтілік қоры азаяды.
4. Теңгерілмеген ацидоз жағдайында қанның əрекетшіл реакциясы
қышқылдық жаққа ауытқып, оның сутектік көрсеткіші төмендейді.
Алкалоз да газды, газсыз, теңгерілген жəне теңгерілмеген болып бөлінеді.
Газды алкалоз тыныс жиілеп, организмнен көмір қышқылы көп бөлінген
жағдайда байқалады, ал газсыз алкалоз зат алмасу процесі мен бөлу жүйесі
жұмысының бұзылуына байланысты туындайды. Теңгерілген алкалоз
жағдайында қанның сутектік көрсеткіші өзгермей, тек сілтілік қор өседі, ал
теңгерілмеген алкалоз кезінде қанның сутектік көрсеткіші сілтілік жаққа
ығысады (рН>7,45).
Достарыңызбен бөлісу: |