Жануар физол


 Мал өнімталдығын реттеудің жаңа биотехнологиялық



Pdf көрінісі
бет310/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

12.13. Мал өнімталдығын реттеудің жаңа биотехнологиялық 

тəсілдері 

 

Эндокринология  мен  ұрпақтану  физиологиясының  қазіргі  кезде  қол 



жеткен  жетістіктерін  мал  өнімталдығын  арттыру  мақсатында  тиімді 

қолданудың биологиялық жүйесін биотехнология деп атайды. 

Сыртқы  ортаның  əр  түрлі  қолайсыз  факторлары,  жыныстық  айналым 

кезендерінің физиологиялық мəнін дұрыс пайдаланбау көп жағдайда малдың 

қысыр  қалуына  соқтырып,  оның  өнімталдығын  төмендетеді.  Малды  дер 

кезінде  шағылыстыру,  оның  күтімі  мен  қоректену  жағдайларын  жақсарту 

арқылы  мұндай  жəйттерді  жойып,  тіршілік  қабілеті  зор  төл  өсіруге  болады. 

Мал  өнімталдығын  арттырудың  тиімді  тəсілдері  физиология,  биохимия, 

эмбриогенетика,  биотехнология  жетістіктерін  пайдалану  негізінде  ғана 

қалыптастырылады. Бұл тұрғыда болашағы мол бірнеше бағытты атап өтуге 

болады. 

1.  Ұрғашы  мал  өсімталдығын  əр  түрлі  гормондар  препараттарын  - 

гонадотропиндерді,  прогрестагендерді,  простагландиндер  жəне  олардың 

синтетикалық аналогтарын қолдану негізінде реттеу тəсілдерін табу. 

Бұл  бағытта  малды  жасанды  жолмен  күйлету,  оның  шағылысу  сəтін 

реттеу  арқылы  төлдеу  мен  ұрықтану  кезендерінің  арасын  (сервис-кезең) 

қысқарту, буаздықты ерте анықтау, төлдеу мерзімін реттеу сияқты тəсілдер 

тиімді пайдаланылу қажет. 

Белгілі  бір  ретпен  гормондарды  егу  арқылы  жыныстық  қызметтегі 

ауытқуларды жоюға, жыныс ағзаларының физиологиялық күйін бағыттауға, 

сүттену  процесін  реттеуге  болады.  Прогестагендер  мен  простагландиндерді 

қолдану  арқылы  көп  малдың  күйлеу  мерзімін  үйлестіріп  (синхрондап,) 

оларды  бір  мезгілде  ұрықтандыратын  мүмкіндік  тудыруға  болады.  Бұл  мал 

өнімін  өндіру  процесін  сұранысқа  ыңғайлап  өзгертіп  отыруға  мүмкіндік 

береді. 

Шағылыстыру  жəне  ұрықтандыру  процестерін  қолайлы  кезеңдерде 

ұйымдастыру үшін малдың күйтке келетін мерзімін алдын ала болжап отыру 

қажет.  Буаздықты  ертерек  анықтаудың  да  маңызы  зор.  Оны  қан 

құрамындағы  прогестерон  мөлшеріне  қарап,  немесе  радиоммунологиялық 

əдіс арқылы анықтауға болады. Туу мерзімін реттеу малға дəрігерлік көмекті 

көрсету  ісін  жоспарлау,  дəрігерлік  шараларды дұрыс  ұйымдастыру  үшін  де 

қажет. 


2.  Малдың,  əсіресе қойдың,  егіз  тууын арттыру  арқылы өнімталдықты 

жақсарту.  Бұл  мақсатта  жыныстық  айналымның  фолликулалық  сатысында 

гонадотропиндер  (ЛГ+ФЖГ,  СЖК)  егу  тəсілі  қолданылады.  Малдың  қоңын 




 

411


жақсарта отырып, бұл препараттарды орынды қолдану арқылы төлді 1,5 есе 

көп  алуға  болады. Бұл  əдісті  қазіргі  кезде  сиырдың  етті тұқымдарынан егіз 

төл  алу  үшін,  терісі  қымбат  аңдардың  өнімталдығын  арттыру  мақсатында 

қолданып  жүр.  Айта  кетер  жəйт,  бұл  тəсілді  бақылаусыз  жəне  жорықсыз 

қолдану  пайда  бермей,  керісінше  зиян  келтіреді.  Мұндай  жағдайда  төл 

майдаланып,  оның  тіршілік  қабілеті  төмендейді.  Осымен  байланысты  бұл 

əдісті асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтарда қолдануға болмайды. 

3.  Эмбриондарды  аударып  қондыру  (трансплантация).  Бұл  жағдайда 

жоғары  өнімді  бағалы  ұрғашы  мал  ұрықтары  құндылығы  төмендеу  малға 

арнаулы операция арқылы аударылып отырғызылады. 

Бұл  бағыттағы  тəжрибелер  алғашқы  кезде  фолликуладан  овуляция 

алдында  алынған  ұрықтанбаған  аналық  жыныс  торшаларын  алмастырып 

отырғызудан  басталды.  Қазіргі  кезде  негізінен  ұрықтанған  жұмыртқаларды 

отырғызады. 

Трансплантация  екі  түрлі  əдіспен  жүргізіледі:  хирургиялық  жəне 

хирургиялық  емес.  Хирургиялық  əдісті  қолданғанда  малдың  бүйірін  тіліп, 

ішін  жарады  да,  зиготаны  (шарананы)  аз  ғана  физологиялық  ерітіндімен 

пипетка,  немесе  арнаулы  түтікше  көмегімен  жұмыртқалық  жолға,  немесе 

жатыр  мүйізіне  шайып  түсіреді.  Бластомер  сатысындағы  ұрықтарды 

жұмыртқалық жолға, ал одан кеш даму сатысындағы ұрықты жатыр мүйізіне 

отырғызады.  Екінші  əдісті  қолданғанда  ұрық  арнаулы  құрал  арқылы  еш 

операциясыз,  жыныс  жолы  арқылы  жатырға  жіберіледі.  Аталған  əдіс 

генетикалық потенциалы жоғары малдан қысқа мерзім ішінде көп төл алуға, 

генетикалық  материалдар  қорын  (банкын)  құруға,  алыс  жерлерге  мал 

тасымалдамай, оның ұрығын жіберуге мүмкіндік тудырады. 

Бұл  əдіс  Қазақстанда  академик  Ф.М.Мұхаммедгалиев  басшылығымен 

алғаш  рет  биология  ғылымдарының  кандидаттары  К.Жаңабеков  пен 

Р.Əбілдинов  зерттеулерінде  сынақтан  өтіп,  қазіргі  кезде  профессорлар 

М.Тойшыбеков, Т.Садыкұлов басшылығымен кеңінен қолданылып келеді.  

Эмбриондарды  трансплантациялау  əдісінің  қолдан  ұрықтандырудан 

айырмасы - ол мал басын генетикалық тұрғыдан аталық ізбен емес, аналық 

ұямен  жақсартуға  бағытталған.  Трансплантация  əдісі  өте  күрделі,  бірнеше 

сатыда  жүреді.  Ол  үшін  аналық  донорларда  суперовуляция  (мол  овуляция) 

тудырып, оларды қолдан немесе табиғи жолмен ұрықтандырады. Содан соң 

ұрықтанған  жұмыртқаларды  шайып  алып,  олардың  өміршеңдік  қабілетін 

жəне  эмбрион жынысын анықтағаннан  соң, жыныстық  айналымы донормен 

үйлестірілген  реципиент  жатырына  ауыстырылып  қондырылады.  Бұл  əдісті 

қолданудың  физиологиялық  негізі  -  ұрықтың  біраз  мерзім  аралығында 

жатырға  жабыспай,  еркін  жүзіп  жүруінде.  Сондықтан  белгілі  бір  уақыт 

аралығында  (13–16  күн  ішінде)  бластоцистаны  реципиент  жатырына 

отырғызуға  болады.  Эмбриондарды  тоңазыту  (криоконсервациялау)  арқылы 

бұл əдістің қолдану шеңберін кеңейте түсуге болады. 



 

412


4.  Жыныс  торшаларының  өзімен,  ядроларымен  амалдау.  Бұл  жағдайда 

ооциттер  мен  грааф  көпіршіктерін  организмнен  тыс,  жасанды  ортада 

жетілдіреді  де,  жұмыртқаны  ұрықтандырып,  эмбронды  немесе  жеке 

бластомерлерді  реципиенттерге  қондырады.  Бұл  əдіс  əзірше  лаборатория 

жағдайларында  сыналуда.  Оны  түбегейлі  іске  асыру  жыныстық  жетілмеген 

немесе  кездейсоқ    жағдайда  өліп  кеткен  құнды  сиырлардан  жетілген 

жұмыртқаларды көп мөлшерде алуға мүмкіндік береді. 

Жұмыртқаларды  энуклеациялау  (ядросыздау)  жəне  оларға  тұлға 

торшалары  (хромосомалардың  толық  жиынтығы  бар)  ядроларын  отырғызу 

əдісінің де зор болашағы бар. Бұл жағдайда жұмыртқалар ұрықтанбай дамып, 

өсірілетін  төлдер  сырт  белгілері  мен  генетикалық  негізі  жағынан  бірдей 

болып, генетикалық біртекті ұрпақ (клон) өседі. 

Аталған  əдістерді  жетілдіру  жəне  кеңінен  қолдану  жануарлардың 

өнімталдық  қабілетін  толық  пайдалануға,  көбею  процесінің  биохимиялық 

табиғаты  мен  эндокриндік  реттелу  құпияларын  тереңірек  түсініп,  тиімді 

пайдалануға мүмкіндік берді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет