Жануар физол


Жұмыртқаның  пайда  болуы



Pdf көрінісі
бет312/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   504
Жұмыртқаның  пайда  болуы.  Жетілген  сарыуыз  фолликуладан  шығып, 

жұмыртқалық жолға түскеннен соң, жұмыртқа белогы түзіліп, жинақталады, 

жұмыртқа қабықтары мен қауыз жасалады, жұмыртқа (тұқым) пайда болады. 

Аналық безде ұрықтанып үлгермеген сарыуыз жұмыртқалық жол шанағына 

түскеннен  соң  осы  жерде  ұрықтанады.  Шанақтан  аналық  торшалы  сарыуыз 

15–20  минут  ішінде  өтеді.  Егер  аналық  торша  аналық  безде  немесе 

жұмыртқалық  жол  шанағында  ұрықтанып  үлгермесе,  ол  жыныс, 

жолдарының  басқа  бөліктерінде  ұрықтанбайды.  Мұндай  жұмыртқа 

ұрықтанбаған күйінде қалады. Қоразбен бір рет шағылысқан мекиендер ұзақ 

мерзім  бойына  (тауық  20-25  күн)  ұрықтанған  жұмыртқа  жұмыртқалайды. 



143-ñóðåт

²½ñтû» 



ê¼áåþ 

ì¾øåëåði: 



-í-ëûº 



áñç; 

— 



æóìûðтº-ëûº 

æîë 


ø-í-¹û; 



æ½ìûðтº-ëûº  

æîëäû» áåëîê т¾çiëåтií á¼ëiãi; 

4  —  ìîéí-º;  5  -  æ-тûð;  6  - 

ºûí-ï;  7  -  тiê  iøåê;  8  — 

ñ-»¹óûð 

(êëî-ê-);9 

— 

ø-æûðº-é.



 


 

414


Дегенмен  шағылысудан  8-12  күннен  кейін  жұмыртқаның  ұрықтануы  күрт 

төмендейді. 

Жұмыртқалық  жол  қабырғасы  еттерінің  əрекетімен  сарыуыз  шанақтан 

жұмыртқалық  жолдың  белоктық  бөлігіне  өтеді  де,  оның  бойымен  өз  осінде 

айнала  жылжиды.  Оған  жол  қабырғасындағы  етті-эпителийлі  қатпаршаның 

спираль  түрінде  орналасуы  себепші  болады.  Жұмыртқалық  жолдың 

белоктық  бөлігінде  жұмыртқа  белогының  негізгі  бөлігі  түзіледі.  Алдымен 

сарыуыз  бетіне  жұмыртқалық  жол  бездерінен  бөлінген  белоктың  тығыз 

жіптері  жабысады  да,  олардың  бұралуы  нəтижесінде  сарыуыздың  қарама-

қарсы  өрістерінде  өрімдер  пайда  болады.  Олар  соңынан  сарыуызды 

жұмыртқаның  ортасында  ұстауға  мүмкіндік  береді.  Сарыуыз  айналасында 

белоктың  тығыз  қабаты  орналасады.  Одан  сыртқары  белоктың  қоймалжың 

жəне  сұйық  қабаттары  жатады.  Жұмыртқалық  жол  мойнағында  қауыз 

астарлық жəне белоктық қабықтар мен сұйық белоктың біраз мөлшері пайда 

болады. Жатырда жұмыртқа белогы ісініп, қауыз түзіледі. 

Жұмыртқалық жолдың белоктық бөлігімен жұмыртқа 3 сағат жылжиды, 

мойнақтан 1 сағатта өтеді, ал жатырда 19 сағат аялдайды. Жалпы жұмыртқа 

23–27  сағат  ішінде  пайда  болады.  Тауық  кейде  тəулігіне  екі  рет  те 

жұмыртқалайды,  бірақ  мұндай  жағдай  сирек  кездеседі.  Көбінесе  тауық 

тəулігіне  немесе  екі  тəулікте  бір  рет  жұмыртқалайды.  Құсты  дұрыс 

азықтандырмаса онда ол 5–6 тəулікте бір рет жұмыртқалауы мүмкін. 

Құс  жұмыртқалағанда  жұмыртқалық  жол  байламдары  босап,  қынап 

тесігі саңғуырға қарай томпая шығып, айналшыққа (анусқа) жақындайды да, 

жұмыртқа саңғуырға түспей, сыртқа шығады. 

Үй  құстары  белгілі  айналыммен  жұмыртқалайды.  Бір  маусымда  немесе 

бір  жылда  бірнеше  лек  (серия)  мен  интервал  кездеседі.  Лек  деп  құс  үзбей 

жұмыртқалаған  күн  санын  айтады.  Одан  кейін  1–2  күн  үзіліс  (интервал) 

байқалады да, серия қайта басталады. Серия мен интервалды жұмыртқалау 



айналымы деп атайды. 

Еркек құс жыныс органдары аталық безден (ен), ен қосалқысынан, шəует 

шығару өзектерінен жəне жыныстық қатынас мүшесінен тұрады. Ен бұршақ 

пішіндес,  құрсақ  қуысында,  бүйректің  алдыңғы  бөлігінің  маңында 

орналасатын орган. Оның мөлшері құстың жасына, азықтандыру деңгейіне, 

жыл мерзіміне т.б. факторларға байланысты өзгеріп отырады. Сперматогенез 

күшейген кезде орыстың ақ тұқымының қораздарында еннің массасы 17–19 г 

жетсе, тыныштық маусымдарында 3–5 г шамасында болады. Ата қаз енінің 

салмағы маусым айында 39 г болса, желтоқсанда 2,5 г дейін төмендейді. 

Аталық жыныс торшалары мен аталық жыныс гормондары еннің иірімді 

түтікшелерінде  түзіледі.  Одан  жетілген  спермийлер  нашар  дамыған  ен 

қосалқысына,  содан  соң  шəуеттік  жолға  түседі.  Шəуеттік  жол  омыртқаға 

параллель несеп түтігімен қатар жатады. Жыныстық қатынас кезінде аталық 

мүшенің болмауына байланысты (ол тек кежек пен ата қазда болады) ұрғашы 




 

415


құс  қынабы  қимылының  арқасында  шəует  тікелей  жұмыртқалық  жол 

жатырына  түседі.  Құстарда  сперматогенез  көктем  мен  жаз  мезгілдерінде 

күшейеді.  Шағылысқаннан  соң  спермийлер  жыныстық  жолдың  əр  түрлі 

бөлімдерінде 10–12 күн бойына ұрықтандырғыш қабілетін сақтайды. 

Екі  гамета  қосылғаннан  кейін  хромосомалардың  толық  жиынтығымен 

сипатталатын  ұрықтанған  торша  (зигота)  пайда  болады.  Жаңа  шыққан 

жұмыртқада ұрық гаструланың (ұрықтың қосқабатты даму сатысы) алғашқы 

сатысында  сақалады.  Сыртқы  орта  температурасының  төмендігімен 

байланысты  жұмыртқадағы  ұрықтың  дамуы  уақытша  тоқтайды.  Егер 

жұмыртқа  қолайлы  жылылық  пен  дымқылдыққа  тап  болса,  ұрықтың  дамуы 

əрі қарай жалғасады.  

Эмбрионның даму кезеңі (инкубация кезеңі) құстарда əртүрлі: тауықта ол 

21 күн, үйректе, күрке тауықта - 28 күн, қазда - 31 күн. Күрке тауықта аналық 

торша ұрықтанбай-ақ партеногенездік бөліну нəтижесінде дамуы мүмкін. 

Құстардың  жыныс  бездерінің  қызметі  нейрогуморальдық  бақылауда 

болады.  Көбею  мүшелері  симпатикалық  жəне  парасимпатикалық 

жүйкелермен  жүйкеленеді,  демек  оларға  орталық  жүйке  жүйесі  осы 

вегетативтік жүйкелер арқылы əсер етеді. 

Жұмыртқалау  процесін  реттеуде  гуморальдық  факторлар  маңызды  рөл 

атқарады.  Ол  гипофиздің,  аналық    бездің,  қалқанша  бездің  жəне  басқа  ішкі 

секреция  бездерінің  қатынасуымен  жүреді.  Аналық  без  қызметін  реттеуде 

гипофиздің  гонадотроптық  гормондарының  маңызды  зор.  Фолликуланы 

жандандырушы  гормон  аналық  торшаның  дамып  жетілуін,  ал  лютеиндеуші 

гормон  овуляция  процесін  реттейді.  Өз  кезегінде  бұл  гормондардың  бөліну 

қарқыны  жүйке  жүйесі  арқылы  реттеледі.  Реттеу  тетіктерінің  үйлесімді 

əрекеттерінің арқасында сарыуыз жұмыртқалық жолдың белоктық бөлігінде 

болған кезеңде келесі овуляция процесі жүрмейді. Жұмыртқа жұмыртқалық 

жол  мойнағынан  өткенде  пайда  болған  тітіркеністің  орталық  жүйке 

жүйесіне,  гипоталамуске  жəне  гипофизге  еткен  əсерінің  салдарынан  келесі 

овуляция басталады. 

Аналық  безде  жұмыртқалық  жол  қызметін  реттейтін  стероидты 

гормондар  түзіледі.  Аналық  без  гормондары  сонымен  қатар  жұмыртқалық 

жол  кілегей  қабығының  эпителийлік  торшаларының  қызметін  реттеп,  оның 

бездерінің  дамуын  жақсартады.  Бұл  процестерде  андрогендер  де  маңызды 

рөл атқарады. 

Құстың жұмыртқалағыш қабілетіне күннің ұзақтығы күшті ықпал етеді. 

Жарық  көру  органы  арқылы  эпифиз  бен  гипоталамус-гипофиздік  жүйе 

қызметі күшейеді де, гипофизден бөлінген гонадотроптық гормондар жыныс 

бездерінің əрекетін жандандырады. 

Құстың  жұмыртқалағыштығын  арттыруда  оларды  дұрыс  жəне  тиімді 

азықтандырудың  да  маңызы  зор.  Жұмыртқалау  кезеңінде  құстарда  зат 

алмасу  процесінің  қарқыны  жоғарылайды,  организм  шығыны  артады. 




 

416


Химиялық  талдауларға  қарағанда  жұмыртқаның  құрамы  өте  күрделі.  Онда 

65,5%  су,  11,9%  белок,  9,3%  липидтер,  0,9%  көмірсулар,  0,9%  минеральды 

заттар  (қауызда  -  11,5)  болады.  Егер  салмағы  1,8  кг  тауық  жылына  орташа 

массасы 56 г. 240 жұмыртқа жұмыртқаласа, онда ол жалпы алғанда 13,4 кг 

жұмыртқа  массасын,  оның  ішінде  1600  г  құнарлы  белок,  1250  г  май,  125  г 

көмірсу  өндіреді.  Бір  жылда  қауыз  құрамымен  тауық  600  г,  немесе  өз 

салмағының 1/3 шамасында кальций жоғалтады. Жалпы алғанда тауық жыл 

бойына  жұмыртқамен  өз  салмағынан  8  есе  артық  əр  түрлі  құнарлы  заттар 

бөледі  жəне  өз  массасымен  шамалас  жұмыртқа  белогын  өндіреді. 

Массасының əр өлшеміне шаққанда тауық жыл бойына 0,9 бөлік жұмыртқа 

белогын  өндірсе,  сиыр  -  0,23  бөлік  сүт  белогын  өндіреді.  Жұмыртқа 

құрамында  барлық  алмастырылмайтын  амин  қышқылдары,  əр  түрлі  макро- 

жəне  микроэлементтер  болады.  Жоғарыда  баяндалған  жайлар  құстарды 

дұрыс азықтандыру мəселелеріне баса көңіл бөлуді қажет етеді. Құстар азық 

құрамында  қажетті  мөлшерде  қоректік  заттар  қабылдау  керек.  Сонымен 

қатар олар қабылдаған қоректік заттар жеңіл қорытылып, оңай сіңетін күйде 

болғаны жөн.  

Жыл  маусымының  кейбір  кездерінде  құс  организмінде  зат  алмасу 

процесі күрт өзгереді. Мысалы, жыныстық белсенділік артқан маусымдарда 

қораздарда  газ  алмасу  күшейеді.  Мекиенмен  салыстырғанда  қоразда  зат 

алмасу  20–30  пайызға  жоғары  болады.  Жұмыртқалау  маусымы  алдында 

мекиендер бауыры үлкейіп, оның белок түзу қабілеті артады. Осы кезде қан 

құрамында  кальций  мөлшері  2–3  есе  өседі.  Овуляция  кезінде  қандағы 

қанттың,  кальцийдің  жəне  фосфолипидтердің  мөлшері  жоғарылайды. 

Сонымен қатар басқа да қосылыстардың алмасуы күшейеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет