Жануар физол



Pdf көрінісі
бет307/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

 

 

 

 

 

 

Трофобласт торшаларына протеолиздік қасиет тəн, сондықтан олар даму 

үстіндегі ұрықтың жатырмен байланысуын қамтамасыз етеді. Ұрық жатырға 

бекіп,  қағанақ  пайда  болғаннан  соң,  бластула  өсе  келе,  қоректенудің 

гистиотроптық түрі гемоплацентарлық  қоректенумен алмасады. 

Кейбір жануарларда (бұлғын, қара күзен, ақ тышқан, елік т.б.) ұрық ұзақ 

уақыт  жатырға  бекімей  бос  жүреді.  Мысалы,  бұлғын  шілдеде 

шағылысқанымен, тек көкек-мамыр айларында ғана күшіктейді. Тіпті ақпан 

айында  олардың  жатырында  орнықпай,  еркін  жүрген  бастоцисталарды 

кездестіруге  болады.  Ұрық  дамуындағы  осындай  құбылысты  буаздықтың 



жасырын  (латенттік)  сатысы  деп  атайды.  Бұл  сары  дене  белсенділігінің 

 



 

406


тежелуімен  байланысты  қалыптасады  да,  ұрпақтың  өсіп-дамуға  тиімді 

мерзімде (көктемде) тууына мүмкіндік береді. 



Қағанақ  (ұрық  қабығы)  күрделі  жолмен  дамиды.  Бластуланың  ішкі 

қуысының  (бетінің)  эмбриобласт  торшаларымен  астарлануы  нəтижесінде 

эндодермалық  қуыс  -  сарыуыз  қалтасы  пайда  болады.  Онда  құрамында 

белок  пен  ұрық  дамуына  қажетті  басқа  заттар  бар  сұйық  жиналады. 

Трофобластың  жылдам  өсуі  нəтижесінде  ұрық  торшалары  екі  қабат 

қабықпен  қоршалады.  Олар  ұрықтың  дамуының  алғашқы  сатыларында 

қатпаршақтар  түзіп,  кейінірек  ұрық  ұлпаларына  бастау  болады.  Сонымен 

ұрық  екі  қабықтың  ішінде  қалады.  Оның  сыртқысын  трофобласт,  ал 

ішкісін  -  амнион  деп  атайды.  Амнион  кіндік  түбінде  терімен  ұштасады. 

Трофобластың  сыртқы  бетінде  тамырлар  біте  өскен  бүрлер  -  хорион  пайда 

болады. 

Амнион мен хорион арасында құрамында белок бар шұбалыңқы сұйық 

жиналады  да,  кіндік  тұсында  оған  сарыуызды  қалта  мен  қуық  қапшығы  - 

аллонтоис енеді. 

Ұрық  қабығы  -  қағанақ  (амнион),  ішінде  ұрықты  кеуіп  кетуден  жəне 

механикалық  зақымданудан  сақтайтын,  буфер  қызметін  атқаратын  сұйық 

болады.  Бұл  сұйық  құрамындағы  биологиялық  белсенді  заттар  жатыр 

тонусын  сақтауда,  ұрықтық  ас  қорыту  жүйесінің  дамып,  зат  алмасу 

процесінің қалыптасуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. 

Хорион  (сыртқы  тамырлы  қабық)  мен  жатырдың  кілегей  қабығының 

байланысуынан  күрделі  орган  -  жолдас  (плацента)  түзіледі.  Жолдас 

аналық  жəне  ұрықтық  бөліктерден    тұрады.  Ол  өте  күрделі  қызмет 

атқарады. Жолдас ұрықты қоректік заттармен, оттегімен қамтамасыз етіп, 

көмір  қышқыл  газы  мен  қажетсіз  өнімдерді  бөліп  шығаруға  мүмкіндік 

береді,  залалды  заттарды,  микроорганизмдер  мен  паразиттерді  ене 

қанынан  ұрыққа  өткізбейді,  басқаша  айтқанда  тосқауылдық  қызмет 

атқарады. Оған талғамдылық қасиет тəн.  

Ұрық  хорионда  жүретін  күрделі  биохимиялық  реакциялар  мен 

ферменттік  процестер  нəтижесінде  қоректенеді.  Ірі  молекулалы  белоктар 

хорионда  ферменттердің  əсерімен  альбуминге  ыдырап,  соңынан  ұрық 

денесінде олардан қайтадан белок түзіледі. Май мен күрделі көмірсулар да 

алдымен  жолдаста  ыдырап,  соңынан  ұрық  денесінде  қайта  синтезделеді. 

Жолдастың  талғамды  өткізгіштік  қасиетінің  нəтижесінде  ене  қаны  мен 

ұрық  қанының  құрамындағы  кальций,  калий,  натрий  жəне  темір 

концентрациясының 

деңгейінде 

айырма 


байқалады. 

Жолдаста 

дəрмендəрілер  де  жинақталады.  Ол  гормондарды,  антиденелерді  оңай 

өткізеді.  

Ұрықтың қан айналымына өзіндік ерекшеліктер тəн. Ұрық организмінде 

ассимиляция  процесі  диссимиляциядан  басымырақ.  Бұл  оның  тез  өсуін 




 

407


қамтамасыз  етеді.  Ұрықтың  жүректен  басқа  ағзалары  əлсіз  жұмыс  істейді, 

сондықтан ол қуатын көп шығындамай, үнемдеп жұмсайды. 

Құрсақтық  дамудың  екінші  жартысында  ұрық  бүйрегі,  кейбір  ішкі 

секрециялық  бездер  қызметке  қосылып,  зəр,  инсулин,  өсу  гормоны  т.б. 

бөлінеді, ішек баяу жұмыс істей бастайды. Онда ферменттер бөлініп, тоңғақ 

(меконий) жиналады. Тоңғақ негізінен өт пен эпидермистен құралады. Еттің 

жиырылу қабілетінің қалыптасуымен байланысты ұрықта қимыл-əрекеттері 

байқалады. 

Буаздық мерзімінің ұзақтығы əр түліктде əр түрлі (38 - табл.) 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет