Жануар физол



Pdf көрінісі
бет314/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   504
 

13-ТАРАУ

 

СҮТТЕНУ 

 

13.1. Сүттену жайлы жалпы түсінік. Сүттену кезеңі. 

 

Сүттену  (лактация)  деп  сүттің  түзілуін,  жиналуын  жəне  желіннен 

мезгіл-мезгіл  бөлінуін  айтады.  Лактация  деген  латын  сөзі,  қазақ  тіліне 

аударғанда  сүт  бөлу,  емізу  деген  мағына  береді.  Бұл  процесс  желіннің 

күрделі  қызметінің  арқасында  атқарылады,  сондықтан  желін  сүт  қоректі 

жануарлардың негізгі белгілерінің бірі. Онда жаңа туған төлдің жалғыз ғана 

қорегі  болып  табылатын  сұйық  зат  -  сүт  түзіледі.  Сүттің  құрамында 

организмнің  өсіп-дамуына  қажетті  қоректік  заттардың  барлығы  болады, 

сондықтан ол адам үшін де таптырмайтын тағам болып саналады. 



Сүттену  -  күрделі  физиологиялық  процесс.  Ол  бүкіл  организмнің 

көптеген функционалдық жүйелерінің (ас қорыту, қан айналым, тыныс алу 

т.б.)  үйлесімді  əрекетінің  нəтижесінде  атқарылады.  Осымен  байланысты 

малдың  сүттілігі  тек  желінмен  ғана  емес,  басқа  да  функционалдық 

жүйелердің  даму  деңгейімен  байланысты.  Мəселен,  1  л  сүт  түзілу  үшін 

желін тамырларынан 500 л қан өту керек. 

Аналық  сүт  қоректілерде  төлдегеннен  кейін  желін  қызметінің  басталып, 

сүт  түзу  процесі  тоқтағанға  дейінгі  мерзім  аралығын  сүттену  (лактация) 



кезеңі  деп  атайды.  Жабайы  аңдарда  сүттену  кезеңі  ұзаққа  созылмай,  төлді 

емізу  мерзімімен  шектеледі.  Жануарларда  оның ұзақтығы  əртүрлі.  Мысалы, 

майда  кемірушілерде  бұл  кезең  10–20  күнге  созылса,  кашолоттарда  25  айға 

жетеді.  Малда  сүттену  кезеңінің  ұзақтығы  төлді  өсірумен  ғана  байланысты 

емес,  ол  шаруашылық  талаптарына  сəйкес  қалыптасады.  Мəселен,  сиырда 

сүттену кезеңінің оптимальды ұзақтығы жылына 305, ешкіде 240–300, түйеде  




 

420


300,  қойда  120–150,  биеде  180–210,  мегежінде  60  күн.  Қолдан  сұрыптау, 

мақсатты селекциялық жұмыстар арқылы малдың сүттілігін арттырып,  мол 

өнімді  мал  тұқымдарын  өсіруге  мүмкіндік  бар.  Қазіргі  кезде  ірі  қараның 

көптеген  тұқымдарының  сүттілігі  бұзаудың  сүтке  деген  мұқтаждығын 

толығымен  қамтамасыз  етіп  қана  қоймай,  адамға  қажетті  маңызды  өнім 

береді.  Осымен  байланысты  сүттену  физиологиясын  негізінен  сиыр 

организмінде жүретін процестерге сүйене отырып баяндаймыз.  

Сиырларда  сүттенудің  10–айынан  кейін  сауылатын  сүт  мөлшері  күрт 

төмендейді,  сондықтан  оларды  саууды  тоқтатады.  Мал  жаңа  басталған 

буаздық  əсерінен  организмнің  гормондық  статусының  өзгеруімен 

байланысты суалады. Жаңа басталған буаздықтың 2–4 айынан бастап малдың 

сүттілігі  төмендей  бастайды.  Ал  малдың  суалуы  желіннің  қызметінің 

толастап,  кері  даму  (инволюция)  процесінің  жүруінің  белгісі.  Бұл  кезде 

альвеолалар кішірейіп, кейбір майда сүт өзектері семеді де, желінді май баса 

бастайды.  Желіннің  секрециялау  қызметін  тоқтатуда  нейтрофильдердің 

химиялық факторлары ерекше орын алады. Нейтрофильдер ферменттері без 

альвеолалары  торшаларын  ерітеді,  тамыр  маңында  орналасқан  ұлпа 

торшаларын  біріктіретін  табақшаларды  ажыратып,  альвеола  торшаларына 

қайтымды  тежеуші  əсер  ететін  миелопероксидаза  ферментін  бөледі 

(И.И.Грачев).  Аталған  өзгерістер  жаңа  жыныс  айналымымен  байланысты 

тиылады да, келесі буаздық кезінде желін қайта дами бастайды.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет