Жануар физол


 Желіннің жалпы құрылым принципі



Pdf көрінісі
бет317/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   504
13.3. Желіннің жалпы құрылым принципі 

 

Желін  сүттің  түзілуін  жəне  бөлінуін  қамтамасыз  ететін  көпіршікті  - 

түтікше  безді  орган.  Сырт  жағынан  ол  жұқа  серпімді  терімен  қапталған. 

Желін  май  жəне  тер  бездері  болмайтын,  түгі  жоқ  терімен  қапталған 

емдермен  бітеді.  Терінің  астынан  желінді  құрсақтың  сыртқы  шандырының 

жалғасы болып  табылатын беткей  шандыр  (фасция)  қаптайды да, желіннің 

төменгі  жағында  ол  терең  шандырға  (дəнекер  ұлпалы  жұқа  қабыққа) 

айналады.  Желіннің  оң  жəне  сол  бөліктерінің  арасында  серпімді  дəнекер 

ұлпаның  екі  қабат  қатпарынан  тұратын  аралық  аспа  байлам  болады. 

Желіннің  астыңғы  жағында  ол  ішкі  фасцияға  айналып  желіннің  бүйіріне 

қарай  тарамданады.  Желіннің  бүйір  фасцияларын  аралық  аспа  байламмен 

көптеген  дəнекер  ұлпалық  перделер  жалғастырады.  Бұл  перделер  желінді 

белгілі  бір  пішінде  ұстайды.  Аралық  аспа  байлам  желінді  көтере  демеп 

тұрады (145-сурет). 

Барлық малда желіннің құрылым принципі бірдей. Желіннің безді ұлпасы 

альвеолалар  жиынтығынан  құралған.  Пішіні  жағынан  олар  сопақша 

құрылым.  Альвеолалар  негіздік  мембрана  бетінде  орналасқан  безді 

эпителийдің бір қабат торшаларынан құрылған. Олардың іші қуыс, сыртынан 

дəнекер ұлпалы қабықпен қапталған. 

Альвеолалар  топтаса  келіп  бөлімдер,  ал  олар  өз  ретінде  біріге  отырып, 



бөліктер  құрайды  (146-сурет).  Аталған  құрылымдар  нəзік  дəнекер  ұлпамен 

қапталады.  Альвеолалардан  жалпақ  эпителиймен  астарланған  жіңішке 



бірінші  реттік  өзекшелер  басталады.  Бұл  өзекшелер  тоғыса  келе  желін 

бөліктерінің  өзектерін,  олар  -  желін  бөліктерінің  арнасын  (сүт  арнасын) 

құрайды.  Олардың  диаметрі  бірте-бірте  кеңейе  береді.  Сүт  арналарының 



 

423


бірігуі нəтижесінде сүт жолдары пайда болады. 5–20 сүт жолдары желіннің 

төменгі жағында орналасқан қуысқа - желін цистернасына, ашылады. 



 

145-сурет. Сиыр желінінің  

көлденең қиындысының бейнесі: 

1 – ішперде; 2 - құрсақтың тіке еті; 

3— құрсақтың сары шандыры;  

4— май ұлпасы; 5 — көтерме байлам;  

6 — тері; 7а — вена тамыры;  

7б — артерия тамыры; 8 — паренхима; 

 9 — сүт өзектері; 10 — цистерна (қуыс); 

 11— қуыстың емдік бөлігі;  12 — үрпі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет