424
Ем бойында да көлденең, сəулелі жəне аралас бағытта орналасқан
бірыңғай салалы ет қабаттары болады. Көлденең бағытта орналасқан ет
талшықтары ем арнасы тұсында жақсы дамиды да, сфинктер құрады.
Жалқы немесе егіз төлдейтін жануарларда (сиыр, қой-ешкі, түйе, бие)
шапта орналасқан 1-2 жұп без ғана дамиды. Ал көп төлді жануарларда
(шошқа, ит, мысық, кемірушілер) 10-16 без дамиды да, олар жұп құрап
үйектің екі жағын ала тізбектеле орналасады.
Ем саны без санымен сəйкес болады. Мысалы, сиырда 4 без жəне соған
сəйкес 4 ем болады, қой мен ешкіде – 2 без, 2 ем, мегежінде – 12-16 без дəл
сонша ем. Дегенмен, бұл ережеден ауытқулар да кездеседі. Мəселен, биеде 4
без дамығанымен 2 ем болады, бірақ əр без өзектері сол емдерге жеке-жеке
ашылады да, əр емде екіден үрпі болады.
Сиыр желіні үш жұп бездің бірігуі нəтижесінде пайда болады. Ол
бездердің тек алдыңғы екеуі ғана өсіп-жетіледі де, артқы жұбы дамымай
қалады. Желіннің артқы екі бөлігінің сиымдылығы алдыңғы бөліктерінің
сиымдылығынан көбірек болады. Желінде сүт ем түбінде орналасқан мықты
қысқыш ет көмегімен сақталады. Сүттің желінде сақталуына сүт өзектерінің
құрылым ерекшеліктері де - олардың желін бөліктері мен бөлімшелерін бөліп
тұратын дəнекер ұлпалы перделердің орналасу жағдайына байланысты
кеңейіп-тарылып отыруы, мүмкіндік береді.
147- ñóðåт. Æåëií øèðåãi º½ðûëûñûíû» ñõåì-ñû:
1 — á¼ëiìøåëåð, 2 —-ëüâåîë-ë-ð, 3 — æåëií
á¼ëiêøåñi, 4 —ñ¾т ¼çåãi, 5- îðт-ø- ñ¾т æîëû. 6-iði
ñ¾т æîëû, 7- æåëií ºóûñû, 8- åì ºóûñû, 9- ¾ðïi
425
Желінде сыртқы жыныстық жəне аралықтық артериялар көптеген қан
тамырлар тармағын түзеді. Желін альвеолалары мен жіңішке өзекшелер
сыртында артериолалар, капиллярлар жəне лимфа капиллярларының торы
орналасады. Желін артерияларымен қатарласа веналар орын тебеді де, олар
өзара көпіршелермен жалғасады. Ем веналарында тұйық өсінділер кездеседі.
148-сурет. Желін жүйкелері:
І — бірінші бел омыртқа;
2 — құйымшақ омыртқалар;
3 - мықын -қурсақтық жүйке;
4 - сыртқы ұрықтық жүйке;
5 — шап асты жүйкеі;
6,7 — сыртқы ұрықтық
жүйкенің төменгі жəне
жоғарғы тармақтары;
8 — аралық жүйке;
9 — сезімтал жүйке ұштары.
Вена қаны желіннен екі жолмен - сыртқы жыныстық жəне құрсақтың тері
астарлық венасы арқылы ағады. Желін ұлпасынан сөл ішкі лимфа
тамырлары, ал желін терісі мен емдерден - беткейлік лимфа тамырлары
арқылы ағады. Сүтті сиырларда вена жүйесі өте жақсы дамиды.
Желіннің безді ұлпасы сыртқы ұрықтық жəне мықын-шаптық
жүйкелермен
жүйкеленеді
(148-сурет).
Орталыққа
бағытталған
тітіркеністердің көпшілігі сезімтал түйіндерге осы сыртқы ұрықтық жүйке
арқылы өтеді. Желінге баратын симпатикалық жүйкелер бел мен
құйымшақтық түйіндерден шығады. Олар аталған сыртқы ұрықтық жəне
мықын-шаптық жүйкелер құрамына енеді. Ем түбінде сезімтал жүйке
талшықтары үлкен өрімдер түзеді жəне осы аймақта көптеген биологиялық
белсенді нүктелер (ББН) пайда болады. Соңғы құрылымдардың маңызы əлі
анықталған жоқ. Биологиялық бөлсенді нүктелер қан тамырлары мен жүйке
ұштарынан құралған. ББН-ге ауырсынту əсеріне сезімталдық, оттегіні көп
сіңіргіштік, жақсы электр өткізгіштік қасиеттері тəн. ББН-лер аймағында
гомеостазды реттеуде маңызды рөл атқаратын шырлы торшалар топтасады.
Бұл торшалар гепарин, гистамин, гиалурон қышқылы, серотонин түзу
нəтижесінде зат алмасу процесіне, синапстар өткізгіштігіне ықпал етіп,
биологиялық реттегіш қызметін атқарады. ББН-дің бұл қасиеттерін желіннің
түрлі ауруларын, соның ішінде жемсауды емдеуде пайдалануға болады
(М.Г.Якубов).
Достарыңызбен бөлісу: