Жануар физол


Постнатальдық  маммогенез



Pdf көрінісі
бет316/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Постнатальдық  маммогенез.  Туар  алдында  ұрғашы  бұзаулардың  сүт 

бездерінде  өзектер  мен  цистерналар  (қуыстар)  анық  байқалады.  Болашақ 

паренхима  орнында  май  ұлпасы  пайда  болады.  Бұл  кезде  байлам 

аппараттары  мен  бөлім  аралық  перделер  анық  біліне  бастайды.  Жыныстық 




 

421


жетілуге дейін без айтарлықтай дамымайды, тек қана оның мөлшері май мен 

борпылдақ  дəнекер  ұлпалардың  жинақталуы  нəтижесінде  аз  ғана  үлкейеді. 

Бұл кезде без өзектері көп тармақталмайды (144-сурет, А.) 

Жыныстық  жетілумен  байланысты  желіннің  дамуы  күшейіп,  оның 

өзектері  жəне  сүт жинайтын жүйелері  өсе бастайды.  Бұл кезде  альвеолалар 

мен бөлімшелер жүйелері дами қоймайды, дегенмен əрбір жыныс айналымы 

бұл жүйелердің өсіп-жетілуін күшейте түседі. 10-12 айлық таналар желінінде 

өзектер  мен  қуыстар  маңында  топтасқан  өзекшелер  салалары,  без 

паренхимасының аралшықтары, оны толыстырып тұратын май ұлпасы пайда 

болады (144-сурет, Б.). 

Желіннің безді ұлпасы буаздықпен байланысты қарқынды дами бастайды. 

Буаздықтың  алғашқы  жартысында  өзектер  жүйесі  мен  күрделі  түтікше 

бездердің  дамып,  жетілуі  аяқталады.  Буаздықтың  5-7  айы  аралығында 

желіннің  альвеолалық  құрылымы  (безді  паренхимасы)  қалыптасады,  ал 

буаздықтың  6-8  айлығы  арасында  миоэптелийлік  торшалар  пайда  болады 

(144-сурет,  В,  Г).  Туардан  2-3  ай  бұрын  желін  паренхимасының  торшалары 

май  түйіршектері  бар  секрет  түзе  бастайды.  Əрине,  бұл  уыз  да,  сүтте  емес. 

Желін тек мал туар алдында ғана уыздана бастайды. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Сүт  бездерінің  дамуына  эстрогендер  зор  ықпал  етеді.  Олар  без 

өзектерінің  өсуін, альвеолалар  мен  без  бөліктерінің  дамуын  шапшаңдатады. 

Сары дене гормоны - прогестерон, без өзектерінің өсуін күшейтіп пролактин 

гормонының  түзілуін  бөгейді  (онсыз  сүт  түзу  процесі  жүрмейді).  Желіннің 

өзектік жүйелері жыныстық жетілумен, ал безді ұлпалары - буаздықпен, сары 

дене  қызметімен  байланысты  дамиды.  Мал  төлдеп,  шу  түскен  соң  қан 

құрамында  жолдастан  бөлінетін  эстроген  жəне  прогестерон  мөлшері  күрт 

төмендейді  де,  олардың  гипофизге  тежеуші  əсері  тиылып,  гипофиз 

 

144-ñóðåт.

 Æåëiííi» 

ä-ìó ïðîöåñiíi» 

ñõåì-ëûº    áåéíåñi: 

— 



æûíûñтûº 

æåтiëóãå äåéií:  

I  — ì-é  ½ëï-ë-ðû 

2 — ¼çåêøåëåð;  

3 — öèñтåðí- 

(ºóûñ); Á — 

áó-çäûºтû» îðт- 

øåíiíäå æåëií 

á¼ëiêтåði ìåí 

-ëüâåîë-ë-ðäû» 

ä-ìóû;  Ã — 

á½ç-óë-ð 

-ëäûíä-¹û ê¾é.

 

   



 

      


 

 



 

422


пролактин  гормонын  бөле  бастайды.  Осы  гормонның  əсерімен  желінде 

уыздану  процесі  жүреді.  Пролактинмен  қатар  желіннің  дамуын  қамтамасыз 

етуде  соматотропин  гормоны  да  қатысады.  Бұл  гормон  пролактинсіз-ақ 

сүттену процесін тудыра алады жəне эстрогендер мен пролактиннің желінге 

əсерін  күшейтеді.  Жыныс  гормондары  сүт  безіне  екі  түрлі  жолмен  - 

аденогипофиз гормондарының (СТГ АКТГ, ПРЛ) бөлінуін күшейту арқылы, 

немесе тікелей əсер етеді. 

Кез  келген  мүше  сияқты,  желін  де  өзінің  қалыпты  қызметін  орталық 

жүйке  жүйесі  мен  вегетативтік  жүйкелер  ықпалымен  атқарады.  Желін  өте 

күшті жүйкеленген органға жатады. Оған келетін жүйкелерді қиып тастаса, 

желіннің  өсіп-даму  процестері  бұзылып,  альвеолалар  мен  бөлімшелердің 

қалыптасуы  бөгеледі,  көптеген  альвеолаларда  қуыс  пайда  болмайды,  сүт 

өзектерінің  пішіні  өзгереді  жəне  олар  түлеген  эпителий  торшаларымен 

толады.  Демек,  жүйке  жүйесінің  нəрлендіруші  ықпалы  бездің  қалыпты 

құрылымы мен қызметін қамтамасыз етеді. 

                      



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет