Жануар физол



Pdf көрінісі
бет336/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Сүт  беру  -  күрделі  рефлекторлық  процесс.  Ол  жүйке  жүйесі  мен 

эндокриндік  бездер  əрекеті  нəтижесінде  желін  мен  организмнің  басқа  да 

мүшелерінде  жүретін  функционалдық  өзгерістер  жиынтығы  түрінде 

атқарылады.  Бұл  процесс  екі  кезеңде  -  таза  жүйкелік  жəне  жүйкелі  - 

гуморальдық, өтеді. 



 

442


Төл  емгенде  немесе  мал  сауыла  бастағанда  ем  рецепторларында  пайда 

болған тітіркеніс сыртқы жыныстық жүйкенің сезімтал талшықтары арқылы 

жұлынға  бағытталады.  Жұлыннан  тітіркеніс  екі  бағытта  таралады. 

Біріншіден,  жұлынның  белдік  бөлігінде  тітіркеніс  афференттік  жолдан 

эфференттік  жолға  беріліп,  желінге  кері  бағытталады.  Осының  нəтижесінде 

желіндегі миоэпителий торшалары жиырылып, альвеолалар сығылады да, сүт 

өзектер  мен  желін  қуысына  ығысады.  Бұл  процесс  кезінде  сүт  өзектерінің, 

желін  қуысының,  қан  тамырларының  бірыңғай  салалы  ет  талшықтары  да 

жиырылады.  Осы  құбылысты  -  ию  деп  атайды.  Бұл  кезең  1-2  минутқа 

созылады. 

Екіншіден,  тітіркеніс  жұлынның  өрлеме  жолымен  сопақша  ми  арқылы 

гипоталамустың  супраоптикалық  ядросына  беріледі.  Бұл  құрылымнан 

тітіркеніс  ми  қыртысына  жəне нейрогипофизге  бағытталады.  Нейрогипофиз 

бөлген  окситоциннің  əрекетімен  желін  альвеолаларының  миоэпителийлік 

торшалары жиырылады да, альвеолалық сүт бөлінеді. 

Сонымен,  сүт  берудің  бірінші  -  таза  жүйкелік,  кезеңінде  желін 

рецепторларының қозуынан туындаған тітіркеніс орталық буыны жұлынның 

белдік бөлігінде орналасқан қысқа рефлекторлық доға арқылы сүттің ірі сүт 

өзектері мен желін қуысына бөлінуін қамтамасыз етеді. Сүт берудің екінші - 

нейрогуморальдық  кезеңінде  желіннен  келген  тітіркеніске  жауап  ретінде 

гипофизден  бөлінген  окситоциннің  əсерімен  миоэпителий  торшалары 

жиырылып,  альвеолалар  қуысы  мен  майда  сүт  жолдарындағы  сүт  бөлінеді. 

Сауынды малда  гипофиз  рефлекторлы түрде  желінді  жуған,  уқалаған  кезде, 

төл емгенде, мал сауылғанда қозады.  

Биенің сүт беру кезеңдерінің арасында 23-25 с. созылатын үзіліс болады. 

Шошқада  сүт  беру  рефлексінің  өзіне  тəн      ерекшеліктері  болады.  Сүттену 

кезеңінің  басында  сүт  беру  рефлексі  кез  келген  емді  тітіркендіргенде 

басталса, кейінірек бұл рефлексте латенттік кезең пайда болып, сүт тек қана 

торайлар емген емдерден ғана бөлінеді.   

Сүт  беру  механизмінде  окситоцинмен  қатар  вазопрессин  мен 

ацетилхолиннің де маңызы зор. Олар да миоэпителийді жиырылта алады. 

Күрделі сүт түзу жəне сүт беру процестері ми қыртысының бақылауында 

болады.  Сүт  беру  рефлексі  шартсыз  рефлекторлық  жолмен  де,  шартты 

рефлекторлық  жолмен  де  жүреді.  Дағдылы  сауу  жағдайларымен 

қабаттасатын  əртүрлі  тітіркендіргіштерге  (дыбыс,  жанасу,  бейне,  иіс)  малда 

шартты рефлекстер қалыптасады. Осымен байланысты сүт жолының қысқыш 

еттерінің босаңсуы,  окситоциннің бөлінуі, желіндегі қысымның жоғарылауы 

шартты  рефлекс  түрінде  малды  саууға  дайындай  бастағанда-ақ  байқалады. 

Əртүрлі кездейсоқ əсерлер, малдың дағдылы сауу жағдайының бұзылуы оны  



исіндіреді, сүт беру рефлексін тежейді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет