Жануар физол


 Мал сауудың физиологиялық негіздері



Pdf көрінісі
бет338/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   504
13.9. Мал сауудың физиологиялық негіздері 

 

Сүт бөлу процесінің рефлекторлық түрде жүретінін айтып өттік. Осыған 

байланысты малды қолмен де, арнаулы машинамен де саууға болады. 

Малды  сауғанда  сүттің  бөлінуімен  қатар,  оның  түзілуі  де  күшейеді. 

Мұның  сыры  осы  əрекет  үстінде  бір  мезгілде  желіннің  экстеро-  жəне 

интерорецепторларының  қатар  қозуында.  Экстерорецепторлар  малды  сауар 

алдында  желінді  жуып,  уқалаудың  салдарынан  қозса,  интерорецепторлар 

желіннің сиымдылық жүйесіндегі қысымның төмендеуі нəтижесінде қозады. 

Мал сүттілігін арттыруда сиыр бұзаулағаннан кейін алғашқы 1-1,5 ай бойына 

тəулігіне 4-5 рет жебей сауу əдісін қолданудың физиологиялық негізі бар. Ол 

желін альвеолаларының өсуіне, желіннің жаңа бөлімдерінің іске қосылуына 

ықпал  етеді.  Желінді  малды  сауар  алдында  жəне  сауып  болғаннан  соң 

жақсылап  уқалау  желіннің  секрециялық  элементтерінің  дамуын  күшейтеді. 

Желінді малды сауып болғаннан кейін уқалау нəтижесінде альвеолалар мен 

майда сүт жолдарындағы майлы сүт желін қуысына өтеді. Сондықтан малды 

сарқа сауу сүттің майлылығын арттырады. 

 

Қазіргі күнге дейін сиырды сауу жиілігі физиологиялық тұрғыдан нақты 



негізделмей  отыр.  Егер  малды  сирек  сауса,  онда  желінде  кері  дамуға  тəн 

өзгерістер  байқалады.  Мал  сирек  сауылғанда  желіндегі  қысым  жоғарылап, 

көптеген  альвеолалардың,  тіпті  желіннің  жеке  бөліктерінің  қызметі 

толастайды. Қалыпты жағдайда желіннің сиымдылық жүйесі альвеолалардың 

секрециялық  қызметі  уақытша  тоқтайтындай  деңгейге  дейін  толып,  содан 

соң ол босап отыруы керек. Сол себепті малды тым жиі де, өте сирек те сауу 

физиологиялық  тұрғыдан  дұрыс  емес.  Мал  ерте  суалмау,  сүттену  кезеңі 

ұзару,  малдың  сүттілігі  арту  үшін  сауым  аралығында  желіннің  сиымдылық 

жүйесінің  толық  толғаны  жөн.  Сауым  мерзімін  сүттену  кезеңінің  сатысын, 

малдың  сүттілігін,  оның  желінінің  сиымдылығын  ескере  отырып  анықтаған 

дұрыс.  Желін  сиымдылығын  екі  сауым  аралығында  керней  толған  желінді 

сауу арқылы, ал сүт түзу қарқынын желін сиымдылық жүйесінің толып, сүт 

бөлу процесінің толастайтын уақытымен анықтайды. Сүтті қарқынды түзетін 

сиырларды  жиі  сауған  жөн.  Малды  уақытылы  жəне  дұрыс  сауу  желін 

инволюциясын тудырмай, малды ерте суалудан сақтап, сүттілікті арттырады. 



 

445


Сауу  процесін  желін  тырсиып,  қатайып,  ширығып,  тамырлары  қанға 

толғаннан  соң,  басқаша  айтқанда  мал  иіген  кезде  бастаған  дұрыс.  Осы 

белгілер  жойылмай  тұрғанда  малды  тез  сауып  алған  жөн.  Бұл  кезде  қанда 

окситоцин 

мөлшері 

көтеріліп, 

альвеолалар 

мен 


сүт 

жолдары 


миоэпителийінің  жиырылуы  нəтижесінде  сүт  желін  қуысына  ығысады  да, 

мал толық сауылады. 

Малды  қолмен  сауғанда  төл  емгендегі  қимыл-əрекеттер  толығымен 

қайталанады, бірақ ем маңында вакуум тудырылмайды. Сауу кезінде ем түбі 

бас бармақ жəне сұқ саусақтармен сығылады да, сүт ем цистернасына өтеді. 

Осыдан  кейін  басқа  саусақтармен  ем  қысылып,  сүт  емнен  сығылады. 

Осының  нəтижесінде  ем  мезгіл-мезгіл  сығымдалып,  уқаланады.  Қолмен 

сауған кезде минутына 65 қимыл жасалады. 

Қолмен  сауған  жағдайда  ем  төл  емген  немесе  машина  қондырғысымен 

сауған  кездегіден  күштірек  тітіркенеді  жəне  желін  бөлімдері  сарқыла 

сауылады.  Сондықтан  қолмен  сауу  əдісін  сиырдың  сүттілігін  арттыру, 

малды сүтейту мақсатында пайдаланады. 

Қолмен  сауу  əдісінің  сүт  беру  рефлексінің  табиғатымен  онша  сəйкес 

келмейтінін  де  айтқан  жөн.  Оның  себебі  бір  мезгілде  желіннің  тек  екі 

бөлімінің  сүті  сауылады  жəне  ем  қуысынан  альвеолалар  қуысымен 

салыстырғанда  сүт  баяуырақ  шығарылады.  Альвеолалардан  сүт  толық 

бөлініп үлгерместен миоэпителийлік торшалар босаңси бастайды. 

Сүт  беру  рефлексінің  табиғаты  шаруашьшықта  сүт  сауатын 

қондырғыларды  кеңінен  пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Малды  машинамен 

сауу еңбек өнімділігін арттырып, сауыншылар жұмысын жеңілдетеді, сүттің 

санитариялық  сапасын  жақсартады.  Бұл  əдістің  тиімділігі  -  оның  бір 

мезгілде  сиырдың  төрт  емінен  де  сүт  саууында.  Бір  ем  рецепторлары 

тітіркенгенде  сүт  барлық  емнен,  желіннің  барлық  бөлімдерінен  бөлінеді. 

Егер желіннің əр бөлімін жекелеп сауса, онда соңғы бөлімнен сүт аз шығады 

жəне  оның  майлылығы  төмендейді.  Сондықтан  малды  шапшаң  жəне 

қарқынды  сауу  керек.  Бұл  сүттің  бөліну  механизміне  негізделген.  Сиырда 

окситоциннің  бөліну  жəне  əрекет  ету  мерзімі  4-7,  кейбір  сиырларда  12 

минутқа  дейін  созылады  да,  сүт  беру  рефлексінің  мерзімі  5-7  минутпен 

шектеледі.  Осымен  байланысты  сауу  процесін  окситоциннің  альвеолалар 

аппараты миоэпителийіне əсер ететін мерзімі ішінде аяқтау керек. Сауылып 

болған желінде сауу тостағын артық ұстау да зиян. 

Малды  сауу  жұмыстарын  ұйымдастырғанда  сүттену  кезеңінің  алғашқы 

кездерінде сүттілік өсіп, келесі буаздықтың 2-4 айлық мерзімінен бастап ай 

сайын 5-8 пайызға кеми бастайтынын ескерген жөн. 

Сауу  қондырғылары  мына  төмендегі  талаптарға  сай  болу  керек:  1) 

желіннің рецепторлық аппаратына күші, жиілігі, сапасы жағынан үйреншікті 

əсер  етіп,  қалыпты  сүт  беру  рефлексін  тудыратындай;  2)  қалыпты  жұмыс 

режимінде  желіндегі  қан  айналымын  бұзбайтын,  ауырсыну  түйсігін 




 

446


тудырмайтындай;  3)  мүмкіндігінше  бұзаудың  ему,  сауыншының  сауу 

қимылдарын қайталайтындай; 4) емге тигізетін механикалық əсерлері (сору, 

сығу,  вакуум  деңгейі  т.б.)  малдың  өзіндік  ерекшелеріне  сай  жағымды 

деңгейде  болатындай;  б)  сауылған  сүттің  еркін  ағып  кетуін  қамтамасыз 

ететіндей. 

Жұмыс істеу принципіне қарай сауын машиналары екі жəне үш тактылы 

болып  бөлінеді.  Үш  тактылы  аппараттың  ерекшелігі,  оларда  тыным 

сатысының  болуында.  Үш  тактылы  машина  баяуырақ,  ал  екі  тактылы  - 

шапшаңырақ сауады, бірақ екі тактылы машиналар желінді сарқа саумайды. 

Үш  тактылы  машина  тыным  сатысының  болуымен  байланысты  малды 

исіндірмейді. 

Қазіргі  кезде  сүт  беру  қарқынына  қарай  вакуум  деңгейін  өзгертіп 

отыратын сауын аппараты шығарылған. Мал сауылып болғаннан соң мұндай 

аппараттағы  вакуум  өздігінен  төмендеп,  сауынның  біткені  жөнінде  белгі 

беріледі.  Арнаулы  тетік  аппаратты  əртүрлі  ваккумдік деңгейге  (с.б.  150-250 

ден 340-440 мм-ге дейін) өзгертіп отыруға мүмкіндік береді (Л.И.Тараканов). 

Машинамен  сауудың  нəтижелілігі  тек  сауу  қондырғыларының 

конструкциялары  мен  параметрлеріне  ғана  емес,  малдың  өзіндік 

ерекшеліктеріне  де  байланысты.  Сондықтан  сиыр  мен  биені  машинамен 

саууға  бірте-бірте  үйретеді.  Алғашқы  2-3  күн  малды  сауу  станогында 

азықтандырып,  қондырғы  дыбысына,  ал  одан  кейінгі  2-5  күн  бойына 

машинамен  сауу  процесіне  үйретеді.  Сауын  маусымы  басталардан  1-2  ай 

бұрын  малды  желінді  уқалап,  жууға  дағдыландырады.  Уқалау  нəтижесінде 

желіннің безді ұлпасы дамып, оның бөлімдері жақсы өсіп-жетіледі, ем пішіні 

дұрыс қалыптасады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет