Жануар физол


 Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет373/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

16.2. Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттері 

 

Жүйке  талшықтарына  қозғыштық,  құбылмалылық,  қозу  толқынын 



даралап жəне қос бағытта өткізу тағы басқа қасиеттер тəн. 


 

499


Қозғыштық

. Жүйке талшықтарының қозғыштығы өте жоғары. Миелинді 

талшықтар  миелинсіз  талшықтармен  салыстырғанда  қозғыш  келеді. 

Мəселен, сүт қоректілердің қозғағыш жүйкелерінің хронаксиясы 0,05–0,2 мс 

болса, симпатикалық жүйкеде ол 5 мс. созылады. 



Құбылмалылық

. Жүйке талшықтарының функционалдық құбылмалығы да 

өте жоғары. Оларда қозу толқыны басқа ұлпалармен салыстырғанда шапшаң 

пайда  болып,  тез  өшеді.  Демек,  шеткі  жүйкелерде  қозу  толқыны  аз  ғана 

уақытқа  созылады,  сондықтан  жүйке  талшықтары  өте  жиі  тітіркендіру 

ырғағын  игере  алады.  Жүйке  торшалары  үшін  қозу  толқынының 

максимальдық  ырғағы  секундына  100  тітіркеністен  артпайды,  ал 

оптимальдық  ырғақ  секундына  10–12  тітіркеніс.  Осы  торша  аксоны  үшін 

максимальдық  ырғақ  секундына  300–500  тітіркеніс  болса,  оптимальдық 

ырғақ  100–175  тітіркеніс  шамасында.  Миелинді  жүйкелердің  лабильділігі 

миелинсіз  жүйкелерден  жоғары.  Мысалы,  миелинді  жүйке  талшықтары 

секундына 500-ге дейін қозу толқынын тудыра алады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет