4.6. Лейкоциттер жəне олардың қызметі
Лейкоциттер, немесе қанның ақ түйіршіктері, эритроциттерге қарағанда
ірі торшалар. Олардың денесі торша қабығынан, цитоплазмадан жəне
ядродан тұрады. Лейкоциттердің қандағы саны эритроциттерден 600-800 есе
кем, диаметрі 5-20 мкм. Олардың қандағы сан мөлшері түлік түріне, малдың
физиологиялық күйіне қарай өзгеріп отырады. Мысалы, жылқы қанының
1мм
3
-де 8 (6-10) мың, ірі қарада -8 (5-10), қойда – 9 (6-12), ешкіде- 10 (8- 12),
шошқада – 12 (8- 16), қоянда – 8 (6-12), итте-12 (7-17), тауықта – 20 (18-24)
мың лейкоцит болады.
Лейкоциттердің саны əр түрлі факторлардың əсерінен ауытқып отырады.
Олардың санының көбеюін лейкоцитоз, азаюын – лейкопения деп атайды.
Лейкоцитоз жұқпалы ауруларға шалдыққанда, қабыну процесі жүрген
кездерде байқалады. Лейкоциттер саны кейбір қалыпты жағдайларда да,
мысалы, ас қорыту процесі, дене жұмысы, ауырсынту түйсігін туғызатын
тітіркендіру кезінде көбейеді. Кейбір жұқпалы аурулар (паратиф, шошқа
обасы) лейкопения тудырады.
Организмде лейкоциттер қорғаушы қызмет атқарады. Оларға фагоцитоз
құбылысы тəн (фаго - жеймін, жеу, цито - торша). Сонымен қатар
лейкоциттер əртүрлі қорғағыш денелер түзуге, белокты заттардың алмасуы
кезінде бөлінген уытты өнімдерді залалсыздандыруға қатысады.
Лейкоциттердің қорғаушы қызметі олардың ерекше қасиеттеріне
байланысы. Лейкоциттердің жалған аяқтары (псевдоподий) болады,
сондықтан олар амеба тəрізді қозғалады да, қан капиллярларының
қабырғасынан өтіп, торшалар арасындағы саңлауларда минутына 40 мкм
дейінгі жылдамдықпен еркін жылжи алады. Оларға оң хемотаксис
(химиялық тітіркендіргіш жинақталған жерге қарай жылжу) қабілеті тəн.
Лейкоцит цитоплазмасының құрамында түрлі органикалық заттарды (белок,
54
май, көмірсу) ыдырататын ферменттер кездеседі. Сондықтан олар организмге
енген бөгде заттарды тез тауып, қоршайды да, қарбып алып,
цитоплазмасында қорытып жібереді. Осы құбылысты фагоцитоз деп атаған.
Бұл құбылысты орыс ғалымы И.И. Мечников ашқан. Бір лейкоцит 15-20
бактерияны жұта алады.
Қазіргі деректерге сəйкес фагоцитоз төрт сатыда жүреді: 1- аттракция -
лейкоциттердің бөгде заттарға қарай жылжып, жақындауы; 2-оккупация - ақ
түйіршіктердің бөгде заттарды қоршауы; 3-пиноцитоз - жалған аяқтары
арқылы бөгде заттарды цитоплазмаға тарту, қарбу; 4-лизис - ферменттердің
əсерімен бөгде заттардың ыдырауы, қорытылуы, еруі.
Лейкоциттер цитоплазмасында ерекше түйіршіктердің болу не болмауына
байланысты екі топқа бөлінеді: түйіршікті (гранулоциттер) жəне түйіршіксіз
(агранулоциттер).
Түйіршікті лейкоциттер тобына базофильдер, эозинофильдер жəне
нейтрофилдер жатады.
Базофильдер дөңгелек пішінді, сілтілік бояулармен боялатын торшалар.
Олардың солғын қызғылт-күлгін түсті цитоплазмасында көкшіл түске
боялған ірі түйіршіктері, пішіні тұрақсыз көкшіл-қызғылт түсті ядросы
болады. Базофильдер лейкоциттердің жалпы санының 0,3-0,5 пайызын
құрайды. Олардың түйіршіктерінің құрамында қанды ұйытпайтын гепарин
жəне капиллярларды кеңейтетін гистамин деген заттар жинақталады.
Базофильдер қоректік заттарды да тасымалдайды, сондықтан оларды
трефоциттер (қоректендіргіш торшалар) деп те атайды.
Эозинофильдер - ірі, дөңгелек пішінді торшалар. Олардың цитоплазмасы
қышқыл бояулармен (эозинмен) көгілдір, ал түйіршіктері - қызғылт түске
боялады. Эозинофильдер түрлі токсиндерді залалсыздандырады, бөгде
белоктарды ыдыратады. Олар лейкоциттердің жалпы санының 1-3 пайызын
құрайды.
Нейтрофильдер сілтілік те, қышқыл да бояулармен боялады. Олардың
цитоплазмасы солғын қызғылт, ал түйіршіктері - күлгін қызғылт түсті келеді.
Нейтрофильдер даму сатыларына қарай миэлоциттер (М), балғын (Б), таяқша
ядролы (Т), сегмент ядролы (С) болып бөлінеді. Олардың негізгі кызметі –
фагоцитоз жүргізу жəне микробтардың дамуын тежейтін заттар бөлу. Сан
жағынан нейтрофильдер лейкоциттердің ішіндегі ең көбі, сондықтан да олар
фагоцитоз құбылысында маңызды рөл атқарады.
Лейкоциттердің аталған түрлері сүйек кемігінде түзіледі.
Түйіршіксіз лейкоциттерге моноцит пен лимфоцит жатады.
Моноциттер саны барлық лейкоциттердің 4-8 пайызын құрайды. Олар
сүйек кемігінде, лимфа түйіндерінде жəне дəнекер ұлпаларда түзіледі.
Моноциттердің бұршақ пішінді ірі ядросы болады, цитоплазмасы сұрғылт
түске боялады. Моноциттер организмде қабыну процесі өршіген жерлерге
жиналып, алып торшаларға (макрофагтарға) айналады да, бұзылған
торшаларды, бөгде заттарды, бактерияларды жояды. Моноциттер
55
қышқылдық ортада белсенділік көрсетеді, олардың саны қабыну процесі
өршіген кезде, дерттен сауығу кезеңінде көбейеді.
Лейкоциттердің
жалпы
санының
21-35
пайызын
құрайтын
лимфоциттердің көгілдір түсті цитоплазмасы, торшаның көп жерін алып
жататын қомақты ядросы болады. Лимфоциттер Т - жəне В торшалар болып
дербес екі тармаққа бөлінеді. Олардың түп торшалары сүйек кемігінде пайда
болады да, Т- лимфоциттер өзінің дамуын тимуста (айырша безде), ал - В –
лимфоциттер - лимфа ұлпалары мен ішек қабырғасында (Пейер
шытырмасы, тұйық өсінді, құстардың бітеу қапшығы) аяқтайды. Егер
тимусты алып тастаса, қанда тек В - лимфоциттер ғана кездесетін болады.
Қалыпты жағдайда Т - жəне В - лимфоциттер өзара байланыста қызмет
атқарады. Т - лимфоциттер торшалық иммунитетті қамтамасыз етіп, В -
лимфоциттерге антигендік мəліметтер береді. Ал В - лимфоциттер иммундық
денелерді (иммунглобулиндерді) түзеді. Демек, Т - лимфоциттер
организмдегі
барлық
иммунитеттің
белсенді
факторы
жəне
ұйымдастырушысы. Олар организмдегі антигендермен жанасып, олардың
генетикалық табиғатын анықтайды да, онымен күресетін қорғағыш денелерді
түзудің бағдарын белгілейді. Т - лимфоциттерде фагоцитоз процесін
күшейтетін заттар түзіледі жəне олар организмге жат ұлпалар мен
белоктарды, организмнің өзінің тозған, өлген не өзгерген (мутанттанған)
торшаларын да жойып отырады. Т - лимфоциттер əр түрлі антиденелер
түзетін плазмоциттердің (В - лимфоциттердің) қызметін бағыттап отырады.
Сонымен, лимфоциттер организмнің арнаулы қорғаныстық реакцияларын -
торшалық жəне гуморальдық иммунитеттерді қалыптастырады. Ал,
лейкоциттердің басқа түрлері ішкі орта құрамындағы жалпылама, арнаусыз
қорғаныстық факторларды - фагоцитоз, интерферон, лизоцим, пропердин,
гистамин т.б. биологиялық белсенді заттарды түзу процесін қамтамасыз
етеді.
Жоғарыда лейкоциттердің əрбір түрінің өзіне тəн қызметтері болатынын
атап өттік. Сондықтан лейкоциттердің жалпы санын анықтаумен қатар
олардың арақатынасын зерттеу де қажет. Лейкоциттердің жеке түрлерінің
олардың қандағы жалпы санына
|