49
Қандағы гемоглобин мөлшері калориметрия əдісімен Сали құралы
арқылы анықталады (7-сурет). Қалыпты жағдайда қанда 10-15 г/л гемоглобин
болады. Оның мөлшеріне малдың жасы, жынысы, физиологиялық күйі,
өнімділігі т. б. жағдайлар əсер етеді.
Қандағы гемоглобиннің жалпы мөлшері эритроциттердің гемоглобинмен
қанығу дəрежесіне де байланысты.
Жеке эритроциттердің гемоглобинмен қанығу дəрежесін анықтау үшін
реңдік көрсеткіш (І индексі) пайдаланылады. Ол мына формуламен
есептеліп шырарылады.
қандағы Нb мөлшері (%) эритроциттің қалыпты саны
І=
:
Нb қалыпты мөлшері (%) қандағы эритроциттің саны
Қалыпты жағдайда қанның реңдік көрсеткіші 1-ге тең. Егер ол 1-ден кем
болса, онда эритроцит құрамында гемоглобиннің азайғаны (гипохромия), ал
артса – көбейгені (гиперхромия).
Қазіргі кездегі деректерге қарағанда қанда гемоглобиннің бірнеше түрі
болады. Олар кристалдарының пішінімен, спектрімен, ерігіштігімен,
оттегімен қосылғыштығымен ерекшеленеді. Мысалы, ұрық гемоглобині (Нb-
Ғ - Foetus - ұрық деген сөз) сақа мал қанының гемоглобинімен (Нb-А -
adultus – сақа, ересек) салыстырғанда оттегімен 15% тезірек қосылады. Сақа
мал қанында 0,1-2,0 пайыз Нb-Ғ, 2-2,5 пайыз А
0
, А
1
, А
2
- Нb болады. Сақа
малдың қанында гемоглобиннің 17 түрі болатын көрінеді. Олар бір-бірінен
негізінен глобиннің
α
жəне
β
тізбектеріндегі ақырғы амин қышқылдарының
байланысымен ерекшеленеді. Нb-Ғ құрамында Нb-А - мен салыстырғанда
треонин, серин, гистидин қышқылдары көбірек болады.
Достарыңызбен бөлісу: